|
|
|
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесін бекіту туралы (2009.25.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 387 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр. ред. қара)
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялау ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
?кіметінiң 2002 жылғы 22 тамыздағы № 938 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 қаулысымен мәтіндегі «ресми мәтіндерін кейіннен жариялаудың», «ресми мәтіндерін кейіннен жариялауды», «кейіннен жариялауға», «кейін жариялауға», «кейіннен жариялау», «Кейіннен жариялаудың», «ресми мәтіндерін кейіннен жариялау» деген сөздер «мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудың», «мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды», «кейіннен ресми жариялауға», «кейіннен ресми жариялау», «Кейіннен ресми жариялаудың», «мәтіндерін кейіннен ресми жариялау» деген сөздермен ауыстырылды (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудың ережесi 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабын iске асыру мақсатында әзiрлендi және Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялаудың тәртібін айқындайды. 2. "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында түрлерi көзделген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды (бұдан әрi кейіннен ресми жариялау) осы Ережеде белгiленген тәртiппен осындай құқық алған баспа басылымдары жүзеге асырады. 3. Осы Ереже нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау қажеттiгi туралы дербес шешiм қабылдайтын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысына және Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актiлер жинағына қолданылмайды. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялауды баспа басылымдары және олар жариялайтын мәтiндер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiне сәйкестiк сараптамасынан өткiзiлуi шартымен және кейіннен ресми жариялау облыстық, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық органдары берген (бұдан әрі - аумақтық органдар) құқықты алғаннан кейiн жүзеге асырады. 5. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) сараптама - оның барысында баспа басылымдары ұсынатын нормативтiк құқықтық актiлер мәтiндерiнiң эталондық бақылау банкiнде сақталатын нормативтiк құқықтық актiлердiң ресми мәтiндерiне сәйкестiгiн тексерудi уәкiлеттi орган жүзеге асыратын рәсiм; 2) макет - кейіннен ресми жариялауға жататын нормативтiк құқықтық акт мәтінінің алдын ала үлгiсі. 2. Кейіннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi құжаттар
ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Кейіннен ресми жариялауға құқық алу мақсатында баспа басылымы аумақтық органдарға мынадай құжаттарды ұсынады: 1) кейіннен ресми жариялауға құқық алуға арналған уәкiлеттi орган белгiлеген нысандағы өтiнiш; 2) баспа басылымының заңнамада белгiленген тәртiппен куәландырылған құрылтай құжаттарының көшiрмелерi; 3) макет. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Аумақтық органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сараптама жүргiзуге және кейіннен ресми жариялауға құқық алу үшiн қажеттi өзге де материалдарды сұратуға құқылы. 3. Кейіннен ресми жариялауға құқық алудың шарттары мен тәртібі ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 8. Осы Ереженiң 6-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттар келiп түскеннен кейiн аумақтық органдар 30 күнтiзбелiк күн iшiнде сараптама жүргiзедi. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 9. Жүргiзiлген сараптама нәтижелерi бойынша аумақтық органдар кейіннен ресми жариялауға құқық беру туралы не оны беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 10-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 10. Аумақтық органдардың оң қорытындысы болған кезде баспа басылымы кейіннен ресми жариялауға құқық алады. Бұл ретте аумақтық органдар кейіннен ресми жариялануға тиiс нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнiне "Ресми мәтiн" деген мөртаңба қояды. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Кейіннен ресми жариялауға құқық беруден, егер: 1) осы Ереженiң 6-тармағында көзделген барлық қажеттi құжаттар немесе осы Ереженiң 7-тармағына сәйкес аумақтық органдар сұратуға құқығы бар материалдар ұсынылмаған; 2) осы Ереженiң 6-тармағында көзделген құжаттарда немесе осы Ереженің 7-тармағына сәйкес аумақтық органдардың сұратуға құқығы бар материалдарда ақпарат толық емес немесе шынайы емес ақпарат көрсетiлген; 3) аумақтық органдардың терiс қорытындысы шығарылған жағдайда бас тартылуы мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 12. Аумақтық органдар кейіннен ресми жариялауға құқық беруден бас тартылған жағдайда баспа басылымына бас тарту себептерiн көрсете отырып, дәлелдi хат жiбередi, сондай-ақ баспа басылымына ұсынылған барлық құжаттар мен материалдарды қайтарады. 4. Кейіннен ресми жариялаудың тәртібі 13. Кейіннен ресми жариялау құқығын алған баспа басылымдары нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық бақылау банкiне сәйкес корректорлық және редакторлық түзетулер мен қысқартусыз ресми мәтiндерiн оларға дәлме-дәл сәйкестiкте жариялауға тиiс. 14. Баспа басылымдары нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялау кезiнде олардың қолданысқа енгiзiлген күнiн мiндеттi түрде көрсетуге тиiс. 15. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтіндерін кейіннен ресми жариялау кезiнде жарияланатын нормативтiк құқықтық актiлерге баспа басылымдарының қандай да бiр түсiнiктемесiне рұқсат берiлмейдi. ҚР Үкіметінің 2009.25.12. № 2206 қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 16. Осы Ереженiң сақталуын бақылауды аумақтық органдар жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |