|
|
|
2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (2008.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 412, 413, 414, 415, 416, 417, 418, 419, 420, 421, 422, 423-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті Іс басқармасының 2008 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 412-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың басқа да лауазымды адамдарының қызметін қамтамасыз ету» деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2008.13.06. № 581 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2008.12.11. № 581д Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 9170734 мың теңге (тоғыз миллиард бір жүз жетпіс миллион жеті жүз отыз төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңының 2-бабы; «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңы; «Мемлекеттік әкімшілік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 жарлығы; «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсыну тәртібі оларды табыстау, Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары құжаттарының Үлгілері және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары Белгілерінің бейнесі туралы «Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 Өкімі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттің өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін қамтамасыз ету, қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес лауазымдық міндеттерін тиімді атқару және кәсіби шеберліктерін жетілдіру мақсатында кәсіптілік саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық, тілдерді оқыту жүйесін ұйымдастыру. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Мемлекет Басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік органдардың өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігі, Премьер-Министрі кеңесінің қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасы Президенті Премьер-Министрі қатысуымен өткізілетін ресми іс-шараларға қызмет көрсету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дәрежесін жоғарлату, мемлекеттік тілдің жұмыс істеуіне жағдай жасау. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: мемлекеттің лауазымды тұлғаларының қызметін тоқтаусыз қамтамасыз ету, 967 сағат көлемінде литерлік рейстерді орындау, жалпы алаңы 63 890,7 шаршы метр және маңайындағы 210,6 га аумақтағы мемлекеттік резиденцияларға, 124 000,0 шаршы метр және маңайындағы 35,8 га аумақтағы үкіметтік ғимараттарға кешенді қызмет көрсету, 6 әкімшілік ғимаратты, 3 мемлекеттік резиденциялар объектісін сақтандыру; мемлекеттік қызметшілердің 70% қазіргі заманғы компьютерлермен қамтамасыз ету; 9 адамның кәсіби деңгейін арттыру, 93 адамға мемлекеттік тілді оқыту; 30 көп емес адамға ағылшын тілін оқыту; саны 26 бірлік автомашинаға және күзетілетін тұлғалардың жалпы аумағы 1000,8 шаршы метр гаражына қызмет көрсету. Соңғы нәтиже: Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің және мемлекеттік өзге де лауазымды тұлғаларының қызметін сапалы және уақытында қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыру бойынша мұқтажын 100%, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқыту 100 % және ағылшын тілін оқыту 100 % арттыру. Қаржы-экономикалық нәтиже: әр литерлік рейстің жоспарлы ұшу сағаты мен орташа тарифі 495 006 теңге/сағ., мемлекеттік резиденциялар, үкіметтік ғимараттар мен маңайында орналасқан аумақтың 1 шаршы метріне қызмет көрсету шығыны 22 112,0 теңге; өкілеттік шығындар нормасына сәйкес ресми іс-шаралар өткізу; 1 бас жоғары бағалы спорт атын ұстау шығыны - 933 750 теңге, күзетілетін тұлғаның автокөлігін гаражда ұстау шығыны 1 650 654 теңге. Бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін арттырудың орташа шығыны - 37 778,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді үйретудің орташа шығыны 12 398,0 теңге. Мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілін үйретудің орташа шығыны 22 100,0 теңге. Уақыттылығы: бекітілген іс-шаралар жоспарына және келісім-шарттарға сәйкес іс-шараларды орындау. Сапасы: мемлекеттік қызмет көрсетілетін тұлғалардың мұқтажын жоғары деңгейде қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мемлекеттік қызмет талаптарына және қазіргі заманғы экономикалық жағдайға сәйкес кәсіби деңгейлерін арттыру.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 413-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Республикалық деңгейде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 90877 мың теңге (тоқсан миллион сегіз жүз жетпіс жеті мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Тұрғындардың санитарлық-эпидемиологиялық игілігі туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 5-бабы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы; «Күзетілетін тұлғалардың сапарларының медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № УД-08/52 және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2002 жылғы 3 қыркүйектегі № 813 бірлескен бұйрығы; «Күзетілетін тұлғалардың еліміздің аймақтарындағы сапарын медициналық қамтамасыз ету» туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2000 жылғы 15 мамырдағы № 01-58/65 ҚБП бұйрығымен бекіткен тәртібі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінің, ресми делегациялардың және күзетілетін тұлғалардың медициналық қауіпсіздігін және санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: санитарлық заңнаманы бұзушылықтың алдын алу және оған жол бермеу, сонымен қатар қоршаған ортаның қолайсыз факторларын айқындау және жою. Күзетілетін тұлғалар мен ресми делегациялар мүшелерінің санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына бекітілген мемлекеттік қызметшілердің санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: бақылауға алынған объектілерден жеткізілген саны 40 567 сынама мен үлгілерге жүргізілетін зерттеулер; лабораториялық-инструменталдық зерттеулер саны - 76580; ауруларды уақытында анықтау және жоюға бағытталған эпидемияға қарсы шаралар саны - 105. Саны 6 бүлік лабораториялық жабдық сатып алу, оның ішінде: Біріктірілген вакуумдық центрифуждық концентратор - 1 бірлік, колонияның электрондық санды есептегіші - 1 бірлік, өндірістік тоңазытқыш - 1 бірлік, электр пеші - 1 бірлік, рефлектометр Rqflex plus - 1 бірлік, қоршаған орта объектілерінің бактериологиялық ластануын бақылау жүйесі - 1 бірлік. 1 бірлік автомобиль, саны 8 жиынтықтан кем емес лабораториялық жиһаз сатып алу. Соңғы нәтиже: инфекциялық және кәсіби аурулардың пайда болуын болдырмау. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының объектілерінде тұрақты санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қалыптастыру. Лабораториялық жабдықпен жарақтану деңгейі жалпы мұқтаждың 72 пайыз құрайды; стандарттық үлгілер мен типтік ерітінділер жалпы мүқтаждың 95 пайыз құрайды. Қаржылық-экономикалық нәтиже: күрделі зерттеулер жүргізу үшін қазіргі заманғы жабдықтарды қолдану және нәтиже алудың уақытын қысқарту; 1 санитарлық-эпидемиологиялық іс-шараға жұмсалатын шығынның құны 185 735 теңге. Уақыттылығы: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығына тіркелген мемлекеттік қызметшілердің уақытында санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету. Сапасы: Инфекциялық аурулар диагностикасының уақыттылығын және сапасын арттыру, күзетілетін тұлғалардың және ресми делегациялар мүшелерінің медициналық және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін сапалы бағалау.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 414-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Азаматтардың жекелеген санаттарына медициналық көмек көрсету» деген 004 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 2123395 мың теңге (екі миллиард бір жүз жиырма үш миллион үш жүз тоқсан бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Азаматтардың денсаулығын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 4-бабы; «Денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының 5, 16, 17, 18, 19 және 26-баптары; «Қазақстан Республикасы азаматтары денсаулығының жағдайын жақсарту бойынша қолданылатын бірінші кезектегі іс-шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 мамырдағы № 3956 Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркеу ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының 2005 жылғы 16 сәуірдегі № УД-05/45 бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының тіркелген және қызмет көрсетілетін азаматтар санаттарының денсаулығын сақтау және нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: мемлекеттік қызметкерлерге мамандандырылған және арнайы медициналық көмек көрсету, шетелде емделу, қалпына келтіру және сауықтыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Ауруханалардың стационарларында орташа есеппен 6 804 тіркелген құрамды емдеу, амбулаториялық-емхана бөлімшелеріне барудың орта жылдық саны 272 500; жедел жәрдем шақырудың орта жылдық саны 5 300; 24 адамнан кем емес шетелдік клиникаларда емдеу және көлік, соның ішінде бірге еріп баратын тұлғалардың жол ақысын төлеу. 552 кем емес мемлекеттік қызметшінің денсаулығын қалпына келтіру және сауықтыру. Саны 5 бірліктен кем емес медициналық жабдық сатып алу. Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның ғимараты мен үй-жайларына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына тіркелген азаматтарының ауруын азайту. Қазіргі заманғы көп функционалды емдеу-диагностикалық жабдықпен жабдықтаудың қажетті деңгейінен - 80 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: аурудың бір орында жатуының орташа күні 9 күн; бір орынның жұмысы 315 күн; медициналық жабдықтың бір бірлігінің орташа құны - 91 801,2 мың теңге; мемлекеттік қызметкерлердің медициналық көмекті жоғары мамандандырылған шетелдік клиникаларда алу - 0,2 пайыз; диспансерлік есепте тұратын аурулар және медициналық қалпына келтіру және жұмысқа жарамды ету - 32 пайыз, ауруханаға жатқызу деңгейі - 50 пайыздан артық емес. Уақыттылығы: мемлекеттік қызметкерлерге уақытында медициналық көмек көрсету; бекітілген жабдықты жеткізу кестесіне сәйкес жабдық жеткізу және жоспарға сәйкес ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сапасы: медициналық көмек көрсету деңгейін арттыру; медициналық қызмет көрсету бойынша шағымдардың болмауы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 415-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Медициналық ұйымдарды техникалық және ақпараттық қамтамасыз ету» деген 005 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 39399 мың теңге (отыз тоғыз миллион үш жүз тоқсан тоғыз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: медициналық көмек көрсету көлемі мен сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін аурулардың алдын алу, диагностика жасау және емдеу саласына қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Медицина саласындағы жаңа және перспективалы инновациялық технологияларды ақпараттық қамтамасыз ету; ғылыми-зерттеу, ақпараттық-баспа, қызметін жүргізу; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына ведомстволық қарасты мекемелер мен кәсіпорындардың жүйесіне қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу бойынша мониторинг жүргізу және медициналық жабдықтарды тиімді пайдалану. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: инновациялық медициналық технологияларды енгізу дәрежесі мен оларға бақылау жүргізу 100 пайыз; тоқсан сайын - 4 бірлік (800 дана журнал - «Новости медицины» дайджестінің - 48 нөмірін шығару. Соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының ведомстволық қарасты ұйымдарының жаңа технологиялар туралы мәлімет алуы; Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының жүргізетін барлық іс-шараларын техникалық сүйемелдеу дәрежесі 100 пайыз. Қаржы-экономикалық нәтиже: көрсетілетін қызметтің немесе орындалған жұмыстың бір бірлігіне жобаланған шығын көлемі шегінде нақты шығынды қамтамасыз ету; 1 бірлік жабдықтың орташа құны - 980,0 мың теңге, автокөлік - 2500,0 мың теңге. Уақыттылығы: Іс-шаралар өткізу кестесіне сәйкес іс-шараларды уақытында 100 пайызға орындау. Сапасы: Мемлекеттік қызмет алушыларының мұқтаждығын қанағаттандыру деңгейі 100 пайыз.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы № 1224 қаулысына 416-ҚОСЫМША
694 - Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2008 жылға арналған «Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу» деген 006 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 144448 мың теңге (бір жүз қырық төрт миллион төрт жүз қырық сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 20 шілдедегі Конституциялық Заңының 9-бабы; «Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 17 тамыздағы № 1178 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасының әлемдегі дұрыс имиджін нығайту. Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің қызметі туралы халықты хабардар ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: жоғары кәсіби деңгейде актуалды телебейне бағдарламаларын жасау, жүргізіліп жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды жан-жақты жариялау, тарихи құндылығы бар материалдарды мұрағаттандыру. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің опеpативтік ақпарат, арнайы тақырыптар шығару, хаттамалық іс-шараларды түсірудің тақырыптық жоспарының орындалу деңгейі - 320 сағат; бейнемұражайды 210 сағатқа толықтыру; жоғары кәсіби, жоғары сапалы, көкейкесті, уақыт талаптарына сай 12 деректі бейнефильм шығару.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |