Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері (2012.01.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 25 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Табиғатты қорғауды бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті болып қайта ұйымдастырылсын. 2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылсын. 3. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі; 3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі бекітілсін. 4. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдасын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 3-тармағы 3) тармақшасын және осы қаулыға 2-қосымшаның 2, 5, 6-тармақтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдары болып қайта ұйымдастырылатын Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мемлекеттік мекемелерінің - аумақтық органдарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Балқаш-Алакөл экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен. 2. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Жайық-Каспий экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен. 3. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ертіс экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен. 4. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Шу-Талас экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен. 5. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Нұра-Сарысу экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне. 6. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Тобыл-Торғай экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен. 7. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Арал-Сырдария экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне. 8. «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау қалалық аумақтық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Есіл экология басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қосылу жолымен.
Үкіметінің 2007 жылғы 8 желтоқсандағы № 1201 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) - қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрліктің мынадай ведомствосы бар - Экологиялық реттеу және бақылау комитеті. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 5. Министрліктің, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттік берсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 6. Министрліктің штат санының лимитін министрдің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 7. Министрліктің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8-үй. 8. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 9. Осы ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады. 10. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 11. Министрлікке Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кіріс республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің негізгі міндеттері мен функциялары
12. Министрліктің қызметі саласындағы оның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) қоршаған ортаның сапасын жақсарту, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның экологиялық орнықты дамуының қолайлы деңгейіне қол жеткізу; 2) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және орнықты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері жөніндегі басшылық және салааралық үйлестіру; 3) қоршаған ортаны қорғау, табиғатты пайдалану және қоғамның экологиялық орнықты дамуын қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетілдіру; 4) өз құзыретінің шегінде қоршаған ортаны қорғау және мемлекеттік экологиялық бақылау саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін және қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістерін жетілдіру; 5) қоршаған ортаны қорғау жүйесін оңтайландыру және орнықты даму үшін табиғатты пайдалану жүйесін оңтайландыруға қатысу; 6) қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 7) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпаратты тарату және ағарту жүйесін дамыту; 8) табиғат қорғау заңнамасының, экологиялық талаптардың нормативтерінің сақталуына мемлекеттік экологиялық бақылауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2010.04.08. № 799 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2012.22.05. № 656 Қаулысымен (ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 13-тармақ өзгертілді 13. Министрлік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік экологиялық саясатты қалыптастыру және орнықты дамуға көшу жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2) энергияның қайта жаңартылатын ресурстары мен көздерін тиімді және ұтымды пайдалану және «серпінді» технологиялар жөніндегі саясатты қалыптастыру құрастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді; 3) халықаралық шарттарды іске асыруды қоса алғанда, қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 4) шаруашылық және өзге де қызмет бойынша экологиялық нормативтер мен экологиялық талаптарды өз құзыретінің шегінде бекітеді немесе келіседі; 5) қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырады; 6) бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты жүргізеді; 7) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың салааралық үйлестірілуін жүзеге асырады; 7-1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады; 8) климатты және жердің озон қабатын қорғау, биологиялық алуан түрлілікті сақтау, шөлейттену және жердің азып-тозуы саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметін үйлестіруді өз құзыретінің шегінде жүзеге асырады; 9) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және олардың орындалуын ұйымдастырады; 10) өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді; 11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді; 12) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын келіседі; 13) Табиғат ресурстары кадастрларының бірыңғай жүйесін жүргізуді ұйымдастырады; 14) Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады; 15) Зиянды заттарды, радиоактивтік қалдықтарды көмудің және жер қойнауына сарқынды суларды төгудің мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады; 16) қалдықтарды басқару жүйесін жүргізуді ұйымдастырады; 17) Экологиялық ақпараттың мемлекеттік қорын жүргізуді ұйымдастырады; 18) қоршаған ортаның жай-күйіне мемлекеттік мониторингті және мониторингтің жекелеген арнайы түрлерін жүргізуді ұйымдастырады, сондай-ақ Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізуді үйлестіруді жүзеге асырады; 19) Қоршаған орта мен табиғи ресурстарға мониторингтің бірыңғай мемлекеттік жүйесін жүргізу жөніндегі ақпараттың тізбесін, нысандарын және алмасу мерзімдерін бекітеді; 20) жұртшылық тыңдауларды өткізу тәртібін белгілейді; 21) парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді; 22) Ұлттық экологиялық атласты әзірлеуді және жариялауды ұйымдастырады; 23) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқару тәртібін әзірлейді; 24) соттың шешімімен республикалық меншікке келіп түсуі танылған иесіз қауіпті қалдықтарды басқаруды жүзеге асырады; 25) атмосфераға парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, тоқтата тұру немесе азайту тәртібін және қоршаған ортаға эмиссияны қысқартуға квоталар және міндеттемелер саудасының тәртібін әзірлейді; 25-1) парниктік газдардың көздерінен шығатын антропогендік шығарындыларды және оларды сіңірушілердің абсорбциясын бағалаудың ұлттық жүйесін жүргізеді, сондай-ақ оны жүргізу тәртібін бекітеді; 25-2) көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін жүргізеді және оны жүргізу тәртібін бекітеді; 25-3) парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жобаларды қарау, мақұлдау, тіркеу және мониторингілеу тәртібін бекітеді; 26) қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерінің бағдарламаларын әзірлейді; 27) Мемлекеттік қалдықтар кадастрын жүргізу нәтижелері бойынша жыл сайынғы ақпараттық шолу жасайды; 28) аумақтың экологиялық ахуалын бағалау критерийін әзірлейді; 29) қалдықтарды орналастыру полигондарының жою қорларын қалыптастыру тәртібін әзірлейді; 30) ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қараныз) 31) озық қолжетімді технологиялардың тізбесін әзірлейді; 32) қоршаған ортаны ластау учаскелерін мемлекеттік есепке алуды, оның ішінде қоршаған ортаны ластау учаскелерінің тізілімін жүргізуді ұйымдастырады; 33) Парниктік газдардың мемлекеттік кадастры мен Озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастрын жүргізуді ұйымдастырады; 34) қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу есебінің әдістемесін бекітеді; 35) міндетті экологиялық аудит туралы қорытындының нысанын бекітеді; 36) техникалық реттеу саласында сараптамалық кеңестің құрамы және ережесін бекітеді; 37) қоршаған ортаны қорғау саласындағы келісімдер және меморандумдар жасасады; 38) сақтандыру жағдайында қоршаған ортаны авариялық ластауға әкеп соқтырған залал және салдарлар себебін, ауқымын белгілеу үшін құрылған құзыретті комиссияның құрылу тәртібін белгілейді; 39) зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көмуді және жер қойнауына ағынды суларды төгуді жүргізу жөніндегі нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді; 40) табиғатты пайдаланушылар мен қоршаған ортаны ластау көздерін есепке алу тәртібін белгілейді; 41) қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негіздерді қалыптастыруды және дамытуды қамтамасыз етеді; 42) болжанып отырған шаруашылық және өзге де қызмет бойынша қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және шешімдерді қабылдау үдерісіне жататын экологиялық ақпаратқа қолжетімдікті қамтамасыз ету мерзімі мен тәртібін белгілейді; 43) әр түрлі сыныпты полигондарда орналастыру үшін қалдықтар тізбесін белгілейді; 44) мемлекеттік экологиялық бақылауды ұйымдастыруға және жүргізуге қатысты құжаттар нысанын бекітеді; 45) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері жөніндегі есептілікке талаптарды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді; 46) мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу тәртібін қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етуді бағалауды және мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу жөнінде нұсқаулық-әдістемелік құжаттарды бекітеді; 47) мыналарды: қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін белгілеу әдісін; қалдықтар жіктеуішін; қауіпті қалдықтар жөніндегі есеп нысанын; қоршаған ортаға эмиссияға рұқсатқа табиғатты пайдалану шарттарын, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру үшін құжаттар нысанын және оларды толтыру тәртібін; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың үлгі тізбесін; экологиялық сараптама саласындағы жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының қызметін бақылауды жүзеге асыру ережесін; мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының нысанын; топырақта химиялық заттардың жол берілетін концентрациясын; қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекітеді; 48) парниктік газдар шығарындыларының және озонды бұзатын заттарды тұтынудың шекті жол берілетін нормативтерін әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді; 49) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібін белгілейді; 50) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қадағалау желілерін құруды келіседі; 51) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарын және кәсіптік білім берудің үлгі оқу бағдарламаларын келіседі; 52) пестицидтерді (улы химикаттарды) мемлекеттік тіркеу тәртібін келіседі; 53) жануарлар санын реттеу тәртібін келіседі; 54) жер қойнауын пайдаланушымен қоршаған орта жай-күйін қадағалау түрлерін және әдісін айқындау тәртібін белгілейді; 55) парниктік газдардың шығарынды көздерінің жекелеген түрлері үшін парниктік газдардың шекті жол берілетін түрлерін белгілейді; 56) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша климатты және жердің озон қабатын тиісті аумақтарда қорғау саласында белгіленген тәртіппен статистикалық қадағалауды жүзеге асыратын ұйымдар тізбесін белгілейді; 57) эмиссияны және парниктік газдардың жұтылуын жыл сайынғы мемлекеттік түгендеу жүргізуді ұйымдастырады; 58) атмосфераға парниктік газдардың және озонды бұзатын заттардың шығарындыларын түгендеу тәртібін белгілейді; 59) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді. ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен мазмұн 60) тармақшамен толықтырылды 60) мыналарды: Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес мемлекеттік экологиялық сараптауға жататын І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді; Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен өлшемдерге сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру үшін І санаттағы объектілерді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен оның аумақтық бөлімшелерінің арасында бөлуді белгілейді. ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 61-тармақпен толықтырылды 61) «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ведомстволық есептіліктің, тексеру парақтарының нысандарын, тәуекел дәрежесін бағалау критерийлерін, жыл сайынғы тексерулер жоспарларын әзірлейді және бекітеді. 14. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес ведомствоға мыналар бойынша функциялар жүктелуі мүмкін: ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қараныз) 1) І санаттағы объектілерді мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қоршаған ортаға экологиялық сараптаманы жүзеге асыру және эмиссияларға рұқсат беру және оның әдістемелік басшылығын жүзеге асыру жөніндегі қызметті үйлестіру; ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз) 2) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын қайтарып алу және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз) 3) І санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру және оларда қоршаған ортаға эмиссияларға лимиттер белгілеу; ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен 4) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қараныз) 4) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзған жағдайда оларды тоқтата тұру және күшін жою құқығымен жергілікті атқарушы органдардың қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар беру жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 2009.30.09. № 1490 қаулысымен мазмұн 4-1) тармақшамен толықтырылды 4-1) кешенді экологиялық рұқсаттар беру; 5) өз құзыретінің шегінде табиғи ресурстарды пайдалану саласында лицензиялар, рұқсаттар, шарттар (келісім-шарттар) беруді келісу; 6) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған лицензияларды беруді жүзеге асыру (қызметтің кіші түрі: табиғатты пайдалануды жобалау, нормалау; экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар; экологиялық аудит); 7) озонды бұзатын заттарды және оларды қамтитын өнімді импорттауға, экспорттауға, озонды бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыс жүргізуге, озонды бұзатын заттарды қамтитын жабдықты жөндеуге, монтаждауға, оған қызмет көрсетуге рұқсат беру; 8) міндетті экологиялық аудитті жүргізу туралы шешім қабылдау; 9) қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат беру, лицензиялық және экологиялық-сараптамалық қызмет, өз құзыретінің шегінде нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесін, сондай-ақ табиғатты ұтымды пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдістері мен тетіктерінің жүйесін ұйымдастыру және жетілдіру; 10) өз құзыретінің шегінде экологиялық ақпаратқа заңнамада белгіленген тәртіппен қолжетімдікті қамтамасыз ету; 11) арнайы су пайдалануға рұқсатты келісу; 12) су ресурстарын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейндік схемаларын келісуге, бассейндік келісімдерді дайындауға, су объектілерін пайдалану, молайту және қорғау жөніндегі мемлекеттік (өңірлік және бассейндік) бағдарламаларды әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде су ресурстарын басқару бассейндік қағидатын іске асыруға қатысу; 13) озық қолжетімді технологиялар тізілімін жүргізуді ұйымдастыру; ҚР Үкіметінің 2010.10.09. № 921 Қаулысымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) экологиялық қауіпті технологиялар, техника мен жабдықтың тізілімін жүргізу; 14) Табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу; 15) мемлекеттік экологиялық сараптамадан өткен нормативтік құқықтық актілер жобаларының тізілімін жүргізу; 16) қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсімін орындау кезінде Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру; ҚР Үкіметінің 2012.01.11. № 1390 Қаулысымен 16-1) тармақшамен толықтырылды 16-1) Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 17) Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын, қоршаған орта сапасының нормативтерін және экологиялық талаптарды сақтауды қадағалау үшін мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде: Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын сақтауды; қоршаған орта ластануының салдарын жою жөніндегі шараларды жүргізуді; айрықша қорғалатын табиғи аумақтар саласында, оның ішінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қорғау, сақтау, молықтыру және пайдалану саласында экологиялық талаптарды сақтауға; |