ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу»
1. «Темір жол жылжымалы құрамын тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған. 3. Мемлекеттік қызмет «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 9-бабының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 тіркелген) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету: а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттары тапсырған сәттен бастап - 15 жұмыс күні ішінде; б) мемлекеттік қызметті алуға (тіркеу сәтінен бастап) жүгінген сәттен бастап - 15 жұмыс күні ішінде; 2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды. 3) уәкілетті органда темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды. 4) ХҚКО-ға жүгінген кезде: құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органға қажетті құжаттардың келіп түскен күннен бастап 15 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет тегін болып табылады. 1) уәкілетті органға жүгінген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 2) ХҚКО-ға жүгінген кезде: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күні. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтың актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттың стендтер орналасқан. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін жеке тұлға немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады: 1) қабылдауды жүргізетін уәкілетті орган қызметкері беретін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) жеке тұлғаның қолымен куәландырылған темір жол жылжымалы құрамының қолда бар мүкәммал паркінің, оның ішінде сенімгерлік басқарудағы немесе мүліктік жалдаудағы тізбесі; 3) жеке тұлғаны куәландыратын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат және оның жеке басын куәландыратын құжат; 4) жеке тұлға жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жағдайда Жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік; 5) мүлікке меншік құқығын растайтын құжат немесе жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенімгерлік басқару шарты; 6) жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорт (формуляр). Мемлекеттік қызметті алу үшін заңды тұлға немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі мыналарды ұсынады: 1) қабылдауды жүргізетін уәкілетті орган қызметтері беретін белгіленген үлгідегі өтініш; 2) заңды тұлғаның бірінші басшысының қолымен және мөрімен расталған темір жол жылжымалы құрамының, соның ішінде сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалға немесе лизингке берілген қолда бар мүкәммал паркінің тізбесін; 3) Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік; 4) басшының жеке басын растайтын құжат немесе өкілдің өкілеттігін растайтын құжат және оның жеке басын растайтын құжат; 5) мүлікке меншік құқығын растайтын құжат немесе жалға алу (жалдау), лизинг немесе сенімгерлік басқару шарты; 6) жасаушы зауыттың темір жол жылжымалы құрамының әрбір бірлігіне арналған техникалық паспорт (формуляр). Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеуге ұсынатын құжаттарға қойылатын талаптар: құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жасалуы тиіс; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері да қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі; құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс; мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, олардың мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиіс емес, құжаттар құжаттар қарындашпен толтырылмауы тиіс; осы тармақтың 3) - 6) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқаларын ұсынбаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады. 12. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын уәкілетті органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады. 13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады. 14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары; 4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі. 15. Темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті уәкілетті органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамының куәліктерін беру тізіліміне қол қоя отырып, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді. ХҚКО-да тұтынушыға дайын құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады. 1) жеке және заңды тұлғалар осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбағанда; 2) жеке және заңды тұлғалар ұсынған құжаттар Ереженің талаптарына сәйкес келмегенде; 3) уәкілетті органға ұсынылған құжаттарда өшірулердің, қолмен немесе машинамен жазылған түзетулер болғанда немесе оларды растауды талап ететін даналарда қолдар және мөрлер болмағанда; 4) сот қабылдаған шешімге сәйкес темір жол жылжымалы құрамына тыйым салынғанда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады. Тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан кезде уәкілетті орган өтініш келіп түскен күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде дәлелді жауап береді. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негізден тұтынушыға қайтарады. Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді
17. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
18. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері түсіндіреді. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлері түсіндіреді. 21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08 мекенжайы бойынша беріледі. Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30). ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергілікті атқарушы органға беріледі. 22. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ ХҚКО арқылы балама негізінде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес түскі үзіліспен 5 күндік жұмыс аптасын құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз аптасына 6 күн. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына беріледі. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанда жазылады. 25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің сенім телефоны: 24-29-09.
тіркеу» мемлекеттік қызмет 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
құрамын тіркеу» мемлекеттік 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
құрамын тіркеу» мемлекеттік 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының жұмыс регламенті
|