Қазақстан Республикасы Президентінің (2023.31.07. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Мыналар: 1) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота беру және оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша келген оралмандарға және олардың отбасы мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеу жөніндегі функцияларды қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы, сондай-ақ босқындардың мәселелері жөніндегі функцияларын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне бере отырып, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі; 2) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының) облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық органдары (сот кеңселері) - мемлекеттік мекемелеріне және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот әкімшілігі комитетінің облыстардағы, республикалық маңызы бар қаладағы және астанадағы сот әкімшілері - мемлекеттік мекемелері қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін таратсын; 2) аумақтық бөлімшелері бар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетін құрсын; 3) Қазақстан Республикасының таратылатын және қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдарының штат санын қайта бөлуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|