|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп тану туралы (2023.17.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қаңтардағы № 41 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2008 жылғы 27 тамыздағы № 776 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Жекелеген акционерлік қоғамдарға банктік қызмет көрсету мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 316 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 10, 94-құжат): көрсетілген қаулыға қосымшада: реттік нөмірі 9-жол алынып тасталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2023.17.07. № 602 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. ҚР Yкiметiнiң 2015.31.12. № 1185 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2009.13.07. № 1060 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. «Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 шілдедегі № 645 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 25, 257-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешенді мамандандырылған ұйымдардың қатысуымен қолдау ережесінде: бүкіл мәтін бойынша «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 822 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 33, 357-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең): «Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі» деген 5-бөлімде: «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға арналған бюджеттік инвестициялар» деген кестеде: реттік нөмірі 20-жолдың 6-бағанында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде: Мазмұнында «2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «2007 - 2009 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»; бірінші абзацта «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1344 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 9. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 тамыздағы № 753 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 32, 354-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2008 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында: көрсетілген қаулымен назарға алынған «Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімде: Мазмұнында «2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген бөліктегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компаниялардың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары мен негізгі көрсеткіштерінің болжамы» деген 6-бөлімнің бірінші бөлігіндегі «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «2008 - 2010 жылдарға арналған перспективалар» деген кіші бөлімде: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ» тарауында тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»; бірінші абзацтағы «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; «Ұлттық компанияларды дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған негізгі көрсеткіштері» деген кестенің 1-бағанындағы «Азық-түлік корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» деген сөздермен ауыстырылсын. 10. «Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 қарашадағы № 1105 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстанды өз тыңайтқыштарымен толыққанды қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 10-жолдың 2-бағанында, 2) тармақшасында «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» деген сөздер «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» деген сөздермен ауыстырылсын; реттік нөмірі 10-жолдың 4-бағанында, 2) тармақшасында «АКК» деген аббревиатура «АКК» ҰК» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; аббревиатуралардың толық жазылуында: «АКК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» акционерлік қоғамы» деген сөздер «АКК» ҰК» АҚ - «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. ҚР Yкiметiнiң 2015.31.12. № 1185 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |