|
|
|
«Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының
«Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының 2007 жылға арналған мемлекеттік кадастры бекітілсін. 2. «Азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының 2005 жылға арналған мемлекеттік кадастрын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы № 1429 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 28 желтоқсандағы № 1305 қаулысымен Бекітілген
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының 2007 жылға арналған мемлекеттік кадастры
Кіріспе
Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының 2007 жылға арналған мемлекеттік кадастры (бұдан әрі - кадастр) «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - Заң) және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысымен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарына мемлекеттік кадастрды әзірлеу, шығару және жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес дайындалды және басып шығарылады. Заңның 8-бабына сәйкес кадастр Қазақстан Республикасының аумағында айналымы рұқсат етілген азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы жүйеге түсірілген мәліметтері бар ресми жинақ болып табылады. Кадастрға азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары туралы мәліметтерді енгізу олардың сәйкестігін міндетті түрде растау нәтижелері негізінде жүргізіледі. Сәйкестігін міндетті түрде растауға Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және Қазақстан Республикасынан әкетілетін азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының барлық моделі жатады. Сынақтар сәйкестігін растау, ұсынылған мәліметтердің, құжаттардың және қарудың немесе оның патрондарының үлгілерін тексеру нәтижелерінің негізінде сәйкестікті растау жөніндегі орган бұйымдарды қаруға немесе патрондарға жатқызу туралы шешім қабылдайды және өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) белгілейтін нысан бойынша сәйкестік сертификатын береді. Комитет сертификаттау рәсімінен өткен қарулар мен патрондар туралы сәйкестікті растау жөніндегі орган ұсынған ақпарат негізінде азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондары моделдерінің тізбесін (бұдан әрі - тізбе) жасайды, олар туралы мәліметтер кадастрға енгізіледі. Қарудың моделін (патрондардың үлгісін) тізбеге енгізуден бас тартылған жағдайда және сәйкестік сертификатының қолданылуын тоқтата тұру қажеттілігі кезінде Комитет бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне және сәйкестікті растау жөніндегі органға шешім қабылданғаннан кейін он күн мерзімде жазбаша нысанда хабарлайды. Тізбені Комитет тоқсан сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен бірлесіп бекітеді. Кадастрды Комитет тізбенің негізінде қағаз және магнитті жеткізгіштерде әзірлейді және басып шығарады. Кадастрға енгізілген өзгерістер Комитет белгілеген тәртіппен жарияланады. Кадастр мынадай бөлімдерден тұрады: 1) отандық өндірістің азаматтық қаруы мен оның патрондары; 2) шетелдік өндірістің азаматтық қаруы мен оның патрондары; 3) қызметтік қару мен оның патрондары; 4) сынақ патрондары, үлгілері және қаруды жасау кезінде технологиялық мақсаттарда пайдалануға арналған басқалары. Осы басылымда Нұсқаулықтың 3-тармағында көзделген «Экспорт үшін ғана жасалатын қару мен оның патрондары» бөлімі жоқ, өйткені Қазақстан Республикасында азаматтық және қызметтік қарудың (патрон үлгілерінің) осы түрі шығарылмайды. Кадастрға қару мен патрондар туралы мынадай мәліметтер енгізіледі: 1) отандық өндіріс шығарған: қару мен пайдаланатын патрондар моделінің (патрондар үлгісінің) атауы мен белгіленуі; қару мен патрондардың негізгі техникалық көрсеткіштері; әзірлеуші мен дайындаушының атауы; ол бойынша қару (патрондар) жасалатын (сыналатын) нормативтік құжаттың белгіленуі мен атауы; сынақ жүргізген ұйым (зертхана); үлгінің түрлі-түсті фотосуреті; 2) шетелдік өндіріс шығарған: қару мен пайдаланатын патрондар моделінің (патрондар үлгісінің) атауы мен белгіленуі; қару мен патрондардың негізгі техникалық көрсеткіштері; қару мен патрондарды дайындаушы елдің және фирманың атауы; үлгінің түрлі-түсті фотосуреті; сертификаттық сынақ жүргізген орган (зертхана) (олар Қазақстан Республикасында жүргізілген жағдайда). Шетелдік өндірістен шыққан қару туралы қосымша мәліметтер ретінде орындалу нұсқалары, таңбалануы, сатушы-фирма, техникалық сипаттамасы және басқалар енгізілуі мүмкін. Осы басылым 2006 жылғы 1 қазанға дейін сертификаттаудан өткен азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының үлгілері туралы ақпаратты қамтиды. Кадастр жыл сайын қайта басылады. Кадастрдың түпнұсқасы және бақылау даналары, оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ қарудың модельдерін (патрондардың үлгілерін) кадастрға енгізу туралы құжаттар Комитетте сақталады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |