|
|
|
«Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамын құрудың кейбір мәселелері туралы (2015.28.08. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Стресті активтер қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - қоғам) құрылсын. ҚР Үкіметінің 2009.09.10. № 1553 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қоғам қызметінің мәні мыналар болып анықталсын: 1) екінші деңгейдегі банктердің сыныпталған активтерін, олар бойынша кепілдікті қамтамасыз етуді сатып алу және активтерді басқару; 2) қаражатты екінші деңгейдегі банктерге негізделген орналастыру және өзге қаржы ұйымдарына кредит беру. 3. Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен 52040168000 (елу екі миллиард қырық миллион бір жүз алпыс сегіз мың) теңге мөлшерінде жүзеге асырылады. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) қоғамның жарғысын бекітуді және оны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін; 2) негізгі шарттардың бірі қоғамның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету деп белгілей отырып, қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына сенімді басқаруға беруді; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-110-жолмен толықтырылсын: «21-110. «Стресті активтер қоры» АҚ»; 2) ҚР Үкіметінің 2015.28.08. № 683 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |