Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және (2007.11.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2007 жылғы 29 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 210 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жeдeл жаңару жолында" атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру жөніндегi жалпыұлттық жоспардың іс-шараларын орындаудың желілік кестесiнің 58.5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне енгізiлетін өзгерістер бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысымен Бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін өзгерістер
1. "Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібi мен шарттары жөніндегi epeжeнi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 1996 жылғы 7 маусымдағы № 720 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 27, 235-құжат): кiрiспедегі "Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2730 Жарлығының 26-бабының" деген сөздер "Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерiн берудiң тәртібі мен шарттары жөнiндегі ережеде: 3-тармақта: "0,15" деген сандар "0,10" деген сандармен ауыстырылсын; "("Азаматтар мен заңды ұйымдарға жер учаскелерін беру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 8 сәуірдегі № 401 қаулысымен белгiленген азаматтарға тұрғын үйдi салу және қызмет көрсету үшін жер учаскелерiн беру нормаларынан айырмашылығы - 0,1 гектар)" деген сөздер алынып тасталсын. 2. "Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесiнде: "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігі" деген бөлiмде: "Байланыс" деген кiші бөлімдегі реттiк нөмiрi 58-жол алынып тасталсын. 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 тамыздағы № 983 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 33, 311-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң "Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде: 1-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтағы "Комиссияға", "құру құқы берiледі" деген сөздер тиiсiнше "Комиссия", "құрады" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. "Meмлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметiн көрсетуінің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібінде: 2-тармақтың 9) тармақшасындағы "және т.б." деген сөздер алынып тасталсын. 5. ҚР Үкіметінің 2007.02.06. № 452 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 19 шілдедегi № 976 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 27, 338-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аккредитациялаудың ережесінде: 20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "20. Аккредитациялық орган мынадай жағдайда өз бұйрығымен өзi берген куәлiктің қолданылуын тоқтата тұрады немесе күшін жояды (білім беру ұйымын аккредитациядан айырады): 1) Құрылтайшы (құрылтайшылар) немесе құрылтайшының өкілеттігін жүзеге асыратын орган тиiстi өтініш ұсынған; 2) білім беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензияның қолданылуын тоқтата тұрған не оны керi қайтарып алған.". 7. ҚР Үкіметінің 2007.11.06. № 481 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Үкіметінiң 2005 жылғы 29 қыркүйектегі № 964 қаулысына Қосымша
Қазақ КCP Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің, Қазақстан Республикасы ?кіметінің күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң тiзбесі
1. "1992 жылы республиканың мұнай-газ өндiретiн және мұнай-газ айыратын өнеркәсiбiнің тұрақты жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 20 қарашадағы № 713 қаулысы. 2. "Қорғаныс кешенi электротехникалық және машина жасау кәсіпорындарының Қазақ мемлекеттік корпорациясы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің 1991 жылғы 5 желтоқсандағы № 761 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі жанынан республикалық сыртқы экономикалық "Құрылыс" бiрлестiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 5 маусымдағы № 505 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 22, 360-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы тұтынушылар қоғамы одағының (Қазтұтынуодағы) валюталық қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 қыркүйектегi № 790 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 36, 557-құжат). 5. "Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және агросервистiк қызмет көрсету жөніндегі "Қазагрожөнмаш-холдинг" акционерлік холдингтік компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 9 қарашадағы № 942 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 44, 646-құжат). 6. "Қазақстан Республикасында отқа төзiмді материалдар өнеркәсiбiн дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 22 желтоқсандағы № 1070 қаулысының 5, 6-тармақтары (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1992 ж., № 49, 718-құжат). 7. "Әлемдiк энергетикалық кеңестiң Қазақстан ұлттық комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 6 мамырдағы № 371 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1993 ж., № 16, 191-құжат). 8. "Шығыс Азия туристiк одағы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 13 мамырдағы № 388 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 17, 201-құжат). 9. "Мемлекеттік немесе қоғамдық мұқтаждықтар үшін жер учаскелерін алуға байланысты азаматтарға бұзуға жататын олардың үйлерінің (пәтерлерінің), құрылыстарының, құрылғыларының және жеміс-жидек екпелерiнің құнын анықтау және өтеу тәртібi туралы epeжесi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 450 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 21, 257-құжат). 10. "Қазтұтынуодағының 1993 жылғы 1 тоқсандағы тауар алмасу (баспабос) операциялары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 14 маусымдағы № 504 қаулысы. 11. "Қазмұнайөнiмi" концерніне дизель отынының экспортына қосымша квота бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 17 маусымдағы № 509 қаулысы. 12. "Алаугаз" мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегi № 770 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 34, 397-құжат). 13. "Қазақгаз" Мемлекеттік холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 851 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1993 ж., № 36, 851-құжат). 14. "Агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудің республикалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 28 ақпандағы № 231 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 12, 113-құжат). 15. "Прибор-Алматроникс" ғылыми-техникалық бiрлестігінің Қазақстан Республикасында ғылымға сүйенетін өндiрiстердi дамыту жөніндегі қызметін қолдау туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 3 мамырдағы № 468 қаулысының 3, 4, 5, 7-тармақтары. 16. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қорғаныс тапсырмасын материалдық, қаржы-кредиттік және құқықтық қамтамасыз ету шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 1 тамыздағы № 864 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 33, 363-құжат). 17. "Сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнің 1994 жылғы 8 желтоқсандағы № 1395 қаулысымен бекітілген Объектiлер мен кешендердi салу, кеңейту, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеуге арналған сәулет-қала құрылысы құжаттамаларын сараптау мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiне енгiзiлетін өзгерістердiң 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 46, 517-құжат). 18. "Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жүйесін жетілдiру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 12 желтоқсандағы № 1399 қаулысы(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 46, 520-құжат). 19. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 2 қыркүйектегі № 770 және 1993 жылғы 9 қыркүйектегi № 851 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінiң 1995 жылғы 16 наурыздағы № 275 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 9, 104-құжат). 20. "Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесіне құқық беруге арналған өтiнiшке азамат қоса ұсынатын құжаттар мен мәлiметтердiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 маусымдағы № 777 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1995 ж., № 20, 226-құжат). 21. "ЮТЭК" отын-энергетика компаниясының Президенті және Байқаушы кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 7 тамыздағы № 1089 қаулысы. 22. "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 365 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 15, 193-құжат).
|