Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша
Осы редакция 2007 жылғы 11 қыркүйектегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы және кіріспе өзгертілді Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына,2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ өзгертілді 1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы № 1127 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбына өзгеріс енгізілді Бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығына сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-1 тармақпен толықтырылды ; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 1-1-тармақ өзгертілді 1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 1-2 тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен 1-2 тармақ өзгерді 1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгiлеу мемлекеттік орган басшысы - республикалық бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi не оны алмастыратын тұлғаның шешiмi бойынша жүргiзіледi деп белгіленсiн. 2. Қазақстан Республикасы органдарының басшылары бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар. 3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер: 1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау; 2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері; 3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін; 4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау; 5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау; 6) мерейтой, мереке күндері; 7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу; 8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады. 1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде; 2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса; 3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді. Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу шарттары 5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу: 1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, уақытша болмаған қызметкердің функцияларын орындағаны; 2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері; 3) мемлекеттік тілді білгені және меңгергені - егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды және басқа да нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлегені үшін жүзеге асырылады. Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін. 6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде: 1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы; 2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін. 7. ҚР Үкіметінің 2004.15.11.№ 1197 қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара)
Материалдық көмек көрсету ережелері ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред. қара) 8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай: 1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; 2) некеге тұру; 3) бала туылған, бала асырап алған; 4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам); 5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру; 6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады. Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу тәртібі 9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде орган басшысының бұйрығымен жүргізіледі. Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*. ____________________ * Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін. 10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі. 11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша органның басшысы қабылдайды. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара); ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 12-тармақ өзгертілді 12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттік бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен (бұр.ред. қара) ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады: 1) жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде: - ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар; - елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар; - үй-жайларды жалдауға ақы төлеу; - коммуналдық қызметтерге ақы төлеу; - байланыс қызметіне ақы төлеу; - көлік қызметіне ақы төлеу; - электр энергиясына ақы төлеу; - жылуға ақы төлеу; - ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу; - өзге де қызметтер; - ерекше шығыстар; - өзге де ағымдағы шығыстар; 2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде: - негізгі жалақы; - өтемақы төлемдері; - әлеуметтік салық; - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар; - өзге де тауарларды сатып алу; - қосымша ақшалай төлемдер. ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1385 қаулысымен тараумен және 15-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 13.05.04 ж. № 532 қаулысымен (бұр.ред. қара) тақырыбы өзгертілді Мемлекеттік органдар орталық аппараттарының мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға көзделген мемлекеттік бюджет қаражаты есебiнен сыйлықақы төлеу тәртібі 15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттік бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттік органның басшысы - бюджеттік бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi. |