|
|
|
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық (2009.15.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1707 Қаулысымен күші жойылды
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2005.02.02. № 89 (бұр. ред. қара); 2005.23.05. № 493 (бұр. ред. қара); 2005.25.11. № 1165 (бұр.ред.қара); 2006.15.03. № 172 (бұр.ред.қара); 2006.07.09. № 846 (бұр. ред. қара); 2007.20.03. № 217 (бұр. ред. қара); 2007.05.10. № 905 (бұр.ред.қара); 2008.07.04 № 323 (бұр.ред.қара); 2008.16.06. № 587 (бұр.ред.қара); 2008.24.12. № 1248 (бұр.ред.қара); 2009.15.05. № 728 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Түсіпбеков - Қазақстан Республикасының Әділет Рашид Төлеутайұлы министрі, төраға
Дәулеталин - Қазақстан Республикасының Сатыбалды Телағысұлы Парламенті Мәжілісінің Аппарат Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
Қасымов - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Ақылтай Ахметжанұлы азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасының міндетін атқарушы (келісім бойынша)
Сәдуақасова - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны Елдана Мәкенқызы қорғау вице-министрі
Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Байжанов - Қазақстан Республикасы «Сырбар» сыртқы Ғабит Жақыпбайұлы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Қосдәулетов Дулат - Қазақстан Республикасының Рашитұлы Әділет вице-министрі, төрайымның орынбасары;
Жұмағұлов - Әдiлет министрлігі Заңнама Ерлан Әскерұлы Департаментінің директоры, хатшы
Комиссия мүшелерi Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша) Тәжияқов - Ұлттық Банк төрағасының орынбасары; Бисенғали Шамғалиұлы Райымбеков - Қазақстан Республикасының Жер Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Сүлейменов - Қазақ гуманитарлық заң университетi жеке Майдан Күнтуарұлы құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Стамқұлов - Қазақстан Республикасының Үбайдолла Мырзағалиұлы Конституциялық Кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Уақпаев - Қазақстан Республикасының Марат Сұлтанұлы Парламенті Сенатының Аппараты сараптама бөлімінің меңгерушісі (келісім бойынша)
Уақпаев -Қазақстан Республикасының Парламенті Марат Сұлтанұлы Сенатының Аппараты Сараптама бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты (келісім бойынша)
Құрманғалиев - Қазақстан Республикасы Парламенті Әсет Қабиұлы Мәжілісіндегі «Нұр Отан» халықтық- демократиялық партиясының фракциясы аппаратының басшысы (келісім бойынша)
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Тұрғанов - Қазақстан Республикасының Дүйсембай Нұрбайұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі
Үкібаев - Қазақстан Республикасы Ермек Елеуханұлы Республикалық ұланы Қолбасшысының бірінші орынбасары (келісім бойынша)
Тәжияқов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Бисенғали Шамғалиұлы Банкі Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)
Башымов - Қазақстан Республикасы Президентінің Марат Советұлы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның Сараптамалық-консультативтік кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);
Әлімжанов - «Қазақстан Республикасының Заң Сұлтан Дастанбекұлы шығару институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құқықтық мониторинг, қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің салдарын болжау және жемқорлыққа қарсы сараптама басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Нұғманов - «Атамекен» Одағы» Қазақстанның ұлттық Тимур Ерсайынұлы экономикалық палатасы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы дирекциясы заң департаментінің директоры (келісім бойынша)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысымен бекітілген Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметі жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары 3. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) қолданыстағы азаматтық заңнаманы талдау; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi бойынша қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарау; 3) азаматтық заңнаманы жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына ұсыныстар енгізу; 4) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру. 4. Өзiнің мiндеттерiне сәйкес Комиссияның: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен iс-әрекет жасауға; 2) азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 3) Комиссияның құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртіппен сұратуға және алуға; 5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға; 6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар. 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды даярлауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi. ҚР Үкіметінің 2006.15.03. № 172 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Комиссияның отырыстары күнтізбелік жылғы айдың төртінші дүйсенбісінде, қажет болған кезде Комиссия төрағасы белгілейтін өзге де күндерде де өткізіледі. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санының кемінде жартысы қатысқан кезде заңды деп саналады. 9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгілейдi және нақтылайды. 10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерiнің ерекше пікiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берiлуi тиiс. 11. Комиссия ұсыныстарын Комиссия атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы ?кіметінің қарауына енгiзедi. 12. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшін ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн. 13. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өз жұмысын тоқтатады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |