|
|
|
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құру туралы (2014.04.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 тамыздағы № 529 Қаулысымен күші жойылды
Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) құру туралы Келісімге қосылу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті қаулы етеді: 1. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қажетті үйлестіру жөніндегі алғашқысының қаражаты есебінен қаржыландырылатын Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес құрылсын. Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа ұсыну үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзірлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, аталған жобалар бойынша басым мәні бар ұсыныстарды іріктеп, жинайды, жобаларды Халықаралық ғылыми-техникалық орталыққа жіберудің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды жасайды, осы жобалар бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды, ұлттық қауіпсіздік мүдделері талаптарының сақталуын, мемлекеттік және коммерциялық құпияны құратын ақпарат пен интеллектуалдық меншіктің қорғалуын қамтамасыз етеді. 2. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің құрамы беріліп отырған қосымшаға сәйкес бекітілсін. 3. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы беріліп отырған Ереже бекітілсін. 4. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлігі Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңеске үй-жай бөліп, оның ұйымдастыру-техникалық қызметін қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі
ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 Қаулысымен құрам өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2009.08.12. № 2039 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.17.08. № 1058 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2014.09.04. № 329 Қаулысымен (бұр.ред.қара) құрам жаңа редакцияда; ҚР Үкіметінің 2014.04.09. № 970 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төраға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі, төрағаның орынбасары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы, хатшы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша) «Әскери стратегиялық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамының вице-президенті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары
ҚР Үкіметінің 2009.08.12. № 2039 қаулысымен бүкіл мәтін бойынша «Энергетика және минералдық ресурстар» деген сөздер «Білім және ғылым» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 25 қаңтардағы № 90 қаулысымен бекітілген
Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңес туралы ЕРЕЖЕ
1. осы Ережеге Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың (ХҒТО) жобаларын жүзеге асыруға байланысты қызметті үйлестіру жөніндегі Ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) негізгі міндеттері мен қызметін белгілейді. 2. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасының мүдделерінің тұрғысынан ХҒТО тарапынан қаржыландырылатын жобалар бойынша басым мәні бар ұсыныстарды жинақтау мен іріктеу, Қазақстан Республикасы өкілінің ХҒТО Басқарушылары Кеңесіндегі келісілген көзқарасын қалыптастыру, іріктелген жобаларды ХҒТО-ға тапсыру болып табылады. 3. Өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес Кеңес ХҒТО-ға табыс ету үшін кәсіпорындар, ғылыми ұйымдар мен институттар әзірлеген ғылыми-техникалық жобаларды қарайды, қорытындылар жасайды, жобаны ХҒТО-ға жіберуге рұқсат береді, жобалар бойынша жұмыстардың орындалуын бақылайды, мемлекеттік, коммерциялық құпияларды құратын Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, ақпаратты, интеллектуалдық меншікті қорғау талаптарын қамтамасыз ету мәселелерін қарайды. 4. Ғылыми-техникалық жобаларды қарау және іріктеу жөніндегі өз қызметінде Кеңес Халықаралық ғылыми-техникалық орталықты құру туралы Келісімнің ережелерін ХҒТО-ның жарғысы мен нормативтік құжаттарын, мемлекеттік, интеллектуалдық және коммерциялық құпияларды қорғау саласында Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдары мен нормативтік актілерін басшылыққа алады. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Ғылыми-техникалық жобаларды ХҒТО-ға жіберу үшін оларды әзірлеу мен қараудың мынадай тәртібі белгіленеді: 5.1. Кәсіпорындар мен ұйымдар жобаларды әзірлеуді ХҒТО міндеттеріне, мақсаттарына, қабылданым өлшемдеріне, нормативтік талаптары мен процедураларына сәйкес жүзеге асырады. Ғылыми-техникалық жоба туралы ұсыныс Кеңеске осы жұмысты жүргізудің пайдалылығы мен орындылығы, оның ғылыми-техникалық деңгейі, мемлекеттік және коммерциялық құпиялардың сақталуы, интеллектуалдық меншікті қорғауы туралы кәсіпорынның ҒТК (НТС) қорытындысымен, сондай-ақ мемлекеттік құпиялардың сақталуы туралы кәсіпорынның тұрақты түрде жұмыс істейтін техникалық комиссиясының қорытындысымен бірге жібереді. Жекелеген ғалымдар мен шығармашылық ұжымдар жобалар туралы ұсыныстарды Кеңесте қарау үшін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі арқылы табыс ете алады. 5.2. Жоба туралы ұсынысты Кеңес ұсынысты алғаннан кейін 15 күннен кешіктірмей қарайды, оны талқылауға жобаның ғылыми жетекшісі немесе оған өкілетті адам табыс етеді. 5.3. Кеңеске жоба осы Ереженің 4-тармағының талаптарымен сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ мемлекет мүддесін, салалар мен ведомстволардың міндеттерін басшылыққа ала отырып, ұсынылған жобаны пысықтауға қайтаруға, жобаның ХҒТО-ға жіберуге мүмкін еместігі туралы қорытынды беру немесе жобаның жіберілу мерзімін кейінге көшіру құқы берілген. Кеңес мақсаты жағынан жақын жобаларды үйлестіру, тиісті кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарды жобаларды орындауға тарту, олардың ғылыми-техникалық және өндірістік әлеуетін пайдалану жөнінде ұсыныстар бере алады. ҚР Үкіметінің 2001.24.05. № 703 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Кеңестің қорытындысы жоба бойынша жұмыстарды жүргізуге және жоба туралы ұсынысты ХҒТО-ға жіберуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің келісімін рәсімдеуге арналған негіз болып табылады. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 7-тармақ өзгертілді 7. Жүзеге асыру үшін жобалар бойынша ұсыныстарды ХҒТО-ға Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі табыс етеді. ҚР Үкіметінің 2007.12.02. № 703 қаулысымен; 2001.24.05. № 703 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Кеңес өз қызметін Кеңес төрағасы бекіткен тәртіппен және жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады. Кеңес отырысы өткізілгеннен кейін комиссияның ғалым-хатшысы хаттама ресімдейді, оған төраға мен ғалым-хатшы қол қояды. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 9-тармақпен толықтырылды 9. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Кеңестің жұмыс органы болып табылады. Кеңестің жұмыс органы Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Кеңес отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Кеңес отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса Кеңес мүшелеріне жіберілуі тиіс. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 10-тармақпен толықтырылды 10. Кеңес шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға қатысып отырған Кеңес мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Кеңес отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі - Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Кеңес мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Кеңестің есеп-хатына қоса берілуі тиіс. Кеңес отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен ғалым-хатшы қол қояды. Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, ғалым-хатшы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Кеңес мүшелеріне келісу үшін жібереді. Кеңес мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді. ҚР Үкіметінің 2014.09.04. № 329 Қаулысымен 11-тармақпен толықтырылды 11. Дауыс беру парақтарымен қоса, Кеңес материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Кеңестің жұмыс органы жүзеге асырады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |