Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 1248 Қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 29 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 1248 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 11 қыркүйектегі № 1376 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат):
1-тармақта:
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Парсегов Борис Анатольевич | - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары |
Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрайымының орынбасары |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Мейірманова Азалия Амангелдіқызы | - Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы фракциясының аппараты ұйымдастыру-құқық бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Нұғманова Эльмира Әбдікқызы | - «Қазақстан Республикасының заң шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы, Шаймерденова Гүлвира Балташқызы шығарылсын.
2. «Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 29, 385-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Құрманғалиев Әсет Қабиұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының фракциясы аппаратының басшысы (келісім бойынша) |
Нұғманов Тимур Ерсайынұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы заң департаментінің директоры (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Айтжанов Дулат Нулиұлы, Супрун Виктор Васильевич, Атабаев Әсет Асанбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы шығарылсын.
3. «Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 758 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 31, 401-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Әкімшілік заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Федоров Олег Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Парсегов Борис Анатольевич | - Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының орынбасары |
Меңдібаев Бірлік Қайырбекұлы | - Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі төрайымының орынбасары |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Құрманғалиев Әсет Қабиұлы | - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының фракциясы аппаратының басшысы (келісім бойынша) |
Иса Әбжаппар Үкібайұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігі атқарушы дирекциясының заң департаменті директорының орынбасары (келісім бойынша) |
Қуанғанова Гүлнәр Шаймұратқызы | - Қазақстан кәсіпкерлері форумы атқарушы директорының орынбасары (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Атабаев Әсет Асанбайұлы, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Шаймерденова Гүлвира Балташқызы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы шығарылсын.
4. «Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 наурыздағы № 193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 8, 92-құжат):
көрсетілген қаулыға қосымшада:
Қолданыстағы заңнаманы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлігінде жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Бөрібаев Асқар Исмайылұлы | - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі |
Оразаев Марат Әбілахатұлы | - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Қасымов Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы | - Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі |
Тілеухан Нәркес Түлекқызы | - Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Аппараты заң бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша) |
Сыпченков Юрий Николаевич | - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Орталық аппараты заң департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Нұғманов Тимур Ерсайынұлы | - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы заң департаментінің директоры (келісім бойынша); |
көрсетілген құрамнан Дворецкий Владимир Яковлевич, Шпекбаев Алик Жатқамбайұлы, Супрун Виктор Васильевич, Айтжанов Дулат Нулиұлы, Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Ыбырайым Нұрлан Мұхтарбекұлы шығарылсын.