Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар мен енгізу туралы (2009.14.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен күші жойылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес және «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 56-ө өкімін іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/35 бұйрығына (Мемлекеттік сатып алу бюллетенінде 31.03.2007ж., № 61 жарияланған, Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 4576 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: осы бұйрықпен бекітілген Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына берілетін лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесінде (бұдан әрі - Ереже): 5-тармақтың 12-абзацында «салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген Ережеге қосымшада: 11-бағанның атауындағы «Салық төлеушінің тіркеу нөмірі» деген сөздер «Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) немесе бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН)» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Туризм және спорт министрінің 2009.14.12. № 01-01-07/217 Бұйрығымен күші жойылды (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|