|
|
|
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы (2023.04.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 236 Қаулысымен (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 10-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидалары
ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 454 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Осы Қағидалар «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» 2007 жылғы 4 маусымдағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (бұдан әрі — Конституциялық заң) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасы және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі;
ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде көтеріледі (тігіледі, орналастырылады): 1) Қазақстан Республикасының Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының, мемлекеттiк ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында және болатын мемлекеттiң протоколдық практикасына сәйкес көлiк құралдарында - ұдайы; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелері басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде - ұдайы; 3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық және жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы; 4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты жағдайда; 5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда; 5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайларда (үй-жайларының бір бөлігінде). 6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да қозғалыс құралдарында; 7) Қазақстан Республикасында тіркелген кемелердің бұлқынындағы ту ретінде, белгіленген тәртіппен; 8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдері мен кемелерінде әскери жарғыларға сәйкес; 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері күндерінде, ант қабылдау кезінде; 10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде; 10-1) халықаралық ұйымдар өткізетін рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шаралар кезінде; 11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде; 12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2020.27.11. № 801 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Жеке және заңды тұлғалар патриоттық сезімін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің және оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, оның көлеміне қарамастан, ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ұлттық стандарттардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды. ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 454 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1), 4) тармақшаларында, 14-тармағында көрсетілген ғимараттарда тұрақты орнатылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы тәуліктің қараңғы уақытында жарықтандырылуы тиіс. 6. Ұлттық аза тұтуға байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы аза тұту мерзімі ішінде ту тұғыр биіктігінің жартысына дейін төмен түсіріледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген лауазымды тұлғалардың кабинеттеріндегі, залдардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы (1 х 2 метр өлшеммен) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сол жағында (тігіледі) орналастырылады. 8. ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 454 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Халықаралық форумдарды өткізу, сондай-ақ осы Қағидалардың 2-тармағының 5) және 12) тармақшаларында көрсетілген Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет мемлекеттердің мемлекет басшыларымен, парламенттері мен үкіметтерінің басшыларымен кездесу кезінде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хаттамасында және осы Қағидада көрсетілген тәртіппен көтеріледі (тігіледі, орналастырылады). ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 10) және 11) тармақшаларында көзделген рәсімдер және салтанатты іс-шаралар кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы ту тұғырдан көтеріледі, ту тұғыр жоқ болған жағдайда: құрамында үш адам ту ұстаушы және екі сүйемелдеушісінен құралған ту көтеру тобының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын әкелу және әкету рәсімі пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 10-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 10-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10-1. Осы Қағидалардың 2-тармағының 10-1) тармақшасында көзделген рәсімдер, салтанатты және спорттық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Конституциялық Заңға, сондай-ақ сол мемлекеттік хаттамалық практикасына және жергілікті салт-дәстүрлерге сәйкес орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 10-2-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 454 Қаулысымен 10-2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-2. Спорт түрлері бойынша қоғамдық бірлестіктер, бас жаттықтырушылар спорттық іс-шараларды ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібінің сақтауын қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 10-3-тармақпен толықтырылды 10-3. Шетелдік спортшылардың (командалардың) қатысуымен өтетін жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өкілдері спорттық жарыстардың жүлдегерлері болып табылатын қатысушы мемлекеттердің мемлекеттік тулары салтанатты түрде көтеріледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мінген қозғалыс құралдарында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туы ту тұғырдан (мачтада) көтеріледі. 12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, шет мемлекеттердің, қоғамдық бірлестіктердің және басқа да ұйымдардың туларымен бір мезгілде көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының көлемі басқа тулардың көлемінен кіші болмауға тиіс. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа тулардан төмен орналастырылмайды. 13. Тулардың тақ санын бір уақытта көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ортасында, ал жұп санды, бірақ екеуден көп туларды көтергенде (тіккенде, орналастырғанда) ортадан солға қарай орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 13-1-тармақпен толықтырылды 13-1. Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерді, консулдық мекемелерді, халықаралық ұйымдарды және (немесе) олардың өкілдіктерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік ұйымдар мен өкілдіктер пайдаланатын шет мемлекеттердің тулары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туымен бір мезгілде орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2019.28.06. № 454 Қаулысымен 13-2-тармақпен толықтырылды 13-2. Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі ғимараттарда, үй-жайларда (үй-жайлардың бөлігінде) орналастырылатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ұлттық стандартқа сәйкес әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіреберістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуы тиіс. ҚР Үкіметінің 2009.27.01 № 63 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2020.27.11. № 801 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 14-тармақ өзгертілді 14. Заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын осы Қағидаларға сәйкес бір қабатты және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулет ерекшеліктерін ескереді және мынадай параметрлерді пайдаланады: 1) ҚР Үкіметінің 2009.27.01 № 63 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 2) 1, 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Мемлекеттік Ту (1 х 2 метр өлшеммен) ғимараттың төбесінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады; 3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (1,5 х 3 метрден 2x4 метрге дейін өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1x2 метр өлшеммен) орналастырылады; 4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттік Ту ғимараттың төбесінде немесе фронтонында (2x4 метр және одан жоғары өлшеммен) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (1 х 2 метр өлшеммен) орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.28.12. № 1082 Қаулысымен (2023 ж. 20 қаңтарда бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15-тармақ өзгертілді 15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде: 1) Қазақстан Республикасы Президентi Резиденциясының, Парламенттің, Сенат пен Мәжiлiстің, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң құрамаларының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшiлiктерiнiң, халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкiлдiктерiнiң, сауда өкiлдiктерiнiң, шетелдегi басқа да ресми мекемелерiнiң, шетелдегi мекемелерiнiң басшылары резиденцияларының ғимараттарында - ұдайы; 2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Парламентi палаталары төрағаларының, Премьер-Министрдiң, Мемлекеттiк кеңесшінің, Конституциялық Сот Төрағасының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының және жергiлiктi соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлiнiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерi басшыларының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi басшыларының кабинеттерiнде - ұдайы; 3) Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасының Парламенті палаталарының, Үкіметтің үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырыстары залдарында, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы; 4) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған экспозиция үшін бөлін ген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде) орналастырылады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы орналастырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарына арналған экспозиция үшін бөлінген үй-жайлар (үй-жайлардың бір бөлігі) әсем безендірілуге және шаруашылық-тұрмыстық бөлмелерден, кіре берістен және киім ілетін бөлмелерден алыс орналасуға тиіс. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 16-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16. Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Елтаңбаны және оның бейнесін пайдалану (орнату орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда айқындалады. 17. Ғимараттарға тұрақты тігілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына тәуліктің қараңғы мерзімінде жарық түсіп тұруға тиіс. ҚР Үкіметінің 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы оның көлеміне қарамастан ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. 19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдар елтаңбаларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы (диаметрі 500 миллиметр) кабинеттерде лауазымды тұлғаның жұмыс орнының арт жағындағы қабырғаға, осы Қағидалардың 15-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген залдарда төрағалық етуші отыратын орынның арт жағында орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2009.27.01 № 63 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.30.11. № 1528 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ өзгертілді 21. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын бір және (немесе) көп қабатты ғимараттарда экстерьерлі нұсқада орналастыру кезінде ғимараттың сәулеттік ерекшеліктері ескеріледі және мынадай өлшемдер пайдаланылады: 1) бір қабатты ғимаратта Мемлекеттік Елтаңба (диаметрі 500 миллиметр) ғимараттың жабу деңгейінде немесе фронтонында немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада орналастырылады; 2) 2, 3, 4, 5 қабатты (20 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 1-ден 1,5 метрге дейін) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады; 3) 6, 7, 8, 9 қабатты (30 метрге дейін) ғимараттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 2 метр) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (диаметрі 500 миллиметр) орналастырылады; 4) 9 қабаттан жоғары (30 метрден жоғары) ғимараттарда Мемлекеттік Елтаңба соңғы қабаттың жабу деңгейінде немесе фронтонында (диаметрі 3 метр және одан жоғары) немесе ғимаратқа кіреберіс маңдайшада (500 миллиметр диаметрмен) орналастырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.28.06. № 454 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда 4-тарау. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының, Мемлекеттік Елтаңбасының бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі
ҚР Үкіметінің 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 22-тармақ өзгертілді 22. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі міндетті түрде: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламенттiң, Үкiметтiң, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының және жергiлiктi соттарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерiнiң веб-сайттарында; 2) Қазақстан Республикасының әуе кемелерінде, сондай-ақ ғарыш аппараттарында орналастырылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Осы Қағидалардың 20-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген әуе кемелерінде, ғарыш аппараттарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі борттық айырым белгісі ретінде қолданылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды 23-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігін қолдану мақсатында материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды. 24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі қоғамдық бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде қолданылмайды. 25. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының бейнесі мемлекеттік наградалардың, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкноттары мен монеталарының элементі немесе геральдикалық негізі ретінде пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1187 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2017.08.06. № 350 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 103 Қаулысымен (2023 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.17.03. № 236 Қаулысымен (2023 ж. 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 26-тармақ өзгертілді 26. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының бейнесі міндетті түрде: 1) Қазақстан Республикасының Президентi мен оның Әкiмшiлiгiнiң, Парламенттiң, оның палаталары мен олардың аппараттарының, Қазақстан Республикасының Парламентi палаталары бюроларының, Үкiметтiң және Үкімет Аппаратының, министрлiктер мен Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық бөлiмшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергiлiктi соттарының, Қарулы Күштердiң, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар құрамаларының, әскери бөлiмдерiнiң, бөлiмшелерi мен мекемелерiнiң, жергiлiктi өкiлдi, атқарушы органдардың және өзге де мемлекеттiк ұйымдардың мөрлерi мен құжаттарының бланкiлерiнде;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |