|
|
|
«Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы (2011.06.04. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашадағы № 696 Қаулысымен күші жойылды
Ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Kazsatnet» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын. 2. Қоғам қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін: Қазақстан Республикасының ұлттық спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесі саласындағы ағымдағы, ұзақ мерзімді, салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу; Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының деректерін спутниктік беру желісін құру және пайдалану; Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде деректерді беру қызметтерін ұсыну; әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешуге және ақпаратты қорғаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз етуге бағытталған тиімділігі жоғары ақпараттық технологияларды құру; деректерді беру саласында ғылымды қажетсінетін технологияларды құру жөніндегі ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды жүргізу. 3. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі заңнамада белгіленген тәртіппен: Қоғамның жарғылық капиталын республикалық бюджет есебінен 1425000000 (бір миллиард төрт жүз жиырма бес миллион) теңге мөлшерінде қалыптастыруды; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 1-тармағында көзделген мәселелерді реттеуге бағытталған қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуді қамтамасыз етсін. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: Қоғамның Жарғысын бекітсін және әділет органдарында оның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігіне берсін; осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірi 21-78-жолмен толықтырылсын: «21-78. «Kazsatnet» ҰК» АҚ». 2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 278-1-жолмен толықтырылсын: «278-1. «Kazsatnet» ҰК» АҚ». 3. ҚР Үкіметінің 2011.06.04. № 377 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |