|
|
|
«Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған жоспары бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министріне жүктелсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысымен бекітілген "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ
Мазмұны
1."Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ-тың жай-күйі мен даму перспективасы 1.2. Рынокты талдау (қызмет саласы) 1.2.1. Ішкі астық рыногын талдау 1.2.2. Әлемдік астық рыногындағы жағдай 1.3.1. 2003-2004 жылдардағы қаржылық-экономикалық қызметтің қорытындысы және 2005 жылы күтіліп отырған нәтижелер 1.3.2. Мемлекеттік астық ресурстары 1.3.3. Мемлекеттік азық-түліктік астық резервi 1.3.4. Мемлекеттік жемдік астық ресурстары 1.3.5. Мемлекеттік тұқымдық ресурстар 1.3.6. Мемлекеттік сатылатын астық ресурстары 1.4. Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму стратегиясына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға сәйкес Корпорация өткізетін іс-шаралар 1.5. 2006 жыл бөлініп көрсетілген, 2006-2008 жылдарға арналған даму жоспары 1.5.1. Мақсаттары мен міндеттерi 1.5.2. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу жолын таңдау 1.5.4. Өндірісті дамыту серпінi 1.5.5. Баға мен тариф саясаты және оның негіздемесi 1.5.6. Әлеуметтік саланы дамыту 1.5.8. Қаржылық нәтижелер және бюджетпен қарым-қатынас 1.5.9. Қызмет көрсетуші банктермен арадағы қарым-қатынас 2. Корпорацияны дамытудың инвестициялық бағдарламасы 2.1. Саладағы инвестициялық ахуалды бағалау 2.2. Инвестициялық артықшылықтар және бағыттар 2.3. Инвестициялық дамыту жоспары 3. Дамытудың маңызды көрсеткіштерi
1. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ-тың жай-күйi және даму перспективасы
1.1. Кіріспе
"Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - Корпорация) миссиясы мемлекеттік астық ресурстарын сақтауды және жаңартуды қамтамасыз ету, сондай-ақ елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған астық пен одан өңделген өнімдер бағасының ішкі конъюнктурасын реттеу болып табылады. Корпорация "Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 260 қаулысына сәйкес оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен акционерлік қоғам ретінде құрылды және Мемлекеттік азық-түлік келісім-шарт корпорациясының құқықтық мұрагері болып табылады. Ұйымдық-құқықтық нысаны акционерлік қоғам түріндегі Корпорация заңды тұлға болып табылады және өз құзыреті шегінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару агентінің өкілдігін жүзеге асырады. Корпорацияның жарғылық капиталы 7491,6 млн. теңгені құрайды және номиналдық құны 1000 теңге жай атаулы акцияларға бөлінген. Корпорация 1997 жылғы 11 сәуірде Алматы қаласының әділет басқармасында тіркелген. "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖАҚ 2004 жылғы 1 сәуірде Астана қаласының Әділет департаментінде "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" АҚ болып қайта құрылды. Корпорация мемлекеттік астық ресурстары мен одан өңделген өнімдерді сатып алу, қалыптастыру, есепке алу, сақтауды ұйымдастыру, жаңарту, ауыстыру, өткізу мақсатында қызмет етеді. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы Корпорацияның рыноктық жағдайға оңтайлы сәйкестігі, сондай-ақ оның қызметінің салалық және функционалдық спецификасына сәйкес қызметкерлердің жұмысын ұтымды құру ескеріле отырып құрылады. Орталық аппараттың ұйымдық құрылымы Корпорацияның рыноктық жағдайға оңтайлы сәйкестігін, сондай-ақ оның қызметінің салалық және функционалдық спецификасына сәйкес қызметкерлердің жұмысын орынды құруды ескере отырып құрылған. Корпорацияны басқарудың ұйымдық құрылымына орталық аппарат, облыстардағы 10 өкілдік және шетелдегі 5 өкілдік жатады. Корпорация төрт еншілес ұйымға және бірлесіп бақыланатын бір кәсіпорындарға қатысушы болып отыр. Корпорацияның еншілес кәсіпорындары - "Ақ-бидай Терминал" АҚ, "Астық қоймалары" ЖШС, "Бидай өнімдері" ЖШС және "Сарапшы аграрлық компания" ЖШС олардың жарғылық капиталына Корпорацияның 100 пайыз қатысуымен акционерлік қоғам және жауапкершілігі шектеулі серіктестік нысанында құрылған. Корпорацияның бірлесіп бақыланатын ұйымдардағы қатысу үлесі "ҚазАстықТранс" ЖШС-те 50 пайызды құрайды. Директорлар кеңесінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы шешімімен бекітілген Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 320 адамды, оның ішінде орталық аппарат 123 адамды құрайды.
Корпорацияның жоғарғы органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы жалғыз Акционер болып табылады. Корпорацияның Директорлар Кеңесінің құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 25 қыркүйектегі № 1051 қаулысымен анықталған. Корпорацияның атқарушы органы Басқарма нысанында қалыптасқан. Бақылау органының қызметін Директорлар Кеңесіне тікелей есеп беретін ішкі аудит қызметі жүзеге асырады. Экономикалық қауіпсіздік қызметін құру жоспарланып отыр. Корпорацияны басқарудың қолданыстағы моделі - Корпорацияның миссиясымен, сондай-ақ оның алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерге байланысты желілік-қызметтік ұйымдық құрылым.
1.2.1. Ішкі астық рыногын талдау Корпорация тұрақты түрде астық пен одан өңделген өнімдерді зерттеу бойынша маркетингтік зерттеуді өткізеді. 2001-2004 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы бойынша астықтың орташа жиналымы салмағы бойынша өңдеуден кейін 14,6 млн.тоннаны құрады. (2001 жыл - 15.9 млн.тонна, 2002 жыл - 16,0 млн.тонна, 2003 жыл - 14,8 млн.тонна, 2004 жыл - 11,7 млн.тонна). Осы кезеңде астықты орташа жылдық экспорты 4,1 млн.тонна деңгейінде белгіленді (2001 жыл - 3,3 млн.тонна, 2002 жыл - 4,4 млн.тонна, 2003 жыл - 5,8 млн.тонна, 2004 жыл - 2,8 млн.тонна). 2004 жылы дәнді дақылдарын егуге арналған егіс алаңдарының көлемі шамамен 14,3 млн.гектарды құрады, бұл 2003 жылмен салыстырғанда 0,4 млн.гектарға көп. Бұл ретте бидайға арналған егіс алаңдары 2003 жылғы 11,3 млн.гектардан 2004 жылы 11,9 млн.гектарға дейін көбейді. 2004 жылы бидай өнімділігі 2003 жылмен салыстырғанда 1 ц/га-ға дейін төмендеді және бір гектардан 9,3 центнерді құрады. Соңғы үш жылғы талдау астықтың қазақстандық ішкі және экспорттық бағасының әлемдік, атап айтқанда ресей және украинадағы бағаға тәуелділігін көрсетеді. Сонымен, 2002 жылы аталған мемлекеттерде егіннің шығымды болуына байланысты бір тонна қазақстан астығының бағасы ішкі рынокта 70 АҚШ долларынан аспады. Алайда 2002/2003 маркетингтік жыл маусымындағы белсенді экспорттық саясаттың және жоғарыда аталған елдерде 2003 жылғы егіннің біршама бөлігін жинай алмаудың салдарынан сұраныс өсіп отырған кезде астықты ұсыну күрт қысқарды. Осыған байланысты 2003/2004 маркетингтік жылы бір тонна қазақстан бидайының бағасы екі еседен артық өсіп қазақстан астығының бәсекеге түсе алуына әсер етті. 2004/2005 маркетингтік жылы қазақстан бидайы бағасының қалыптасуы негізгі экспортшы елдердегі және тікелей Ресей мен Украинадағы баға жағдайына тәуелді болады.
Қазақстан бидайының бағасын ішкі өткізу бағасын қалыптастыру серпінi
кестенің жалғасы
2002/2003, 2003/2004 жылдардағы және 2004/2005 маркетингтік жылға арналған астық балансы
Млн.тонна
* ҚР АШМ мониторингінің деректері бойынша ** есеп деректерінің аймақтардағы астықтың нақты санынан ауытқып берілгені туралы бес облыстың растауына сәйкес деректер түзетілді (Ақмола - 0,6, Ақтөбе - 0,07, Қостанай - 0,5, Павлодар - 0,2, Солтүстік Қазақстан - 0,5 млн.теңге.) *** деректер астықтың санын түгендеудің қорытындысына сәйкес түзетілдi Республикадағы ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі дақылы - өндіру көлемі 2004 жылы шамамен 9,9 млн.тоннаны (2003 жылы 11,5 млн.тонна) құраған азық-түліктік бидай. Еліміздің астық қабылдау кәсіпорындарына сақтау үшін түскен 4,7 млн.тонна көлеміндегі бидайдың сапалық құрамы мынадай болды: 1 сыныпты жұмсақ бидай - 0,3%; 2 сыныпты жұмсақ бидай - 3,2%; 3 сыныпты жұмсақ бидай - 86,3%; 4 сыныпты жұмсақ бидай - 5,7%; 5 сыныпты жұмсақ бидай - 0,8%; сыныпқа жатқызылмаған жұмсақ бидай - 3,7%. Негізгі өндірілетін дақыл - 3 сыныпты жұмсақ бидай маңыздылығы бойынша мына мөлшерде дайындалды: маңыздылығы 23-24% - 1 697 100 тонна; маңыздылығы 25-28% - 1 876 900 тонна; маңыздылығы 28 % - 499 900 тонна; 2003/2004 маркетингтік жыл маусымында қазақстан астығының экспорты шамамен 4,1 млн.тоннаны құрады, 2002/2003 маркетингтік жыл маусымындағы экспорттан 1,3 млн.тоннаға аз (5,4 млн.тонна).
Жалпы рыноктағы Корпорацияның бәсекелестері мен оның үлесi "Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 наурыздағы № 394 қаулысына сәйкес Корпорация мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі жалғыз агент болып табылады және осы салада оның бәсекелестері жоқ. Сонымен қатар Корпорация мемлекеттік астық ресурстарын басқару бойынша оған жүктелген функциялар шегінде астық сатып алуды және ішкі рынокта өткізуді, әрі экспортқа да шығаруды жүзеге асырады. Бұл ретте қызметтің осы түрі бәсекелестік жағдайында жүзеге асырылады. Сыртқы рыноктардағы бәсекелестікті бағалау көбіне жалпы астық саласындағы бәсекелестік басымдықтарға байланысты. Қазақстан жетекші өндіруші елдерге қарағанда өндіріс факторларының бағасы төмен болғандықтан бәсекеге түсу қабілеті жоғары астыққа ие. Австралия, Германия, Канада, АҚШ және Францияда бір тонна астықтың бағасы 80 доллардан 130 долларға дейін болып отырған кезде Қазақстан астығының бір тоннасының бағасы 40-60 долларды құрайды. Астықтың төмен өзіндік құны елдің де, және ондағы компанияларында бағалық бәсекеге түсу қабілетін көтереді. Оның сыртында Қазақстанда бірқатар табиғи артықшылықтар бар - бұл сапалы бидайды өсіру үшін қолайлы ауа райы жағдайы, Сібірдегі, Қытайдағы және Орталық Азиядағы перспективті рыноктарға жақындығы. Одан өзге астыққа деген әлемдік сұраныстың орнықтылығы байқалып отыр, бұл әлемдік тұтынудың алға озуымен байланысты. Ішкі рыноктағы бәсекеге түсу қабілеттігін бағалау саладағы капиталдың топтастырылуына, жаңа компанияларға болатын кедергілерге байланысты. Әлеуетті тапсырушылар бірқатар кедергілерге жолығады - бұл егістік жерлердің, астық сақтайтын қоймалардың шектеулілігі, астықты өндіру мен сату кезінде аса тиімді кең ауқымды өндірісті ұйымдастыру үшін капиталдың жетіспеушілігі. Корпорацияның астық өндірумен айналысатын басқа астық рыногына қатысушыларға қарағанда қауіпке ұшырауы біршама аз. Корпорация сауда операциялары масштабтарындағы экономика есебінен (рыноктағы үлесі 15%) қосымша пайда табады. Сауда қызметін диверсификациялау үшін мүмкіндіктері бар (құрама жем, жанар-жағар май, техникалар, астықты дайындап өңдеу және сақтау қызметін көрсету).
Негізгі клиенттер (тұтынушылар, тапсырысшылар) Корпорацияның негізгі клиенттері болып ауылшаруашылығы тауар өндірушілері - көбіне шаруа қожалықтары; астықты қайта өңдейтін кәсіпорындар; құс және мал шаруашылығы кәсіпорындары; астық трейдерлерi астық қабылдау кәсіпорындары болып табылады. Мемлекеттік ресурстарға астық сатып алуға тапсырыс беруші Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі тұлғасындағы мемлекет болып табылады.
1.2.2. Әлемдік астық рыногындағы жағдай Халықаралық Астық кеңесінің деректері (бұдан әрі - ХАК) бойынша 2004/2005 маркетингтік жылы әлемдік бидай өндірісін бағалау 625 млн.тоннаны құрайды, бұл 2003/2004 маркетингтік жылға қарағанда 70 млн.тоннаға көп. Мұндай көбею көбіне ЕҚ (299 млн.тоннаға), ТМД (24,8 млн.тоннаға), Индия (7 млн.тоннаға), Қытай (4 млн.тоннаға) елдерінде ішкі бидай өндірісінің біршама өсуімен байланысты. Бұл ретте Австралия (5,3 млн.тоннаға) және АҚШ (5,1 млн.тоннаға) секілді жетекші бидай өндіруші елдерде өндірістің қысқаруын атап өту қажет, бұл уақытта қалған елдерде бидай өндірісі ерекше өзгерістерге ұшыраған жоқ. Бидай өндірісі болжамдарына қатысты 2005/2006 маркетингтік жылы мына жайды атап өту керек. Егіс алаңдары және солтүстік жартышардағы дақылдардың қысқы сорттарын егуді дамыту туралы алдын ала жасалған ақпаратты ескере отырып бидай өнімінің көрсеткіштері орташа болады және жалпы алғанда әлемдік бидай өндірісінің көлемі өткен жылғы рекордтық деңгейге қарағанда төмендейді деген қорытындыға келуге болады.
Негізгі астық өндіруші елдердегi бидай өндірісі бойынша деректер
млн.тонна
Жалпы алғанда ХАК 2004/2005 маркетингтік жыл маусымымен салыстырғанда (623,2 млн.теңге) 2005/2006 маркетингтік жылы әлемдік бидай өндірісінің 13,8 млн.тоннаға төмендеуі болжанып отыр.
Бидайды әлемдік тұтыну және оның ауыспалы запастары 2004/2005 маркетингтік жылы бидайды әлемдік тұтыну көлемінің болжамы 604,8 млн.тоннаны құрады, бұл осының алдындағы маркетингтік жыл деңгейінен (611,4 млн.тонна) 6,6 млн. тонна төмен. Бұл ретте бидайды жемдік мақсатқа пайдалану алдыңғы маркетингтік жылы 106 млн.тоннаны құрады, бұл алдыңғы жыл деңгейінен 15 млн. тоннаға жоғары. Сондай-ақ 2004/2005 маркетингтік жылы бидайды жемдік мақсатта әлемдік тұтыну соңғы бес жыл ішіндегі орташа көрсеткіштермен салыстырғанда 8 млн.тоннаға артқанын, бірақ әлемдегі, атап айтқанда ТМД елдеріндегі мал басы одан кейінгі барлық жылдар деңгейінен біршама жоғары болғанда 133 млн.тоннаны құраған 1990/1991 маркетингтік жылғы рекордтық деңгейден біршама төмен болғанын атап өту керек. 2004/2005 маркетингтік жылға арналған әлемдік запастар көлемінің болжамы 137 млн.тоннаны (өткен жылы 125 млн.тоннаны) құрады, бұл соңғы бес жыл ішіндегі бірінші жоғарылау болып табылады.
2004/2005 маркетингтік жылы әлемдік астық рыногындағы бидай саудасы
Әлемдік сауда көлемі 2004/2005 маркетингтік жылы 101,3 млн.тоннаны құрайды. Мұндай көбею Таяу Шығыс пен Тынық мұхит аймағындағы елдердің импорттық тұтынуының өсуімен байланысты. ХАК-тің (ХАК) бидайдың әлемдік саудасы болжамы жаңа маусымда шамамен 108 млн.тоннаны құрайды. Бұл бәрінен бұрын әлемдегі бидай өндірісінің төмен болжамынан туып отыр. Алайда негізгі импортшы Қытай үшін 2005/06 жылы импорт болжамы 3 млн.тоннаға - 4 млн.тоннаға дейін төмендеді. Марокко мен Нигерия үшін бидайды шығару болжамы 0,8 млн.тоннаға көтерілді. ХАК-тың болжамы бойынша жаңа маусымда Аргентинадан бидайды экспортқа шығару 5,1 млн.тоннаға - 8 млн.тоннаға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар ЕҚ-тан экспортқа шығару 2004/05 жылдарға қарағанда 2 млн.тоннаға жоғары болжанып отыр. Қазақстандық және украиндық бидайдың экспорты тиісінше 1,8 және 1 млн.тоннаға өсуі мүмкін. Егер болжамның деректері іске асатын болса, онда бұл Жерорта теңізі бассейнінде бәсекелестіктің күшеюін білдіреді.
Қазақстан астығын экспортқа шығару Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша 2003/2004 маркетингтік жылы қазақстан астығын экспортқа шығару әлемдегі 23 елде 4,1 млн.тоннадан артық астықты құрады, бұл 2002/2003 маркетингтік жылмен (5,2 млн.тонна) салыстырғанда 21%-ға аз. 2003/2004 маркетингтік жылы астықты экспортқа шығару көлемі бойынша Қазақстан 7-ші орын алды. 2003/2004 маркетингтік жылы мына мемлекеттер қазақстан астығының ірі импортшылары болды: Украина - 1809,2 мың тонна, Ресей - 990,1 мың тонна, Әзірбайжан - 644,5 мың тонна, Сауд Аравиясы - 163,1 мың тонна. Жоғарыда көрсетілген көлемнің 437,28 мың тоннасын Корпорация экспортқа шығарды.
Экспорт бойынша Корпорацияның деректерi
тонна
Корпорацияның экспорт саясатының маңызды бағыттарының бірі бұрыннан шығып жүрген өткізу рыноктарындағы айқындаманы нығайту және жаңа рыноктарды игеру болып табылады. Корпорация соңғы жылдар ішінде қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау және астық экспортын кеңейту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізді: 1) бірінші рет, қазақстан астығын экспортқа шығару тарихында Грузияға шамамен 8,0 мың тонна астық тиеп жіберілді. Түркияға астық жіберу қайтадан жандандырылды. 2003/2004 маркетингтік жылы ең ірі астық сатып алушы 303,5 мың тонна астықты импортқа алған Украина болды; 2) 2004 жылы қазақстан астығының экспортын кеңейту жоспарының шеңберінде шет елдік астық компанияларымен, трейдерлермен белсенді түрде байланыс орнатып, өткізу рыногын зерттеп отыратын Корпорацияның Өзбекстанда, Ресейде, Иранда және Қытайда шет елдегі өкілдіктері құрылды; 3) Иранда азық-түліктік астықпен өзін-өзі қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылғанына, соған сәйкес осы бағытқа астықты экспортқа шығару бұдан былай қысқарғанына қарамастан Иран Қазақстан Республикасымен серіктестік қарым-қатынасын сақтап отыр. Атап айтқанда, үкіметаралық деңгейде екі мемлекет 1 млн.тоннаны ауыстыру бойынша SWAP сапалы операцияларын өткізу мүмкіндігі туралы ниеттерін білдірді. Бағалық және қалалық өтеу механизмі реттелгеннен кейін Қазақстанның Иран аумағы арқылы Солтүстік Африка мен Парсы шығанағы елдеріне астық тиеп жіберу мүмкіндігі пайда болады; 4) Ақтау портындағы астық терминалының иесі болып табылатын "Ақ-бидай Терминал" АҚ 2004 жылы пайдалануға енгізілген мезеттен бастап бірінші рет 14 мың тонна астықты өткізуді жүзеге асырды.
1.3. 2003-2005 жылдардағы өндірістік-қаржылық қызметтi талдау
1.3.1. 2003-2004 жылдардағы қаржы-шаруашылық қызметінің жиынтығы және 2005 жыл ішінде күтілетін нәтижелер 2003 жылғы дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) сатудан түскен жалпы табыс 34602,8 млн.теңгені құрады, оның ішінде: - мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан түскен табыс - 9284,9 млн. теңге; - өз қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты табыстар - 25317,9 млн. теңге. 2003 жылы жалпы шығыстар 33431,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде: - мемлекеттік астық ресурстарын басқарудан болған шығыстар - 9243,4 млн.теңге; - өз қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты шығыстар - 24188,3 млн.теңге, оның ішінде әкімшілік шығыстар - 405,8 млн.теңге. 2003 жылғы салық салынатын табыс 1171,2 млн.теңгені құрады. Корпоративтік табыс салығына байланысты шығыстар 385,6 млн.теңгені құрады. Таза табыс 785,6 млн.теңгені құрады, оның ішінде: мемлекеттік ресурстарды басқаруға байланысты 12,3 млн.теңге, өз қызметі бойынша таза табыс 773,3 млн.теңге. 2003 жылы бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2003 жылы бюджетке 705,7 млн.теңге сомасында салықтар мен басқа міндетті төлемдер аударылды, оның ішінде корпоративтік табыс салығы 550,6 млн.теңге, әлеуметтік салық 74,1 млн.теңге, жер салығы 1,4 млн.теңге, мүлік салығы 2,87 млн.теңге сомасында, көлік салығы - 1,51 млн.теңге, жеке табыс салығы 74,2 млн.теңге, өзге салықтар мен алымдар - 1,02 млн.теңге. 2004 жылы 2003 жылдың қорытындысы бойынша Корпорация республикалық бюджетке 386,6 млн.теңге сомасында дивидендтер аударды, бұл 2002 жылғы көрсеткіштен 2,1 есе асып түседі және таза табыстың өсуімен байланысты.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |