|
|
|
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін (2006.30.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 ж. 27 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса беріліп отырған білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2006.30.03. № 216 қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді. 2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау - тиісті білім беру деңгейінде олар көрсететін білім беру қызметінің мемлекеттік жалпы міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында жүргізілетін рәсім. 3. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудың негізгі қағидаттары объективтілік, міндеттілік, мерзімділік және жариялылық болып табылады. 4. Мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын сақтауын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
2. Мемлекеттік аттестаттауды жүргізу тәртібi
5. Білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы мен мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының талаптарын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау, тұтастай алғанда, білім беру ұйымы бойынша, бұдан басқа кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдары үшін, сондай-ақ мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде де жүзеге асырылады. 6. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын қоспағанда) кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын, сондай-ақ кәсіптік орта білімнің білім беру бағдарламаларын және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы ұйымдастырады және өткізеді. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі және жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын, арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады. Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білімнің негізгі және қосымша бағдарламаларын, мамандандырылған және арнаулы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді облыстың жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады. Жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе жалпы орта білімнің негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын (арнаулы және мамандандырылған білім беру бағдарламаларын, спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру бағдарламаларын қоспағанда) іске асыратын заңды тұлғаларды, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды жүргізуді ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы ұйымдастырады. 7. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау жоспарлы тәртіппен бес жылда бір рет өткізіледі. Білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары үшін көзделген тәртіппен білім беру ұйымының құрамында өткізіледі. Алғашқы мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған: 1) жалпы бастауыш, жалпы негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін; 2) кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында тиісті деңгейдегі мамандардың бірінші бітіруінен кейін бір жылдан кешіктірмей; 3) мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдарда үш жылдан кейін өткізіледі. 8. Аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім алушылардың саны Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген шекті саннан асатын білім беру ұйымдары кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға жатады. 9. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі туралы нұсқаулықтарды, мемлекеттік аттестаттаудың бағдарламалары мен көрсеткіштерін, сондай-ақ білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кезінде қажетті құжаттардың тізбесін өзінің құзыретіне сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы әзірлейді және бекітеді. 10. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды құрамын өзінің құзыреті шегінде тиісті атқарушы орган бекітетін аттестаттау комиссиясы өткізеді. 11. Аттестаттау комиссияларының құрамына: 1) білім беру саласындағы тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері; 2) қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың, сондай-ақ кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беретін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде өздерінің құзыретіне қарай мүдделі орталық атқарушы органдардың өкілдері; 3) білім беру ұйымдарының өкілдері және Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері кіреді. 12. Аттестаттау комиссиялары мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы орталық атқарушы орган, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары бекітетін білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестесіне қатаң сәйкестікпен әрбір білім беру ұйымы үшін 10 күннен аспайтын мерзімде жүргізеді. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары аталған мерзімді аттестаттау комиссияларының дәлелді өтінішінің негізінде, бірақ үш күннен аспайтын мерзімге ұзартуға құқылы. 13. Мемлекеттік аттестаттау кестелері білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау басталардан үш ай бұрын жеткізіледі. Бекітілген мемлекеттік аттестаттау кестелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, білім беру ұйымдары ол туралы осы тармақтың бірінші абзацында белгіленген мерзімде хабардар болулары тиіс. 14. Мемлекеттік аттестаттау кестелеріне сәйкес мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органына немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына құжаттар ұсынады. 15. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жүргізуге арналған шығыстар бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 16. Аттестаттау комиссияларының шешімдері олар шығарылғаннан кейін он күннен кешіктірмей өз құзыреті шегінде тиісті атқарушы органдардың бұйрықтарымен бекітілуге тиіс. Аттестаттау комиссиясы мынадай дәлелді шешімдер қабылдауға құқылы: 1) аттестатталсын; 2) аттестатталмасын. Білім беру ұйымын "аттестатталсын" деген шешім, егер: 1) білім беру қызметі тиісті білім беру деңгейінің жалпы міндетті мемлекеттік стандарттарының талаптарына және білім беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына толық сәйкес болса; 2) білім алушылар өздерінің білімдерін тексеру нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы нормативтік белгілеген өту деңгейінен жоғары баға алса, қабылданады. "Аттестатталмасын" деген шешім білім беру ұйымы мемлекеттік аттестаттаудың көрсетілген шарттарының ең болмағанда біреуін орындамаған жағдайда қабылданады. Аттестаттау комиссияларының шешімдері атқарушы органдардың қайта қарауына жатпайды. 17. Кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының тиісті білім беру деңгейінің жалпы міндетті мемлекеттік стандарттарын орындамағаны және білім беру қызметін жүргізу құқығына арналған лицензияда қамтылған талаптарды орындамағаны туралы куәландыратын аттестатталмау фактісі білім беру ұйымының аттестатталмаған мамандықтары бойынша лицензиясын қайтарып алу үшін және қайтарып алынған лицензиялардың лицензиарға қайтарылу сәтіне дейін білім беру ұйымы лицензиясының қолданысын тоқтата тұру үшін негіздеме болып табылады. 18. Білім беру ұйымдары аттестаттау комиссияларының шешімдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады. 19. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |