|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2023.25.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 ақпандағы № 103 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын бағдарламалардың әкімші-мекемелерінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 желтоқсандағы № 1335 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, орталық атқарушы органдар әкімшілік ететін бағдарламалар мен кіші бағдарламалардың тізбесінде: «637 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «637 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты»; көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық бағдарламаларды орындайтын, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ заңға сәйкес мемлекеттік мекемелер етіп қайта тіркеуге жататын мекемелердің тізбесінде: «32 Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «32 Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты». 2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 қазандағы № 873 қаулысында: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |