Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер (2008.28.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2009 жылғы 13 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған: Комиссия туралы ереже; Комиссия құрамы бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Yкіметі ескерткiштер мен монументтер орнату туралы шешімдерді Комиссияның ұсынысын ескере отырып қабылдайды деп белгіленсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия орнатылатын ескерткiштер мен монументтердiң жоғары идеялық және көркемдiк деңгейiн қамтамасыз ету жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiн Қазақстан Республикасының заңнамаларына, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комиссияның негiзгі функциялары мен өкілеттіктерi ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Комиссия жергіліктi атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ескерткіштер мен монументтер орнату туралы ұсыныстарын қарайды және: 1) ескерткiштiң немесе монументтiң ең таңдаулы жобасына конкурстар өткізу; 2) конкурсқа ұсынылған ескерткiштер мен монументтер жобаларының конкурс шарттарында белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексеру; 3) ең үздiк жобаларға сыйлықтар және көтермелеудің басқа да түрлерiн беру; 4) конкурс қорытындылары негiзiнде жобалық құжаттарды одан әрi әзiрлеу; 5) ескерткiш немесе монументтiң эскиздiк жобасын, мүсiннiң жұмыс моделiн, тұғырдың сызбаларын, жұмсақ материалда жасалған құрылыс мөлшеріндегі мүсiн моделiн, құрылыс материалында (қола, гранит және т.б.) жасалған мүсiндi, жасалған және төңiрегіндегі аумақтың көркейтiлуi аяқтала отырып орнатылған ескерткiш немесе монумент құрылысын қабылдау жөнiнде ұсынымдар бередi. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Комиссия белгiленген тәртiппен және өз құзыретiне енетiн мәселелер бойынша: 1) республикада ескерткiштер мен монументтер орнату мәселелерiн реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) Комиссия құрамына өзгерiс туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 3) ескерткiштердi немесе монументтердi жобалау және құрылысы процесiнде авторлармен консультативтiк жұмыс жүргiзуге; 4) ескерткiштер мен монументтер жобаларын дайындау және iске асыру жөнiнде уақытша және тұрақты жұмыс істейтiн сараптамалық және жұмыс топтарын ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгізуге; 5) ескерткiштер мен монументтер жобаларын бағалау, басым жобаларды таңдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мен енгізу үшiн Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдары мен ұйымдарының мамандарын және консультанттарды тартуға; 6) Комиссия құзыретіне жататын мәселелер бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға; 7) Комиссия мүшелерінің мәжілістерiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының жауапты өкiлдерiн, сараптама және жұмыс топтары жетекшiлерiн тыңдауға; 8) ескерткiш және монумент құрылысына арналған гранттар мен техникалық көмек түрінде қаржыландыру тарту туралы ұсыныстар енгізуге; 9) Комиссия мүшелерiн ескерткіштер мен монументтер жобаланатын және орнатылатын жерлерге iссапарға жiберу туралы ұсыныстар енгізуге құқылы. 3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Комиссияның мәжілісi қажеттiлiгiне қарай тоқсанына кемінде бір рет өткiзiледi және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, құқылы деп саналады. ҚР Үкіметінің 21.11.02 ж. № 1235 қаулысымен 5-1, 5-2, 5-3 тармақтарымен толықтырылды 5-1. Комиссия құрамына жетекші сәулетшілер мен мүсіншілер, өнертанушылар, мемлекеттік органдардың, ғылым және мәдениет мекемелерінің, шығармашылық одақтардың және басқа да мүдделі ұйымдар мен мекемелердің өкілдері кіреді. 5-2. Комиссияның қарауына ұсынылатын мәселелердің тізбесін түсуіне қарай жергілікті атқарушы органдардың, шығармашылық одақтардың және қоғамдық ұйымдардың ұсыныстары бойынша Комиссияның жұмыс органы жасайды. 5-3. Құрылысы аяқталған, эскиздері мен модельдері мәжілістерде алдын ала қаралмаған ескерткіштер мен монументтер жөніндегі ұсыныстар Комиссияның қарауына қабылданбайды. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-4-тармақпен толықтырылды 5-4. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарында төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және Комиссия жүзеге асыратын қызметке дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 5-5-тармақпен толықтырылды 5-5. Комиссияның хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және Комиссия мәжілісінің хаттамаларын ресімдейді. Хатшы Комиссияның мүшесі болып табылмайды. 6. Комиссия шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер олар үшiн комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшілігi дауыс берсе, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерi ерекше пiкiрге құқылы, ол айтылған жағдайда жазбаша түрде баяндалуы тиiс. Комиссия мәжілістерінің нәтижелерi бойынша, оған қатысушы мүшелер қол қойған хаттама жасалады. Оған осы мәжілісте қаралған ескерткiш немесе монумент жобасының сол сатыдағы фотосуреттерi қосымша берiледi. ҚР Үкіметінің 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 ; 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Комиссияның жұмыс органы болып табылады. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 8-тармақпен толықтырылды 8. Комиссия қызметінің ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз етілуін жұмыс органы қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2008.28.06. № 643 қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. Комиссия өзінің қызметін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде тоқтатады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 1 наурыздағы № 311 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 03.04.02 ж. № 397; 21.11.02 ж. № 1235 (бұр. ред. қара); 31.10.03 ж. № 1083 30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2006.27.06. № 588 (бұр. ред.қара); 2006.13.09. № 863 (бұр.ред.қара); 2008.28.06. № 643 (бұр.ред.қара) қаулыларымен құрам өзгертілді
Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткiштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия құрамы
Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мәдениет Мұхтар Абрарұлы және ақпарат министрі, төраға
Исабаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Бейбіт Өксікбайұлы және ақпарат вице-министрі, төрағаның орынбасары
Кәрібжанова - Қазақстан Республикасының Мәдениет Роза Самидоллақызы және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Есім - Қазақстан Республикасының Ғарифолла Есімұлы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет Арман Оразбайұлы және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы
Абаев - Қазақстандық суретшілер Хасен Сейілханұлы қауымдастығы басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша)
Досжан - мүсінші, Т. Жүргенов атындағы өнер Болат Сапарұлы академиясының профессоры, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері (келісім бойынша)
Мансұров - мүсінші, Қазақ көркем қорының Мұрат Амангелдіұлы төрағасы (келісім бойынша)
Нұразхан - Қазақстан Республикасындағы Алмас Шайкенұлы мәдениет пен өнерді қолдау мемлекеттік қорының директоры (келісім бойынша)
Садықов - Қазақстан сәулетшілер одағының Амангелді Зейноллаұлы мүшесі, Қазақстанның құрметті сәулетшісі (келісім бойынша)
Оразбекова - өнертанушы, Қазақстан Республикасы Лаура Сакенқызы Көркемөнер академиясының президенті (келісім бойынша)
Қойгелдиев - «Қазақстан тарихшылар қоғамдастығы» Мәмбет Құлжабайұлы қоғамдық ұйымының төрағасы, тарих ғылымдарының докторы, профессср (келісім бойынша) Ли - өнертанушы, Қазақстан Суретшілер Камилла Витальевна одағының жауапты хатшысы, ЮНЕСКО жанындағы суретші-сыншылар қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)
Рүстембеков - Қазақстан Сәулетшілер одағы Ақмырза Исаұлы басқармасының төрағасы (келісім бойынша) Сергебаев Ескен Аманжолұлы - мүсiншi, Қазақстанның еңбек сiңiрген өнер қайраткерi (келісім бойынша) Өмірбеков - өнертанушы, Қазақстанның еңбек Байтұрсын Есжанұлы сіңірген өнер қайраткері, профессор (келісім бойынша) |