Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктерін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 29 қарашадағы № 171 Қаулысы (2016.30.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 303 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 127 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2016.30.05. № 127 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Сақтандыру портфелін беру қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын консервациялау немесе лицензиясынан айыру кезінде сақтандыру портфелін берудің ерекшеліктері бекітілсін. 2. Мыналар: 1) Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4209 тіркелген); 2) Агенттік Басқармасының 2008 жылғы 26 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы «Сақтандыру портфелін беру ережесін бекіту туралы» № 86 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 22 қаулысының (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5176 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|