Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы (2010.30.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2012 жылғы 18 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияға (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) қатысушы мемлекеттерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағына сәйкес өзгерістер туралы хабарласын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 340 қаулысымен Бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулық туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 желтоқсандағы № 1996 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 58, 570-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшыру және зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) дайындау жөніндегі нұсқаулықта: 2-тармақтың бесінші абзацында «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын. 2. ҚР Үкіметінің 2010.30.12. № 1456 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. ҚР Үкіметінің 2006.14.12. № 1203 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 4. «Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі № 1006 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қару мен әскери техниканы пайдалануға құқылы субъектілердің тізбесінде: 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі»; 5. «Қызметінде төтенше жағдайлар туындау қатері жоғары ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 20 қаңтардағы № 89 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 1-2, 24-құжат): 2 және 3-тармақтарда «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі», «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі», «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 164 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 53-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік органдарының, қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібін қорғау органдарының мұқтаждары үшін жалпы пайдаланыстағы телекоммуникациялар желілерін, біртұтас телекоммуникациялар желілерінің ресурстарын дайындау мен пайдаланудың ережесінде: 3-тармақта «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - ҚР ТЖА)» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - ҚР ТЖМ)» деген сөздермен ауыстырылсын; мәтіндегі «ҚР ТЖА» деген аббревиатура «ҚР ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 7. «Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 13 желтоқсандағы № 1634 қаулысына: 1-тармақтың 1) және 2) тармақшаларында «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 8. ҚР Үкіметінің 2006.17.08. № 777 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 9. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдары қызметкерлерінің нысандық және арнайы киім-кешектерінің үлгілері мен тиесілі нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 қаңтардағы № 13 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы қызмет органдарының белгіленген тәртіппен арнайы атақ берілген қызметкерлерінің және өзге де қызметкерлерінің нысандық киімдерінің үлгілерінде: «Айырым белгілерінің сипаттамасы» деген V тараудағы 69-суреттің сипаттамасында «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 10. «Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы № 450 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 198-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесінде: «Бағыныстылығы» деген бағандағы реттік нөмірлері 1, 2, 3, 4, 5 және 6-жолдардағы «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын. 11. «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 712 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 290-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережесіндегі: 114-тармақта «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің» деген сөздермен ауыстырылсын. 12. «Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 1 шілдедегі № 729 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасында: «Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде: «Міндетті сақтандыру жүйесін дамыту» деген 4-кіші бөлімде: «Орындауға жауаптылар» деген бағанда: реттік нөмірлері 1 және 4-жолдардағы «ТЖА» деген аббревиатура «ТЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттік нөмірі 1-жолда «ТСА» деген аббревиатура «ТСМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 13. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері жабық және оқшауланған әскери қалашықтарының, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 30 шілдедегі № 805 қаулысына: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, жабық және оқшауланған әскери қалашықтарының, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тізбесінде: мәтіндегі «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
|