Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесін бекіту туралы
Осы редакция 2009 жылғы 2 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қоса беріліп отырған Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 қаулысымен бекітілген
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізуге жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің құқығын тану үшін әзірленді. 2. Мыналар аккредиттеуге жатады: республикалық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің одағы (қауымдастығы), шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық бірлестік, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің республикалық салалық бірлестіктері; облыстық деңгейде - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің облыстық бірлестіктері, шағын кәсіпкерлік жөніндегі облыстық бірлестік; қалалық, аудандық деңгейлерде - шағын кәсіпкерлік жөніндегі қалалық, аудандық бірлестіктер. 3. Егер, аккредиттеуге бір өңірді, бір саланы білдіретін екі және одан да көп бірлестіктер үміткер болған жағдайда, онда осы бірлестіктің мүшелері болып табылатын ұйымдардағы (жеке кәсіпкерлік субъектілеріндегі) қызметкерлердің жиынтығында ауқымды саны бар бірлестік аккредиттеуге жатады. 4. Егер аккредиттеуге бір әкімшілік-аумақтық бірлестікті, қызметтің бір саласын білдіретін екі немесе одан да көп коммерциялық емес ұйым үміткер болған жағдайда, онда азаматтардың көп санын біріктіретін коммерциялық емес ұйым аккредиттеуге жатады. 5. Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін (бұдан әрі - бірлестіктер) аккредиттеуді орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - аккредиттеу органдары) жүзеге асырады. 6. Аккредиттеуді жүзеге асырудың мерзімі мен шарттары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде хабарландыру жариялағаннан кейін аккредиттеу органы жүзеге асырады. Аккредиттеуді республикалық деңгейде жүзеге асыру кезінде хабарландыру Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. Аккредиттеуді облыстық, қалалық және аудандық деңгейлерде жүзеге асыру туралы хабарландыру тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарында жарияланады. 7. Аккредиттеуді объективті және білікті түрде жүзеге асыру мақсатында әрбір аккредиттеу органында аккредиттеу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады. Комиссияның құрамы және ол туралы ереже аккредиттеу органы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
2. Аккредиттеу жүргізудің тәртібi
8. Аккредиттеу алу үшін өтініш беруші аккредиттеу органына мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес өтініш; 2) құрылтайшылық құжаттардың, жарғының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері; 3) бірлестік мүшелерінің тізімі; 4) статистикалық есептілік нысанына сәйкес бірлестіктің мүшелері болып табылатын ұйымдардағы қызметкерлердің санын растайтын есептің көшірмесі; 5) бірлестіктің өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметін растайтын өзге де құжаттар. 9. Аккредиттеуді жүргізу тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) комиссияның аккредиттеу материалдарын қарауы; 2) аккредиттеу органының аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдауы; 3) аккредиттеу туралы куәлікті немесе негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарламаны беру. 10. Құжаттарды қарау комиссияның мәжілістерінде жүзеге асырылады. Комиссия мыналарға: 1) бірлестікті аккредиттеуді; 2) бірлестікті аккредиттеуден бас тартуды; 3) аккредиттеу туралы куәліктің күшін тоқтата тұруды немесе тоқтатуды ұсынуға құқығы бар. 11. Аккредиттеу органы комиссияның ұсынымы негізінде аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдайды. Аккредиттеу туралы куәлік немесе себебін негіздеумен аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша хабарлама аккредиттеу органы тиісті шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бірлестікке беріледі. 12. Құжаттарды қарау (өтініштер қабылданған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы куәлікті беру туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі он жұмыс күнінен аспауға тиіс. 1) берілген құжаттар осы Ереженің 5-тармағының талаптарына сәйкес келмеген; 2) бірлестік өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі қызметті жүзеге асырмаған; 3) ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе толық емес мәліметтер болған жағдайда аккредиттеуден бас тартылуы мүмкін. 14. Аккредиттеу туралы куәлік осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 2 жыл мерзімге беріледі. 15. Аккредиттеу туралы куәлік иеліктен шығарылмайды және басқа заңды тұлғаларға берілмейді. 16. Аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан кезде бірлестік тиісті өтініш берілген күннен бастап он жұмыс күнінің ішінде куәлікті берген аккредиттеу органынан оның телнұсқасын ала алады.
3. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
17. Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын аккредиттеу органы аккредиттеуге ұсынылған құжаттарда сенімсіз немесе бұрмаланған деректер анықталған жағдайда тоқтата тұруы мүмкін. 18. Куәліктің қолданылуының тоқтатыла тұруына әкеп соққан бұзушылықтар жойылған кезде аккредиттеу органы комиссияның оң шешімі негізінде оның қолданылуын жаңғыртады. 19. Аккредиттеу туралы куәлік өз қолданылуын мынадай: 1) мүдделі мемлекеттік орган аккредиттелген бірлестікке жіберген жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобалары бойынша сараптамалық қорытынды үш реттен артық берілмеген; 2) куәліктің қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соққан бұзушылықтар бір айдың ішінде жойылмаған; 3) аккредиттелген бірлестік қайта ұйымдастырылған немесе таратылған; 4) бірлестік куәліктің қолданылуын ерікті тоқтату туралы өтініш берген; 5) оның қолданылу мерзімі өткен жағдайда тоқтатады. 20. Комиссия аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтату мәселелерін он жұмыс күні ішінде қарайды. 21. Аккредиттеу органы бірлестікті аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату туралы бес жұмыс күні ішінде хабардар етеді.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесіне № 1 қосымша
Кімге ___________________________ (орталық мемлекеттік және _________________________________ жергілікті атқарушы орган басшысы- _________________________________ ның лауазымы, Т.А.Ә.) Кімнен __________________________ (бірлестік басшысының _________________________________ лауазымы Т.А.Ә.) Деректемелер: _________________________________ (заңды мекен-жайы, байланыс телефоны)
Өтініш
______________________________________________________________ (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органының атауы)
жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын тану үшін _______________________________________________ (бірлестіктің атауы) аккредиттеуді сұраймын. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілді: 1. ________________________________________________________ 2. ________________________________________________________ 3. ________________________________________________________ 4. ________________________________________________________ 5. ________________________________________________________
М.О. _________ _________________________________ (қолы) (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты)
"___"______ 200__ жыл
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу ережесіне № 2 қосымша
Елтаңба ____________________________________ (бірлестіктің атауы)
аккредиттеу туралы КУӘЛІК
______________________________________________________________ (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органының атауы) ______________________________________________________________ (бірлестіктің атауы) ______________________________________________________________ (орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органының атауы) жанындағы кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде _____________________________________________ (бірлестіктің атауы) жеке кәсіпкерлік мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларына сараптама жүргізу құқығын мойындайды. (200 жылғы "___" ________ № ____ бұйрық) Куәлік 200 жылғы "___" ________ дейін жарамды Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органының басшысы (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)
Сериясы:
Берілген күні: |