«2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
Осы редакция 2007 жылғы 7 қарашадағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 442, 443, 444, 445, 446, 447-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 442-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты рәсімдерді орындауға қатысу» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2007.13.07. № 597 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Құны: 1 713 221 мың теңге (бір миллиард жеті жүз он үш миллион екі жүз жиырма бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі:«Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы; «Мемлекеттік протоколды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығы; «Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы № 352 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күзетілетін адамдардың саны 8 дейін; күзетілетін объектілердің саны - 10; өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95; Түпкі нәтиже: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз; қару-жарақпен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз; әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз; технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі қамтамасыз етілуі - 80 пайыз; Қаржы-экономикалық нәтиже: - мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2052 мың теңге; - мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 806 мың теңге; Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына «қанағаттанған» күзетілетін адамдар - 100 пайыз
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 443-ҚОСЫМША
678-ң Казақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Республикалық ұлан объектілерін салу» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 546435 мың теңге (бес жүз қырық алты миллион төрт жүз отыз бес мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: - Алматы қаласында 60 отбасына арналған Республикалық ұлан жатақханасының құрылысын салуды аяқтау. - Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлік тұрғын үй кешені құрылысының жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу және құрылысын салу (атқарылған жұмыстың көлемінің 50 пайыз). Түпкі нәтиже: республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін пайдалануға беру. Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 444-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 59603 мың теңге (елу тоғыз миллион алты жүз үш мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 13433; 1997-1998 жылдардың сыйақысын алған әскери қызметшілердің саны - 16 ад. Түпкі нәтиже: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 0,9 мың теңге; 1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс 1997-1998 жылдардың сыйақысын төлеу бойынша 1034 мың теңге; 1 қызметкерге жұмсалатын орташа шығыс 39,6 мың теңге; Уақтылығы: тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз; уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз; Сапасы: сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 445-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4120 мың теңге (төрт миллион бір жүз жиырма мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы, «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 3 адам; біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам; біліктілікті арттыру курстарында оқып жүрген әскери қызметшілердің саны - 2 адам. Түпкі нәтиже: жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 313; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 110; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 213. Қаржы-экономикалық нәтиже: Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 824 мың теңге; Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы. Сапасы: оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз; Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 446-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 100000 мың теңге (бір жүз миллион теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұрғын үй алған адамдардың саны - 10; Түпкі нәтиже: тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (249 мұқтаждардың ішінен 10 әскери қызметші) - 4,5 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 140 мың теңге. 1 пәтердің орташа құны 10000 мың теңге. Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі. Сапасы: сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.
Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 1220 қаулысына 447-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2007 жылға арналған «Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес» деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 6950 мың теңге (алты миллион тоғыз жүз елу мың теңге) 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Күзетілетін объектілердің саны - 10; Түпкі нәтиже: күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз; Қаржылық-экономикалық нәтиже: арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге. Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау. Сапасы: «қанағаттанарлық» және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз
|