|
|
|
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентін бекіту туралы (2015.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 108 Қаулысымен күші жойылды
«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті бекітілсін. 2. Орталық мемлекеттік органдар бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламентіне сәйкес өз регламенттерін бекітсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 26 наурыздағы № 289 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік органының үлгі регламенті (бұдан әрі - Регламент) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға, Президенттің, Үкіметтің актілеріне және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес оларға жүктелген функцияларды орындау процесінде орталық мемлекеттік органдар (бұдан әрі - ОМО) қызметінің жалпы ережелерін белгілейді. Регламентте көзделген ережелер Қазақстан Республикасының өзге нормативтік құқықтық актілерімен реттелмеген бөлігінде: 1) Мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың, Президентке тікелей бағынысты және есеп беретін мемлекеттік органдардың; 2) Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары, Орталық сайлау комиссиясы, Конституциялық Кеңесі, Жоғарғы Соты аппараттарының; 3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің, орталық атқарушы органдарының қызметінде қолданылады. 2. Осы Регламентте белгіленген құжаттармен жұмыс істеуге қойылатын талаптар, мерзімдер ОМО-ның, оның ведомстволары мен аумақтық органдарының барлық қызметкерлеріне қолданылады. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Құпия емес іс қағаздарын ұйымдастыру мен жүргізу, хат-хабарларды қабылдау, өңдеу және тарату, оның ішінде электрондық құжат айналымын жүргізу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарының талаптарына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес ОМО басшысы бекіткен мемлекеттік органның регламентінде айқындалады. Құпия іс қағаздарын ұйымдастыру және жүргізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. ОМО өз қызметін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына сәйкес жүзеге асырады. 5. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Алқа отырыстарын жоспарлау, дайындау және оны өткізу тәртібі
6. ОМО-ның алқа отырысын жоспарлау, дайындау, өткізу және олардың орындалуын бақылау тәртібін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2007 жылғы 27 қарашадағы № 107 Заңының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес ОМО-ның бірінші басшысы айқындайды. 7. ОМО-ның алқа отырысы алқаның жұмыс жоспарларына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде өткізіледі. Алқа отырыстарында қаралатын мәселелердің саны шектелмейді. ОМО бірінші басшысының шешімі бойынша қажет болған жағдайда кезектен тыс алқа отырысы өткізілуі мүмкін. Алқа отырысы, егер оған алқа мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады. Алқа мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады. Алқаның сандық және дербес құрамын бірінші басшы айқындайды. ОМО-ның алқа отырысына қызметтің сабақтас салаларында олардың ведомствоаралық үйлестіру міндеттерін негізге ала отырып, мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қажет болған жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. ОМО бірінші басшысының шешімі бойынша алқа отырысына бұқаралық ақпарат құралдарының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылуы мүмкін. 8. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мәселелері ОМО алқа отырысында тоқсанында кемінде бір рет қаралады. ҚР Үкіметінің 2009.30.12. № 2305 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.13.09. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 9-тармақ өзгертілді 9. Алқа отырысында мәселелерді қарау нәтижелері бойынша қатысып отырған алқа мүшелерінің көпшілік дауысымен хаттама нысанында елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі) ресімделетін алқа шешімі қабылданады. ОМО-ның алқа жұмысы стенографияланады. ОМО-ның ресми интернет-ресурсында ОМО алқа жұмыстарының қорытындылары туралы ақпарат міндетті түрде орналастырылады.
4. Ведомстволармен және аумақтық органдармен өзара іс-қимыл
10. ОМО Регламентімен ОМО-ның ведомстволармен және аумақтық органдармен (олар болған кезде) өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады.
5. Кіріс және шығыс хат-хабарларын ресімдеу, өткізу, қарау
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 11. ОМО-да кіріс, шығыс хат-хабарларын және өзге де қызметтік құжаттарды қарау және өткізу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. 12. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен және Премьер-Министрінің Кеңсесінен шығатын хат-хабарларды қоспағанда, кіріс хат-хабарларын ОМО жұмыс күндері сағ. 9-00-ден 17-00-ге дейін қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінен, Парламентінен, және Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түсетін хат-хабарлар жұмыс күндері сағат 20-00-ге дейін, сенбіде сағат 17-00-ге дейін қабылданады. *осы тармақты мемлекеттік органдарда кезекшілік жүргізу жолымен іске асыру көзделіп отыр Шұғыл тапсырмаларды (орындау мерзімі 10 күнтізбелік күнге дейін) орындау үшін мемлекеттік органдар дайындаған құжаттардың шұғыл екенін растайтын құжаттар (Қазақстан Республикасының Президенті, Президент Әкімшілігі, Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы актілерінің және тапсырмаларының көшірмелері) ұсынған кезде жұмыс күні ішінде қабылданады. ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 13-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13. Мемлекеттік органдардан қағаз және электрондық жеткізгіштерде келіп түскен құжаттар біртекті және белгіленген үлгідегі тиісті елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделуге әрі мынадай міндетті деректемелерді: шығыс нөмірін және күнін; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының және оның орынбасарларының тиісті актілері мен тапсырмаларына сілтемені, сондай-ақ мемлекеттік органның сауалына жауап берген кезде оның нөмірі мен күнін; 3) ОМО-ның бірінші басшысының немесе оның орынбасарының не жауапты хатшының (не жауапты хатшының өкілеттігін жүзеге асыратын ОАО лауазымды адамының) (бұдан әрі - ОМО басшылығы) қолын; 4) орындаушының тегін және оның телефон нөмірін қамтуға тиіс. Ерекше маңызы бар мәселелер бойынша электрондық құжаттар қағаз жеткізгіштерде де ресімделуге тиіс (архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы белгілеген сақтау мерзімі бар). Бұл ретте, пайдаланушылар үшін қолжетімді ақпараттық жүйелерде немесе мемлекеттік органның сайттарында бар немесе мемлекеттік органнан келіп түскен ақпарат ұсыну туралы сұрау салуға жауап берілмейді, ол белгіленген тәртіппен осы ақпараттық жүйелерде орналастырылады. Мұндай сұрау салуларға жеке ақпарат беру талап етілмейді. Жауапты орындаушысы және оның тікелей басшысы мемлекеттік органның сайттарында орналастырылатын ақпараттың анықтығына, өзектілігі мен қорғалуына («ҚПҮ» белгісі бар таратылуы шектелген қызметтік ақпаратпен және мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жөніндегі талаптардың сақталуы) жауаптылықта болады. Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің хат-хабарларынан басқа, осы Регламенттің талаптарын бұза отырып ресімделген кіріс хат-хабарлар қабылданбайды және (немесе) ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісті мемлекеттік органға сол күні қайтарады. ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 14. Осы Регламентте белгіленген тәртіппен қабылданған құжаттарды ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметінің басшысы қарайды, бақылауға қояды және ОМО мен оның құрылымдық бөлімшелері басшылары арасында бөледі және құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі тиісінше ресімдеу, бақылау белгілерін қою үшін тіркеу мөріне нөмірін, күнін және парақтардың санын көрсете отырып тіркейді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен ОМО-ға бақылаудағы емес құжаттар түскен кезде ОМО аталған құжаттарды бақылауға қоймайды және олар бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жауап жіберілмейді. ҚР Үкіметінің 2012.13.01. № 34 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Тіркелген, тиісті түрде ресімделген хат-хабарлар адресаттарға ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі басшысының бөлуіне сәйкес екі жұмыс күні ішінде жіберіледі. Шұғыл хат-хабарлардың көшірмесі келіп түскен құжаттарда қозғалатын мәселелер оның құзыретіне кіретін бөлімше басшысына бір мезгілде жіберіледі. 16. ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі хат-хабарларды тіркеуді, бөлуді, ресімдеуді және адресаттарға жеткізуді, әдетте, ОМО-ға оның келіп түскен сәтінен бастап екі сағаттың ішінде, ал шұғылын - дереу (кезектен тыс тәртіппен) жүзеге асырады. 17. ОМО басшылығы кіріс хат-хабарларын оларға келіп түскен күні, ал шұғылын - дереу қарайды. Қарау нәтижелері бойынша оларға қарарлар түрінде ресімделетін тиісті тапсырмалар беріледі. ОМО басшылығы қараған кіріс хат-хабарлары ресімдеу және бөлімше басшысына (орындаушыға) одан әрі беру үшін құжаттамалық қамтамасыз ету қызметіне жіберіледі. ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 18. Шығыс хат-хабарларын дайындау, келісу және ресімдеу Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы»2007 жылғы 12 қаңтардағы, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (бұдан әрі - Үкімет Регламенті), Президент Әкімшілігіндегі және Премьер-Министр Кеңсесіндегі іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтарға, ОМО-да іс жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 19-тармақ өзгертілді 19. Шығыс хат-хабарларға Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасының Парламентіне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберу үшін қол қою алдында онда тапсырмаға сілтемелердің болуы және олардың дұрыс ресімделуі, оның ішінде іс-шаралар жоспарларына және оларды бекіту туралы актілерге сәйкестігі мәніне ОМО құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі (бақылау қызметі) бұрыштама қоюға тиіс. Елтаңбалық бланкіде ресімдеу талап етілмейтін Үкімет қаулыларының, Премьер-Министр өкімдерінің жобаларын, заң жобаларын қоспағанда, мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі). Өзге мемлекеттік органдардың ерекше құзыретіне жататын мемлекеттік органдардың шығыс хат-хабарлары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жіберілмейді.
6. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау, ресімдеу және келісу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2015.31.12. № 1195 Қаулысымен 20-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20. Өз құзыреті шегінде ОМО әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) дайындауды ОМО бірінші басшысының шешімі бойынша тиісті бөлімшелер Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі заңдарының, Үкімет Регламентінің, «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773 қаулысының, ОМО іс жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың және осы Регламенттің талаптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 21-тармақ жаңа редакцияда 21. Мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі - МОИП) арқылы ОМО-ға келісуге келіп түскен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 сәуірдегі № 430 қаулысымен бекітілген Электрондық құжат айналым ережесінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - МОКО ЭЦҚ) қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің, бұйрықтардың, заңнамалық актілердің жобаларын (бұдан әрі - жобалар) құжаттамалық қамтамасыз ету қызметі жобаның өтуіне жауапты бөлімшені және олардың құзыретіне қарай ОМО-ның мүдделі бөлімшелерін айқындайтын міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығына, оның ішінде барлық жобалар міндетті түрде келісілетін ОМО-ның заң қызметіне де жібереді. Жобалар жіберілетін ОМО бөлімшелері арасында жобаларды келісу МОКО ЭЦҚ пайдаланыла отырып, МОИП арқылы электрондық құжаттар нысанында жүргізіледі. Жобаларды қараудың жалпы мерзімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың тапсырмаларында айқындалады. Жауапты құрылымдық бөлімшенің орындаушысы мүдделі бөлімшелердің пікірлерін қорытады және әзірлеуші органға заңнамаға сәйкес жауаптың жобасын дайындайды, оған жобаның өтуіне жауапты бөлімшенің басшысы, мүдделі бөлімшелердің басшылары бұрыштама қояды, міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығының МОКО ЭЦҚ-мен куәландырылады, содан кейін ОМО бірінші басшысының не оның міндетін атқарушы адамның МОКО ЭЦҚ-мен куәландырылады. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 22-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 22-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 22. Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімдерінің, заң жобаларын қоспағанда, жобаны ескертулерсіз келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындалған жағдайда, әзірлеуші орган жұмыс тәртібімен келісуші ОМО-ның бөлімше басшысының шешімі бойынша жобаның төлнұсқасын бұрыштама қоюға ұсынады, бұл туралы бұрын ұсынылған ілеспе хатта белгі (алушының Т.А.Ә., күні, қолы) қойылады. Жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытындыға келісуші ОМО-да жобаның өтуіне жауапты бөлімшенің басшысы қол қояды және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелердің басшылары, міндеттерді бөлуге сәйкес ОМО басшылығы бұрыштама қояды. Келісуші ОМО жобаларды МОИП-да ескертулерсіз келіскен жағдайда, әзірлеуші орган жобаның төлнұсқасын электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде ОМО басшысына бұрыштама қоюға, содан кейін келісуші ОМО-ға ұсынады. МОИП-да келісу нәтижесі келісуші ОМО-ның жобаның өтуіне жауапты бөлімше басшысының МОКО ЭЦҚ-мен куәландырылады және 2 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі бөлімшелер басшыларының, міндеттердің бөлінуіне сәйкес ОМО басшылығының ЭЦҚ-мен куәландырылады. ҚР Үкіметінің 2013.02.05. № 450 Қаулысымен 23-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2015.29.12. № 1119 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 23. Жобаларды қоспағанда, келісуші ОМО-да әзірлеуші толығымен келісетін ескертулер болған кезде жоба жұмыс тәртібімен пысықтауға қайтарылады, бұл туралы әзірлеуші мемлекеттік органның бұрын ұсынылған ілеспе хатында белгі (алушының Т.А.Ә., күні, қолы) қойылады. Жобаны пысықтау мерзімі 10 жұмыс күнінен аспайды. Пысықталуына қарай келісуші ОМО бір мезгілде орын алған ескертулерді жойған жағдайда жобаны келісу (бұрыштама қою) мүмкіндігі туралы қорытынды дайындайды. Келісуші ОМО-да әзірлеуші толығымен келісетін ескертулер болған кезде жоба МОИП арқылы жіберілген хабарламамен бірге әзірлеуші мемлекеттік органға пысықтауға қайтарылады. Бұл ретте әзірлеуші МОИП-да жобаның пысықталған нұсқасын орналастырады және мемлекеттік органдарға келісуге қайта жолдайды. Бар ескертулерді жойған жағдайда келісуші мемлекеттік орган МОИП-да келісуші мемлекеттік орган басшысының ЭЦҚ-мен куәландырылған ескертулерсіз келісу туралы белгі қояды. Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген мерзім ішінде жоба бойынша бұрын орын алған ескертулер ескеріліп пысықталған жоба ұсынылмаған, сондай-ақ келісуші ОМО ішінара пысықталған жобаны ұсынған жағдайларда екі жұмыс күні ішінде әзірлеуші органға ескертулер жіберіледі. «Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы құқығын қамтамасыз ету және Республика Президентінің кейбір актілерін Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келтіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 21 қыркүйектегі № 413 Жарлығына сәйкес әзірленген жобаны ОМО келіскен және пысықтаған жағдайда, осы Жарлықта көрсетілген мерзімдер қолданылады. 24. Келісуші ОМО келісуден бас тартқан не ескертулерімен келіспеген жағдайда әзірлеуші органның ОМО басшылығы өзара қолайлы шешім дайындау үшін келісуші ОМО-ның тиісті лауазымды адамдарының қатысуымен кеңес шақыруы мүмкін. Кеңестің мерзімдерін, өткізу тәртібін және қатысушыларды кеңесті өткізуге бастамашылық еткен әзірлеуші органның лауазымды адамы келісуші ОМО-ның тиісті лауазымды адамымен консультациядан кейін айқындайды. Бұл ретте келісуші ОМО-ның лауазымды тұлғалары желеу және өзге де дәлелсіз себептермен кеңеске қатысудан бас тарта алмайды. 25. Егер кеңесте өзара қолайлы шешім жасауға қол жетсе, онда жоба үш жұмыс күні ішінде пысықталады және келісуші ОМО-мен келісіледі (бұрыштама қойылады). 26. ОМО Қазақстан Республикасы Президентінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының, Президент Әкімшілігі басшылығының және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының шұғыл тапсырмаларын орындау барысында жобаларды келісуге ұсынған жағдайларда келісуші ОМО өзінің ұсынысын жинақтау бекітілген әзірлеуші органға, егер тиісті тапсырмада өзгеше белгіленбесе, оған ол үшін белгіленген орындалу мерзіміне дейін кемінде 3 күн бұрын кешіктірмей, ал орындалу мерзімі кемінде 5 күн тапсырмалар бойынша тапсырма келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде енгізеді. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 27. Үкіметтің Регламентіне сәйкес дайындалған Парламент депутаттары бастамашылық жасаған заң жобаларына Үкімет қорытындыларының жобаларын Премьер-Министр Кеңсесіне енгізген кезде ОМО Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімінің көшірмесін, Әділет және Қаржы министрліктері хаттарының көшірмелерін оларға қоса тіркейді, сондай-ақ қажет болған кезде әзірлеуші қорытындының жобасына мемлекеттік кірістерді қысқарту немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайту мүмкіндігі бөлігінде қаржы-экономикалық есептерді қоса тіркейді. 28. ОМО-ның нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісу рәсімдеріне қатысты осы Регламенттің 21-25-тармақтары қолданылады.
7. Орталық мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды дайындау, жариялау және мемлекеттік тіркеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 29-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 29. ОМО оған қатысты уәкілетті орган болып табылатын жобаларды әзірлеу, ішкі келісу, ресімдеу, нормативтік құқықтық актілерді және қызметтік құжаттарды жариялау және мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213, «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы № 107 заңдарына, «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын ресімдеудің және келісудің кейбір мәселелері туралы» 2006 жылғы 16 тамыздағы № 773, «Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778, «Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы» 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 және «Кейбір нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 168 қаулыларына сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2015.27.04. № 346 Қаулысымен 7-1-бөліммен толықтырылды 7-1. Құқықтық мониторинг жүргізу кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібі
29-1. Мемлекеттік органдардың өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ ОМО-ның құзыретіне жататын актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуі «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады. 29-2. Нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторингті ОМО-ның барлық құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ оның аумақтық органдары мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдары бірінші басшының бұйрығымен бекітілген құқықтық мониторинг жүргізу кестесіне сәйкес жүргізеді. Нәтижелері ай сайын ОМО-ның осы жұмысты үйлестіретін бөлімшесіне жіберіледі. 29-3. Құқықтық мониторинг бойынша жұмысты үйлестіретін бөлімше алынған мәліметтерді қорытып, талдайды және ОМО-ның бірінші басшысына, сондай-ақ жауапты хатшысына (аппарат басшысына) есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай тұжырымдары және ұсынымдары бар жиынтық ақпарат дайындайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |