|
|
|
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (2008.16.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 26 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі Заңының 4-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Мемлекет реттейтін баға қолданылатын әуежайлар қызметтерінің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 49, 562-құжат); 2) «Мемлекет реттейтін бағалар қолданылатын телекоммуникациялар қызметтерінің және телекоммуникациялар қызметтерін ұсынумен технологиялық байланысты қызметтердің номенклатурасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 қазандағы № 1064 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 38, 503-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 қарашадағы № 1194 және 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 1348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 26 қаңтардағы № 63 қаулысының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 4, 34-құжат). 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № 155 қаулысымен бекітілген
Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтерінің (тауарларының, жұмыстарының) тізбесi
1. Мұнай және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау саласында: мұнайды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау жөніндегі қызмет: 1) бірыңғай бағыттау бойынша операторлық қызмет; 2) мұнайды магистральдық құбыр жолының жүйесі арқылы қайта айдау; 3) мұнайды темір жол цистерналарынан құйып алу; 4) мұнайды темір жол цистерналарына құю; 5) мұнайды танкерлерге құю; 6) мұнайды автоцистерналардан құйып алу; 7) мұнайды автоцистерналарға құю; 8) мұнайды сақтау; 9) мұнайды ауыстырып құю; 10) мұнайды араластыру. 2. Газды немесе газ конденсатын магистральдық және (немесе) таратушы құбыр жолдары, газ таратушы қондырғыларды және оларға байланысты газ таратушы газ құбырларын пайдалану арқылы сақтау, тасымалдау саласында: табиғи газды магистральдық құбыр жолдары арқылы тасымалдау; Қазақстан Республикасының тұтынушылары үшін табиғи газды таратушы құбыр жолдары арқылы тасымалдау; сұйылтылған көмірсутекті газды топтық резервуарлық қондырғыдан тұтынушының енгізу шығыранына дейін газ құбырлары арқылы тасымалдау; табиғи газды сақтау. 3. Электр энергиясын беру және (немесе) бөлу саласында: электр энергиясын беру және (немесе) бөлу. 4. Жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау саласында: жылу энергиясын өндіру; жылу энергиясын беру және бөлу; жылу энергиясымен жабдықтау; жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу; жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау. 5. Электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру саласында: электр энергиясын желіге босатуды және тұтынуды техникалық диспетчерлендіру. 6. Магистральдық темір жол желілері саласында: магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру; жылжымалы құрамды магистральдық темір жол желісі арқылы өткізуді ұйымдастыру; магистральдық темір жол желісін пайдалануға беру және ол арқылы жылжымалы құрамды өткізуді ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Кірме жолдар саласында: бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру; бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда маневр жұмыстары, тиеу-түсіру, тасымалдау процесінің басқа да технологиялық операциялары үшін, сондай-ақ тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды беру. ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 8. Аэронавигация саласында: әуе кеңістігіндегі әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету; әуеайлақ маңындағы әуе кемелеріне аэронавигациялық қызмет көрсету. ҚР Үкіметінің 2007.28.09. № 854 Қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 9. Порттар, әуежайлар саласында: 1) теңіз портының қызметтері: теңіз портының күштерімен және құралдарымен орындалатын тиеу-түсіру жұмыстары; кейіннен порттан шығып жүк операцияларын жүргізу және/немесе өзге мақсаттар үшін кеменің теңіз портына кіргені үшін (кеменің кіруі) қызметтер; ҚР Үкіметінің 2008.16.05. № 458 қаулысымен 2-тармақша жаңа редакцияда (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара) 2) әуежайлардың қызметтері: әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету; авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету; қону әуежайында өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (почталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін 3 сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған үлгілері үшін 6 сағаттан астам тұрақ орнын беру; әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру; жолаушыларды тіркеуге арналған жұмыс орнын (алаңын) беру. 10. Телекоммуникациялардың әмбебап қызметтерін қоспағанда, қызметтің осы түрлерін көрсетудің технологиялық мүмкін болмауы не экономикалық орынсыздығы себебінен бәсекелес байланыс операторы болмауы шартымен телекоммуникациялар саласында: байланыс операторларының телекоммуникациялар желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникациялар желісіне қосу: 1) жергілікті деңгейде; 2) аймақішілік және қалааралық деңгейде; 3) қалааралық және халықаралық деңгейде; мыналарды: 1) жергілікті телефон трафигін; 2) аймақішілік телефон трафигін; 3) қалааралық телефон трафигін; 4) халықаралық телефон трафигін; 5) ұялы операторлар желісінен/желісіне телефон трафигін қосылатын байланыс операторларының желісінен (желісіне) қосылатын байланыс операторларының телефон трафигін; ҚР Үкіметінің 2006.13.10. № 994 Қаулысымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) ІР-телефония (Интернет-телефония) операторларының телефон трафигін. 11. Телекоммуникация желілерін жалпы пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосуға технологиялық жағынан байланысты кәбілдік кәріздер мен өзге де негізгі құралдарды мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру жөніндегі салада: телефон кәрізін байланыс операторларына пайдалануға беру. 12. Су шаруашылығы және кәріз жүйелері саласында: су шаруашылығы жүйесінің қызметтері: 1) тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу; 2) суды магистральдық құбыр жолдары арқылы беру; 3) суды таратушы желілер арқылы беру; 4) суды арналар арқылы беру; кәріз жүйесінің қызметтері: 1) сарқынды суды бұру; 2) сарқынды суды тазарту. 13. Почта байланысы қызметтері саласында: почта байланысының жалпыға қол жетімді қызметтері: 1) жай хаттарды жіберу; 2) жай почта карточкаларын жіберу; 3) жай бандерольдерді жіберу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |