Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2010.12.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 11 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 70-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 2. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында: «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде: реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША» - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі». 3. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 249-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «II кезең 2009 - 2010 жылдар» деген бөлімде: «Инвестициялық саясат» деген кіші бөлімде: «2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту» деген тарауда: реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «6. Мәдениет және спорт» деген тарауда: реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы» деген тарауда: реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын; «8. Қаланы абаттандыру» деген тарауда: реттік нөмірлері 126, 127, 128, 130-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 4. «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 51-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «5. Орнықты экономикалық прогресс» деген бөлімде: «5.1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру» деген кіші бөлімде: реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» аббревиатурамен ауыстырылсын; «5.2. Орнықты және серпінді технологияларды енгізу» деген кіші бөлімінде: реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «КІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі». 5. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттік нөмірі 2.1-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі». 6. ҚР Үкіметінің 2010.12.11. № 1199 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7. ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 924 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 — 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 361-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту» деген бөлімде: реттік нөмірі 18-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе «АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі». 9. «2009 — 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» деген бөлімде: реттік нөмірі 38-жолдың 4-бағаны «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен толықтырылсын; «6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық» деген бөлімде: реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; «9. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде: реттік нөмірі 80-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе «ҚҚА — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША — Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі». 10. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында: «1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде: реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура алынып тасталсын; «3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу» деген бөлімде: реттік нөмірлері 9, 10-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпедегі «ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер алынып тасталсын. 11. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында: «2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: реттік нөмірлері 15, 18 және 19-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; ескертпе «ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі». 12. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 80 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: «1. Елдің перспективалық және тиімді аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру» деген бөлімде: реттік нөмірлері 5, 6, 10, 11-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірлері 7, 8, 9-жолдардың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын; «3. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету» деген бөлімде: реттік нөмірі 25-жолдың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын; «4. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету» деген бөлімде: реттік нөмірі 32-жолдың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын; ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: «ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
|