|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының күші жойылды деп тану туралы (2015.01.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне табиғи монополиялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 5 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. «Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарының Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 сәуірдегі № 276 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2006 ж., № 13, 122-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 22 қыркүйектегi № 900 қаулысымен бекітілген
1. ҚР Үкіметінің 2015.01.09. № 727 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 34-1) тармақшамен толықтырылсын: «34-1) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келісу;». 3. ҚР Үкіметінің 2009.23.10. № 1654 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 943 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 8. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережеде: 11-тармақ мынадай мазмұндағы 18) тармақшамен толықтырылсын: «18) табиғи монополиялар субъектілерінің шикізат, материалдар, отын, энергия шығыстарының техникалық және технологиялық нормаларын келіседі.».
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |