|
|
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және (2007.24.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1272 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ҚР Үкіметінің 2007.27.08. № 739 (бұр.ред.қара); 2007.24.12. № 1272 (бұр.ред.қара) Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері болып тағайындалсын. 2. Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі міндетінен босатылсын. 3. ҚР Үкіметінің 2007.24.12. № 1272 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы № 90 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесi
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 2 шілдедегі № 643 қаулысы. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері және Басқарушылар Кеңестеріндегі Қазақстан Республикасының өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысы. 3. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы № 523 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |