|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналардың: 404, 405, 406, 407, 408, 409-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 404-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Қорғалатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салтанатты әдет-ғұрыптарды орындауға қатысу» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 2251247 мың теңге (екі миллиард екі жүз елу бір миллион екі жүз қырық жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңы; «Республикалық ұланның ұйымдық құрылымы және әскери қызметшілерінің, жұмысшылары мен қызметшілерінің жалпы штаттық санын белгілеу туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 30 Жарлығы; «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік протоколды бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 12 қазандағы № 201 Жарлығы; «Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы № 304 Жарлығы; «Республикалық ұлан күзететін аса маңызды мемлекеттік объектілердің, сондай-ақ ғимараттар, құрылыстар мен қызметтік үй-жайлардың Тізбесін бекіту туралы« Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 18 қазандағы № 352 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекет Басшысының және өзге күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін; аса маңызды мемлекеттік объектілердің күзетілуін; протоколдық рәсімдік іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысу; рәсімдік іс-шараларды орындауға қатысу; аса маңызды мемлекеттік объектілерді, сондай-ақ тізбесін Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін ғимараттарды, құрылыстарды және қызметтік үй-жайларды күзету; Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы эталондарын күзету; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіпте әскери режим мен төтенше жағдай кезінде іс-шараларды іске асыру. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: күзетілетін адамдардың саны - 8 адамға дейін; күзетілетін объектілердің саны - 10; өткізілген протоколдық рәсімдік іс-шаралардың саны - 95. Ақырғы нәтиже: күзетілетін адамдардың қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; күзетілетін объектілердің қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі - 100 пайыз; протоколдық дәстүрлік рәсімдердің орындалуы - 100 пайыз; қару-жарақпен қамтамасыз етілуі - 75 пайыз; әскери және автомобиль техникасымен қамтамасыз етілуі - 70 пайыз; технологиялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі - 25 пайыз. Қаржы-экономикалық тиімділігі: мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау мақсатында ведомстволық мекемелердің жұмысын ұйымдастыру үшін орталық аппараттың 1 қызметкерін ұстауға бір жылдық орташа шығыс 2516 мың теңге; мемлекет Басшысының, өзге күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және протоколдық рәсімдік іс-шараларды орындау үшін ведомстволық мекеменің 1 қызметкерін ұстауға жылдық орташа шығыс 1121 мың теңге. Уақтылығы: жұмыстарды атқару жоспарына сәйкес іс-шаралардың уақытында орындалуы. Сапасы: өзінің қауіпсіздік жағдайына «қанағаттанған» күзетілетін адамдар - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 405-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Республикалық ұлан объектілерін салу» деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.15.04. № 342 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1. Құны: 430705 мың теңге (төрт жүз отыз миллион жеті жүз бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Республикалық ұланның бөлімшелерін үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау үшін Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының инфрақұрылымын дамыту және жақсарту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Республикалық ұлан объектілерінің құрылысын салу жолымен келісім-шарт бойынша әскери қызметшілерді үнемі жауынгерлік әзірлікте ұстау және оларды ынталандыру үшін жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Астана қаласында қоса салынған үй-жайы мен гараждары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешенін пайдалануға беру. Ақырғы нәтиже: Республикалық ұланның әскери қызметшілеріне жағдай жасау және жауынгерлік әзірлікті арттыру үшін Республикалық ұланның объектілерін дамыту. Уақтылығы: жұмыстарды атқару кестесіне және жасалған келісімдерге сәйкес. Сапасы: құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 406-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін емдеу» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 70557 мың теңге (жетпіс миллион бес жүз елу жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 13-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану пайызын мейлінше азайту; барлық науқастарға медициналық қызметті толық көлемде көрсету үшін қажетті медикаменттермен және медициналық препараттармен барынша қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Сапалы медициналық қамтамасыз етуді алу үшін әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің өтініш жасау саны - 6500. Ақырғы нәтиже: әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің науқастану деңгейінің төмендеуі - 30 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: 1 әскери қызметшіні медициналық қамтамасыз етуге жылына жұмсалатын орташа шығыс 1,1 мың теңге; 1 қызметкерді ұстауға жылына жұмсалатын орташа шығыс - 1220 мың теңге. Уақтылығы: тереңдетілген медициналық тексеруді мерзімінде өткен әскери қызметшілердің үлесі - 100 пайыз; уақытында медициналық ем алған әскери қызметшілер - 100 пайыз; Сапасы: сапасына және уақыттылығына қанағаттанған әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 407-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Жоғары кәсіптік білімді мамандар даярлау» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2471 мың теңге (екі миллион төрт жүз жетпіс бір мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 15-бабы, «Қазақстан Республикасының Республикалық ұланы туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 5 желтоқсандағы Заңының 8-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жоғарғы әскери білімді мамандарды даярлау. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: жоғары білікті кадрлармен жасақталуы мүмкін әскери лауазымдардың пайызын барынша ұлғайту, жоғарғы әскери білімі бар әскери қызметшілердің пайызын көбейту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: жоғары әскери білім алған әскери қызметшілер саны - 2 адам; оқуын жалғастырып жатқан әскери қызметшілердің саны - 5 адам. Ақырғы нәтиже: жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталатын әскери лауазымдардың саны - 23; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен жасақталған әскери лауазымдардың саны - 15; жоғары әскери білімі бар әскери қызметшілермен толығымен жасақталуға тиіс әскери лауазымдардың саны - 8. Қаржы-экономикалық нәтиже: Жоғарғы әскери-оқу орындарының 1 тыңдаушысын оқытудың орташа құны 494 мың теңге. Уақтылығы: оқу үшін төлемнің уақытында аударылуы. Сапасы: оқу жылында оқу бағдарламасын меңгерген әскери қызметшілер - 100 пайыз; Жоғарғы әскери-оқу орындары түлектерінің санына және сапасына қанағаттанған Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы құрылымдық бөлімшелерінің басшылары - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 408-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 99515 мың теңге (тоқсан тоғыз миллион бес жүз он бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің дәрежесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Республикалық ұланының әскери қызметшілерін тұрғын үймен қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: тұрғын үйге мұқтаж әскери қызметшілердің санын азайту. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: тұрғын үй алған адамдардың саны - 6. Ақырғы нәтиже: тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын жақсартқан әскери қызметшілер (359 мұқтаждардың ішінен 6 әскери қызметші) - 1,7 пайыз. Қаржы-экономикалық тиімділігі: сатып алынған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің орташа құны 282 196 теңге. 1 пәтердің орташа құны - 16 667 мың теңге. Уақтылығы: тұрғын үймен уақытында қамтамасыз етілуі. Сапасы: сатып алынған тұрғын үйдің сапасына қанағаттанған әскери қызметшілер - 100 пайыз.
Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 409-ҚОСЫМША
678 - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2008 жылға арналған «Терроризмге және экстремизм мен сепаратизмнің басқа да көріністеріне қарсы күрес» деген 110 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 1-тармақ редакцияда жазылды (бұр.ред.қара) 1. Құны: 54890 мың теңге (елу төрт миллион сегіз жүз тоқсан мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасында терроризммен, экстремизммен және сепаратизммен күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; «Экстремизмге қарсы тұру туралы» 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратистік бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: терроризмдік, экстремизмдік және сепаратизм бағыттарындағы қылмыстарды ескерту, анықтау және жолын кесу бойынша ведомствоаралық шұғыл-алдын алу іс-шаралары мен арнайы операцияларға қатысу. ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2008.12.11. № 581д қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Күзетілетін объектілердің саны - 10; Ақырғы нәтиже: күзетілетін объектілердің арнайы және техникалық құралдармен жарақталуы - 100 пайыз. Қаржылық-экономикалық тиімділігі: арнайы және техникалық құралдармен қамтамасыз етілген 1 әскери қызметшіге жұмсалатын орташа шығыс 62 мың теңге; Уақтылығы: өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес іс-шараларды уақытында орындау. Сапасы: «қанағаттанарлық» және одан да жоғары деп террористік актілерді болдырмау жөніндегі іс-қимылдың уақыттылығын бағалаған республика азаматтары - 100 пайыз.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |