«Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы (2007.02.02. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2009 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 9 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкіміне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. ҚР Үкіметінің 2006.29.06. № 600 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 1851 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада: 48-тармақтың төртінші абзацындағы «2001» деген сандар «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен ауыстырылсын. 3. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында(Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірлері 25, 80-жолдар алынып тасталсын. 4. ҚР Үкіметінің 2006.31.03. № 222 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. ҚР Үкіметінің 2007.02.02. № 79 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. «Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 желтоқсандағы № 1286 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 48, 617-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «Нормативтік-құқықтық және әдіснамалық қамтамасыз етуді жетілдіру» деген 1-бөлімнің 5-бағанындағы реттік нөмірі 8-жолдағы «4-тоқсан» деген сөздер «3-тоқсан» деген сөздермен ауыстырылсын. 7. «Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 1295 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияның орындалуы туралы баяндамада: «Жалпы мәліметтер» деген 1-бөліктің «Ел және халық (негізгі гендерлік сипаттамалар)» деген 1-бөлімінің «Әйелдерге қатысты зорлық» деген кіші бөлімінің төртінші абзацындағы «2006 жылғы 2-тоқсанда» деген сөздер және «2005 - 2007» деген сандар тиісінше «2007 жылғы 1-тоқсанда» деген сөздермен және «2006 - 2007» деген сандармен ауыстырылсын. 8. «2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы № 363-ө өкімінде: көрсетілген өкіммен бекітілген 2004 жылғы 7 қыркүйекте Қазақстан әйелдерінің IV Форумында Қазақстан Республикасының Президенті қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 25-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «2007 ж. І тоқсан».
|