Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың (2008.20.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 7 мамырдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2008.17.03. № 254 (бұр.ред.қара); 2008.20.06. № 597 (бұр.ред.қара) қаулыларымен қосымша өзгертілді Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі, төраға
Байсақова - Қазақстан Дағдарыс орталықтары Зүлфия Мұхамедбекқызы одағының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік Азат Ғаббасұлы және коммуникация вице-министрі
Жанасаев - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Болат Бақытжанұлы министрінің орынбасары, генерал-майор
Калюжный - Қазақстан Республикасы Адам Вячеслав Афанасьевич құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының жетекшісі (келісім бойынша)
Моисеева - Қазақстан Республикасы Президентінің Нелли Яковлевна жанындағы Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясы хатшылығының сарапшысы
Омаров - Қазақстан Республикасының Денсаулық Қадыр Тоқтамысұлы сақтау вице-министрі
Шпекбаев - Қазақстан Республикасының Ішкі Алик Жатқамбайұлы істер вице-министрі
Жүкенов - Қазақстан Республикасы Білім және Жұмажан Қамкенұлы ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы, төрағаның орынбасары
Саймасаева - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Гаухар Айтжанқызы министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың құқықтарын қорғау басқармасының бастығы, хатшы
Исабаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Бейбіт Өксікбайұлы және ақпарат вице-министрі
Өскенбаев - Қазақстан Республикасының Туризм Қайырбек Айтбайұлы және спорт вице-министрі
Дүйсекеев - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Айдын Мали-Задеұлы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының Орынбасары
Жандаева - Халықаралық еңбек ұйымының үйлестірушісі Дана Шайханқызы (келісім бойынша)
Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы № 415 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және балалардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бала құқықтары туралы» заңдарын, осы ережені, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарды басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
4. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары: 1) балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау саласындағы проблемалар, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алу, оларды әлеуметтік оңалту жөнінде бағдарламалар әзірлеу; 2) балалардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты мүдделі министрліктер мен ведомстволар ұсынған проблемалар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
5. Комиссияның өзінің міндеттеріне сәйкес: 1) өзінің құзыретіне енетін мәселелер бойынша ұсынымдар әзірлеуге; 2) мемлекеттік және басқа да ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 3) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу әрі балалардың құқықтарын қорғау жөнінде жүргізілетін жұмыс туралы мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының есебін тыңдауға; 4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жататын нақты проблемалар мен мәселелер жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу үшін уақытша немесе тұрақты жұмыс істейтін жұмыс топтарын ұйымдастыруға; 5) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, олардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстардағы жай-күй мен кемшіліктер туралы мүдделі мемлекеттік органдардың басшыларын белгіленген тәртіппен хабардар етуге; 6) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, балалардың құқықтарын қорғау проблемаларын шешуде жергілікті атқарушы органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасасуға құқығы бар.
4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру
6. Комиссия төрағасы Комиссия қызметіне басшылық жасайды, Комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссия жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және Комиссия әзірлейтін шешімдер үшін дербес жауапты болады. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын орынбасары орындайды. Комиссияның отырыстарына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарының өкілдері қатыса алады. 7. Комиссияның жұмыс органының функциялары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктеледі. 1) Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады; 2) Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және бақылайды; 3) Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді. 9. Комиссия отырыстарында қарауға арналған мәселелердің тізбесі қажеттілігіне қарай жасалады, оны төраға бекітеді және Комиссия мүшелеріне тізім бойынша жөнелтіледі. 10. Комиссияның жұмысын ұйымдастыруды, тиісті құжаттарды, материалдарды дайындауды және Комиссия отырысының хаттамасын ресімдеуді Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды. 11. Комиссия хатшысы отырысқа дейін үш күннен кешіктірмей Комиссия мүшелеріне барлық қажетті құжаттарды жібереді. 12. Комиссия отырысы Комиссия төрағасының не оның орынбасарының басшылығымен (төрағаның тапсырмасы бойынша) жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер, оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Шұғыл шешім қабылдау қажеттілігі болған жағдайда, төрағаның шақыруы бойынша кезектен тыс отырыс өткізілуі мүмкін. 13. Комиссияның шешімдері жай көпшілік дауыспен қабылданады, отырысқа төрағалық етуші қол қоятын хаттамалармен ресімделеді. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша оның барлық мүшелері міндетті түрде қол қоятын хаттама жасалады. 14. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады. 15. Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалады және Комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
5. Комиссияның қызметін тоқтату
16. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссия қызметін тоқтату үшін негіз болып табылады.
|