Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде
жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 Қаулысы
(2008.16.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2008 жылғы 24 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысына
қосымша
ҚР Үкіметінің 2007.18.04. № 309 (бұр.ред.қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04. № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру
мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Балиева Зағипа Яхияқызы | - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, төрайым |
Құсдәулетов Дулат Рашитұлы | - Қазақстан Республикасының Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары |
Қожамжаров Қайрат Пернешұлы | - Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары, төрайымның орынбасары |
Баймағамбетова Бағила Бірмағамбетқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы |
Ахметов Қабдығали | Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Ақылбай Серік Байсейітұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Экономика, қаржы және бюджет комитетінің мүшесi |
Рахманбердиев Орынбай | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесi |
Бектұров Азат Ғаббасұлы | - Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрi |
Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрi |
Көмекбаев - Әли Амантайұлы | Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары |
Cәрсенбаев Зейнолла Сәкенұлы | - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi |
Байжанов Нұрсейіт Әбсаттарұлы | - Қаржы полициясы академиясы бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты |
Жанасаев Болат Бақытжанұлы | - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары |
Супрун Виктор Васильевич | Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша) |
Бишеғаев Асқар Дарұшұлы | - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары |
Кравченко Андрей Николаевич | - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы |
Жұмағұлов Ерлан Әскерұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің Директоры |
Мәуленов Ғазиз Сырбайұлы | - Қазақ гуманитарлық заң университеті қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, профессор |
Бекбаев Ерзат Зейноллаұлы | - Қазақ гуманитарлық заң университеті құқықтық қамтамасыз ету және сараптама орталығы директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты |
Жалмағамбетова Светлана Жақиянқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Айтжанов Дулат Нулиұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі |
Құдайбергенов Ескендір Көпбосынұлы | - Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі |
Үкібаев Ермек Елеуханұлы | - Қазақстан Республикасы Республикалық ұланы қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Шаяхметов Әділ Шаяхметұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша) |
Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы | - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша) |
Турецкий Николай Николаевич | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша) |
Дәленов Руслан Ерболатұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда вице-министрі |
Дворецкий Владимир Яковлевич | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы дирекциясының Парламентпен жұмыс жөніндегі директоры (келісім бойынша) |
Дүйсембинов Берік Сәлімжанұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры (келісім бойынша) |
Жұмағұлов Ерлан Әскерұлы | - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Заңнама департаментінің директоры, хатшы |
Нұғманова Элмира Әбдікқызы | - заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша); |
Әбденов Серік Сақбалдыұлы | - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі |
Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппарат басшысы (келісім бойынша); |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 14 наурыздағы
№ 193 қаулысымен
бекітілген
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жағдай туғызатын нормалардың болу мәніне қолданыстағы заңнаманы талдауды қарау қорытындылары бойынша;
2) қолданыстағы заңнамаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
4. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның:
1) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға;
2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының және ұйымдарының өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратуға және алуға құқығы бар.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
5. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады.
6. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі болып табылады.
7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссияның отырысынан кейін хаттаманы ресімдеуді Комиссияның хатшысы жүзеге асырады.
Комиссия отырыстарының материалдары Комиссия отырысын өткізуге дейін кемінде 3 жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне жібереді.
8. Комиссия отырысы күнтізбелік жылғы айдың үшінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп есептеледі.
9. Отырыстардың күн тәртібі, сондай-ақ олардың өтетін орны мен уақытын Комиссия мүшелерінің келісімі бойынша Комиссия төрағасы белгілейді және нақтылайды.
10. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер олар үшін Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі, Комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, жазбаша түрде жазылуы және Комиссияның хаттамасына қоса берілуі тиіс.
11. Комиссия өз қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.