|
|
|
Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы
ҚР Туризм және спорт министрінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 02-02-18/255 бұйрығымен күші жойылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған: 1) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың нысаны осы бұйрықтың 2 және 3-қосымшаларына сәйкес бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Ойын бизнесін ұйымдастырушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 ақпандағы № 1-2/36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 16 наурыз, № 4577 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2007 жылғы наурызда жарияланған); 2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы № 1-2/112 бұйрығының 2-тармағы (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде, № 4797 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілері Бюллетені, 2007 жылғы тамызда, № 8 жарияланған). Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |