Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы (2007.30.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 22 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен Тақырыбында және мәтінде сөздер өзгерді (бұр. ред. қара) Елдің экономикасындағы туризмнің рөлін арттыру және туризмді дамытуды үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Туризм жөніндегі кеңес құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қосымша ҚР Үкіметінің 19.03.01 ж. № 361; 25.09.01 ж. № 1233; 03.04.02 ж. № 397; 23.04.03 ж. № 387 (бұр. ред. қара);16.10.03 ж. № 1059; 19.02.04 ж. № 194;30.07.04 ж. № 807 (бұр. ред. қара); 2005.28.02. № 173 (бұр. ред. қара); 2007.30.11. № 1155 (бұр.ред.қара) қаулыларымен Құрам өзгертілді
Туризм жөніндегі Кеңестің құрамы
Елеусiзов - Қазақстанның "Табиғат" қауымдастықтар Мэлс Хамзаұлы мен кәсiпорындар экологиялық одағының төрағасы (келiсім бойынша) Никитинский - Қазақстан «АЛАРК» жеңіл авиация Евгений Сергеевич қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Орынбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Ербол Тұрмаханұлы орынбасары, төраға
Досмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Туризм және Темірхан Мыңайдарұлы спорт министрі, төрағаның орынбасары
Қамзебаева - Қазақстан Республикасы Туризм және Дариға Үсейінқызы спорт министрлігі Туризм және спортты дамыту стратегиясы департаментінің директоры, хатшы
Мусин - Қазақстан Республикасы Туризм және Қобыланды Нұрғалиұлы спорт министрлігінің жауапты хатшысы
Айтжанов - Қазақстан Республикасының Ауыл Дулат Нулиұлы шаруашылығы вице-министрі
Бектұров - Қазақстан Республикасының Көлік және Азат Ғаббасұлы коммуникация вице-министрі
Қазыханов - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер Ержан Хозеұлы министрінің орынбасары
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі
Ердәулетов - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Станислав Рамазанұлы университеті туризм кафедрасының меңгерушісі, география ғылымдарының докторы, экономика ғылымдарының кандидаты, Қазақстан туристік қауымдастығының мүшесі (келісім бойынша)
Қалиев - Қазақстан ұлттық туристік ұйымдар Жекен Қалиұлы конфедерациясының президенті, Қазақстан Республикасындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының ықпал ету қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
Шаяхметов - Қазақстан Республикасы Балалар және жастар Асхат Ғалиұлы туристік ұйымдары қауымдастығының президенті (келісім бойынша) Кеңестiң мүшелерi Раева Роза Әбдіхамитқызы - Қазақстан Туристiк Ассоциациясының президентi Алшанов - Халықаралық қоғамдық академияның Рахман Алшанұлы ректоры (келісім бойынша) Дүйсенғалиев - Дүниежүзiлiк туристiк ұйымы Тимур Талашұлы Iскерлiк кеңесiнiң мүшесi (келісім бойынша) Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Yкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1631 қаулысымен бекітілген Туризм жөніндегі кеңес туралы ереже ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен ереже өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Туризм жөніндегі кеңес (бұдан әрi - Кеңес) "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабын iске асыру мақсатында құрылды. 2. Кеңес Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Кеңес қызметiнiң басты мақсаты туризмдi дамыту жөнiндегі мәселелер бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ елдiң туристiк кешенiн дамытуды жандандыруға бағытталған мемлекеттік органдар қызметiн үйлестiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Кеңес өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, өзге де нормативтiк құқықтық кесімдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 5. Кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады. ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (бұр. ред. қара) 5-1. Туризм жөніндегі кеңестiң он бес мүшесi болады, оның жетеуі уәкілетті орган мен өзге де мемлекеттік органдардан, сегіз мүшесi қауымдастықтар мен өзге де туристiк ұйымдардың бiрлестiктерiнен өкiлдiк етедi. 2. Кеңестiң негiзгі міндеттері, функциялары мен құқықтары ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен тақырып өзгертілді (бұр. ред. қара) 6. Кеңестiң негізгi мақсаттары мен мiндеттерi: 1) туризм саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруға министрлiктердiң, ведомстволардың және өзге де ұйымдардың қатысуы жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу; 2) туристiк рынокта қалыптасқан процестердi талдау мен болжау негiзiнде шешiмдер қабылдау және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң туризм саласындағы қызметiнiң негiзгi бағыттарын жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 3) туристiк қызметi экспорттау және импорттау саласындағы демпингке қарсы саясат жөнiнде ұсыныстарды әзiрлеу; 4) туризмнiң басым түрлерi мен туристiк аймақтарды қалыптастыру және дамыту жөнiнде келісілген ұсыныстарды әзiрлеу; 5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың туризмнiң қауiпсiздiгi және туристiк лектердi бақылауды қамтамасыз ету бойынша қызметтi үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу болып табылады. ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды 6-1. Кеңестiң функциялары мынадай мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу болып табылады: 1) Қазақстан Республикасында туризмді дамыту 2) экономиканың осы салаларына инвестициялар тарту; 3) Қазақстан Республикасына келудiң қолайлы режимiн қамтамасыз ету және туристердiң шет елдерге шығуы үшiн жағдайлар жасау; 4) республиканың туристік беделiн қалыптастыру; 5) туристiк қызмет саласында мамандар даярлау; ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 7-тармақ толықтырылды (бұр. ред. қара) 7. Негiзгi мiндеттердi және өз функцияларын iске асыру мақсатында Кеңес заңнамада белгiленген тәртiппен: өз құзыретi шегiнде: 1) туризмдi дамыту мәселелерi жөнiнде мемлекеттік органдардың және өзге де органдардың қызметiн үйлестiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеуге; 2) туристiк ұйымдармен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асыруға; 3) туризм саласындағы заңдық және нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажеттiгi туралы ұсыныстар енгізуге; 4) өз функцияларын орындау үшiн қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан сұратуға және алуға; 5) Кеңестiң құзыретiне жататын қажетті материалдар әзiрлеуге ғалымдар мен жоғары біліктi мамандарды тартуға; 6) орталық және жергіліктi атқарушы органдардың ақпараттық деректер банкiн пайдалануға; 6-1) туристік қызметтердi тұтынушыларды қызметтер көрсетудiң сапасы туралы ақпараттандыру мақсатында оларға бекітілген тәртiп бойынша туристiк ұйымдардың рейтингiн жүргiзедi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы ережеге сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыруға құқылы. ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 қаулысымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8. Кеңес төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, Кеңес мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес Кеңес жүзеге асыратын қызметке, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіруге және Кеңес әзірлеген шешімдерге дербес жауап береді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 9-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 9. Кеңес жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етудi, кезектi мәжілістiң күн тәртібін жасау мен Кеңес хаттамаларының жобаларын әзiрлеудi Төрағаның тапсырмасы бойынша орынбасары жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 23.04.03 ж. № 387 қаулысымен 10-тармақ алып тасталды (бұр. ред. қара) 11. Кеңес мүшелерiне мәжілістiң күн тәртібі, оның кезектi мәжілісiнен кемiнде 15 күн бұрын кешiктiрiлмей жiберiледi. Төраға материалдарды әзiрлеуге мәжіліске кемiнде 10 күн бұрын басқа да мерзiмдi белгiлей алады. 12. Кеңес мәжілісi қажеттілігiне қарай, бiрақ тоқсанына кемiнде бiр рет өткiзiледi. 13. Кеңестiң кезектi мәжілісiнiң күн тәртібін, сондай-ақ оның өткiзiлетiн орны мен уақытын Кеңестiң Төрағасы белгiлейдi. 14. Кеңестiң кезектен тыс мәжілісiн төраға өз бастамасымен, немесе Кеңес мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгінiң өтiнiшi бойынша шақырылады. 15. Кеңестiң мәжілісi оған Кеңес мүшелерiнің жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса, өкiлеттi болып саналады. 16. Кеңес шешiмдерi ашық дауысқа салынып қабылданады және үйлестiру кеңесi мүшелерi жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. 17. Кеңестiң хаттамасына Төраға және мәжіліске қатысқан үйлестiру кеңесi мүшелерi қол қойып, мәжіліс өткiзiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде Кеңес мүшелерiне қаралған мәселелердi шешу құзыретiне енетiн мемлекеттік органдарға, тiзiмiн Төраға айқындайтын өзге де мүдделi ұйымдарға жiберiледi. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiм қабылдауға тиiстi мәселелер бойынша ұсыныстар Қазақстан Республикасы Yкіметінiң Регламентiнде белгiленген тәртiппен ресiмделедi және оның мәжілісiне енгiзiледi. ҚР Үкіметінің 2005.28.02. № 173 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2007.30.11. № 1155 қаулысымен 19-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 19. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган Кеңестiң жұмыс органы болып табылады. 20. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанындағы консультациялық-кеңесшi органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметi мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысында бекітілген Қазақстан Республикасының Yкіметі мен жұмыс топтары жанынан кеңесшi органдардың қызметiн құру және тарату жөніндегі нұсқаулықта көзделген негiздер бойынша Кеңес өз қызметiн тоқтатады.
|