ҚР Үкіметінің 2011.04.03. № 231 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қазандағы № 1710 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2012 жылғы 5 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу»
1. «Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы балама негізде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтырылған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 308-бабының, «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Заңының, «Қазақстан Республикасында темір жол жылжымалы құрамын тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 11 шілдедегі № 240-І бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1948 тіркелген) негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtc.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған. 5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны темір жол жылжымалы құрамын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қағаз тасығышта беру болып табылады. 6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік заңды тұлғаларға, шетел азаматтарына, азаматтығы жоқ адамдарға, және халықаралық ұйымдарға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі. 7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: 1) мемлекеттік қызмет көрсету: а) тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында анықталған, қажетті құжаттары тапсырған сәттен бастап - 2 жұмыс күнінен аспайды; б) мемлекеттік қызметті алуға (тіркеу сәттен бастап) жүгінген сәттен бастап - 2 жұмыс күнінен аспайды; 2) уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; 3) уәкілетті органда құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды. 4) ХҚКО-ға жүгінген кезде: құжаттарды ресімдеу мерзімі уәкілетті органына қажетті құжаттардың келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күні (құжаттарды қабылдау күні мен беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді); қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды; құжаттарды алған кезде кезекте күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 10 минуттан аспайды. 8. Мемлекеттік қызмет көрсету ақылы болып табылады. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін алым тіркеу жүзеге асырылатын орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалары «Салық және бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және жеке тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы 1 айлық есептік көрсеткішті; заңды тұлғалардан алым төленген күні қолданыстағы 5 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Ақы төлеу тәсілі: қолма-қол ақшасыз нысанда. 1) уәкілетті органға жүгінген кезде: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, осы стандарттың 3-қосымшасына орай уәкілетті органның түскі үзілісі бар белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес аптаның 5 күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 2) ХҚКО-ға жүгінген кезде: жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін аптаның 6 күні. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар уәкілетті органның ғимараттарында осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет мүмкіндігі шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай көзделген тұтынушының тұрғылықты жері бойынша ХҚКО ғимаратында да көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша сапаға талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерттеу мақсатында уәкілетті органда және ХҚКО-да жеке және заңды тұлғалар үшін шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға келесі құжаттарды ұсынады: 1) өтініштің толтырылған бланкісін, өтініште: уәкілетті органның атауы; кепіл берушінің және кепіл ұстаушының атауы, орналасқан жері (заңды тұлға үшін) немесе тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері (жеке тұлға үшін); кепіл туралы шарттың немесе кепіл туралы талаптары бар өзге де шарттан жасалған күні мен орны; кепіл нысанасы болып табылатын мүліктің тізбесі және сипаттамасы (кепіл нысанасы туралы мәліметтер); кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің ақшалай баламасы; кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің қолданылу мерзімі; заңды тұлға үшін өтініш берушінің немесе оның өкілінің қойған қолы және мөрі; кепілге салынған мүлік қай тараптың қолында екені туралы нұсқау, оны пайдалануға болатыны және қайталама кепіл туралы мәліметтер болуға тиіс; 2) өтініші беруші өзінің жеке басын куәландыратан құжаттарды, ал тұлғаның өкілі - өзінің өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды табыс етуге міндетті; 3) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; 4) кепіл туралы шарт немесе кепіл талаптары бар өзге шарт. Темір жол жылжымалы құрам кепілін тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар: құжаттар мемлекеттік немесе орыс тілдеріне жасалуы тиіс; егер Қазақстан Республикасының заңнамасында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында өзгеше көзделмесе, ресми шетелдік құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктерінде немесе консулдық мекемелерінде жария етілуі тиіс. Қажет болған жағдайларда қарауға, оларға қатысты көрсетілген талаптар орындалған құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері да қабылдануы мүмкін. Егер ұсынылатын құжаттар шетел тілінде жасалған жағдайда оларға мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі; деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс; мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, олардың мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиіс емес, құжаттар қарындашпен толтырылмауы тиіс; осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары көшірмелерімен салыстырғаннан кейін тұтынушыға қайтарылады. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылмаған кезде нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады. 12. Белгіленген үлгідегі өтініштің нысанын уәкілетті органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-да күту залындағы арнайы тағанда не консультанттарда болады. 13. Осы стандарттың 11-тармағында аталған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне немесе ХҚКО-ға тапсырылады. 14. Уәкілетті орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде тұтынушыға: 1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні; 2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі; 3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы; 4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны; 5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның лауазымды адамының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіледі. 15. Темір жол жылжымалы құрамының кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, сондай-ақ кепіл туралы шартты немесе тіркеу туралы белгісімен кепіл талаптары бар шартты уәкілетті органның кеңсесі темір жол жылжымалы құрамының иесіне (өкіліне) темір жол жылжымалы құрамының куәліктерін беру тізіліміне қол қоя отырып, жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсынған кезде береді. ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы жүзеге асырады. 1) кепіл туралы шарт немесе кепіл шарттарын қамтитын өзге шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 2) кепілді тіркеу туралы өтініш «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы № 254 Заңының 9-бабының талаптарына сәйкес келмесе; 3) кепілді тіркеу туралы тиісті емес тұлға өтініш жасаса; 4) жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын құжаттың болмауы уәкілетті орган кепілді тіркеуден бас тартады. Кепілді тіркеуден бас тартқан кезде тұтынушыға 5 жұмыс күні ішінде жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі. Уәкілетті орган құжаттарды ресімдеуде қателіктер анықталған, осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттар пакеті толық ұсынылмаған және құжаттар тиісті ресімделмеген кезде құжаттар пакетін алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде оларды ХҚКО-ға немесе қайтару себебін жазбаша негізден тұтынушыға қайтарады. Құжаттар ХҚКО арқылы қайтарылған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін 1 жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және уәкілетті органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздеме береді. Егер тұтынушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, ХҚКО 1 ай бойы олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды уәкілетті органға береді.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Уәкілетті органның және ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Уәкілетті орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді. 19. Мемлекеттік қызмет көрсететін уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын бірінші тоқсанда Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Мемлекеттік қызметті көрсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды адамдардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері түсіндіреді. ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды адамдарының әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін осы стандартын 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО қызметкерлері түсіндіреді. 21. Уәкілетті орган көрсететін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, электрондық поштаның мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz., қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08 мекенжайы бойынша беріледі. Жұмыс кестесі бес күндік жұмыс аптасын (9.00-18.30) құрайды, оның ішінде түскі үзіліс (13.00-14.30). ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет үдерісі бойынша апелляция ХҚКО қарамағында болатын жергілікті атқарушы органға беріледі. 22. Мемлекеттік қызметті осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган, сондай-ақ ХҚКО арқылы балама негізінде осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес түскі үзіліспен 5 күндік жұмыс аптасын құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ХҚКО жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 9.00-ден сағат 20.00-ге дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз аптасына 6 күн. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша уәкілетті орган басшысының атына беріледі. ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда, шағым осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына беріледі. 23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар. 24. Шағым ерікті нысанда жазылады. 25. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке aлу журналында тіркеледі. Күні мен уақыты, шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, жасалған шағымға жауап aлу мерзімі мен орны және шағымды қарауға жауапты лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады. «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңының 8-бабына сәйкес тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде пошта не электрондық пошта арқылы хабарланады. 26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің сенім телефоны: 24-29-09.
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік 2-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының тізбесі
«Темір жол жылжымалы құрамының кепілін тіркеу» мемлекеттік 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының жұмыс регламенті
|