Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2007.19.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2012 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі - өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін. 2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулардың 2-тармағын қоспағанда, 2007 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Үкіметінің 2007 жылғы 19 ақпандағы № 125 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне лицензиялар беруге өкілеттік берілген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тізбесінде: реттік нөмірі 27-1-жолдың 3-бағанының екінші абзацы алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-2-жолмен толықтырылсын:
2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енеді 2. ҚР Үкіметінің 2007.19.07. № 610 Қаулысымен күші жойылды (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде: «Электротехникалық, радиотехникалық электронды бұйымдар» деген 4-бөлім мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
4. «Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 желтоқсандағы № 1192 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2005 ж., № 46, 596-құжат): 1-тармақ алынып танылсын. 5. «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі туралы ережеде: 1-тармақтың екінші абзацындағы, 10-тармақтың екінші, үшінші, он үшінші абзацтарындағы «және спорт» деген сөздер «, спорт және ойын бизнесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын, мемлекеттік тілдегі мәтінде 10-тармақтың үшінші абзацындағы және 11-тармақтың екінші абзацындағы «және спортты» деген сөздер «, спортты және ойын бизнесін» деген сөздермен ауыстырылсын; 10-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу.» 11-тармақ мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын: «ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын бекітеді; ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу ережесін бекітеді.»; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті туралы ережеде: 1-тармақта: бірінші абзацтағы «туристік қызметті» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы «туристік индустрияны» деген сөздерден кейін «және ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы «Әуезов көшесі, 126» деген сөздер «Абай даңғылы, 33» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақта: 5) тармақшадағы «туризм саласындағы» деген сөздер «туризм, ойын бизнесі салаларындағы» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 12-1), 12-2), 12-3), 12-4) және 18) тармақшалармен толықтырылсын: «12-1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 12-2) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу; 12-3) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиялардың тізілімін жүргізу; 12-4) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау бойынша тексерулер жүргізу;»; «18) ойын мекемелерінің Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы заңнамасын сақтауын бақылау.»; 10-тармақта: 1) тармақшада «туристік саланы» деген сөздерден кейін «, ойын бизнесін» деген сөздермен толықтырылсын; 8) тармақшадағы «туризм саласында» деген сөздер алынып тасталсын; мемлекеттік тілдегі мәтінде 8) тармақшадағы «тартуға» деген сөзден кейін «;» белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 9), 10), 11), 12), 13) және 14) тармақшалармен толықтырылсын: «9) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беруге; 10) ойын бизнесін ұйымдастырушының «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды алуға және олармен танысуға;»; 11) ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптары мен белгіленген ережелерді сақтау мәніне тексерулерді жүзеге асыруға; 12) Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасауға; 13) талап-арыздармен сотқа жүгінуге, оларды қарауға қатысуға; 14) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті материалдарды құқық қорғау органдарына жіберуге.».
|