Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң Тәртібін бекіту туралы (2005.22.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 қаулысымен тақырыбы өзгерді
«Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының ережелерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң берiлiп отырған Тәртібі бекітілсiн.
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 қаулысымен тақырыбы өзгерді Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртібі 1. Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту және олардың атауларының трнаскрипциясын өзгерту Тәртібі «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылымы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 2572-ХII Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дайындалды. ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 қаулысымен 2 тармақ өзгерді 2. Республиканың орталық және жергiлiктi атқарушы, жергiлiктi өкiлдi, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының ұлттық, тарихи-географиялық ерекшелiктерiне негiзделген бiрыңғай ономастикалық саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмыста осы Тәртiптi басшылыққа алады. Ол үшiн: Қазақстан Республикасында өткен кезеңде әртүрлi субъективтi жағдайлардың әсерiмен негiзсiз өзгертiлген тарихи-географиялық топонимдер бiртiндеп қалпына келтiрiлуi керек. Жаңа атаулар ұлттық, тiлдiк ерекшелiктер, сондай-ақ географиялық, тарихи, әлеуметтiк жағдайлар ескерiлiп барып берiлуге тиiс; барлық атаудың мемлекеттік тiлде жазылуы қазiргi қазақ әдеби тілінiң нормаларына сәйкес келуi тиiс, ал орыс және басқа тiлдердегi транскрипциясы осы нормаларға сай келуi тиiс; республикаға айрықша еңбегi сiңген және оның тарихына, мәдениетiне, әдебиетi мен өнерiне елеулi үлес қосқан адам аттары, сондай-ақ мемлекет пен қоғам қайраткерлерiнiң және әлем деңгейіндегі ғылым мен мәдениет қайраткерлерiнiң есiмi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлерге берiлуi мүмкiн, бiрақ әрбiр облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана үшiн үш жағдайдан артық емес. 3. Объектiлерге қазiр көзi тiрi адамдардың атын беруге тыйым салынады. Ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды және басқа физикалық-географиялық объектiлердi атау мен атауын өзгерту, топонимдерге нақтылық енгізу мәселелерiне байланысты дауларды Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы шешедi. ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 қаулысымен 4 тармақ өзгерді 4. Ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды және мемлекеттік меншiктегi басқа да объектiлердi, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау және қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау туралы шешiмдi тиiстi орталық атқарушы органдардың, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың ұсыныстары бойынша Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының оң қорытындысы болған кезде Қазақстан Республикасының Yкіметі қабылдайды. 5. Қазақстанның географиялық атаулары жиынтығының орыс және басқа тiлдердегi дұрыс транскрипциясы, сондай-ақ карталардағы, атластардағы, саяхаттық бағыттар көрсетiлген сызбалардағы, көпшiлiк пайдаланатын анықтамалық материалдардағы атаулар мiндеттi түрде Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясымен келісіледi, оның мақұлдауынан кейiн ғана бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 қаулысымен 6 тармақ өзгерді 6. Ұйымдарды атау, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту оларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қайта тiркеуге әкеп соғады. ҚР Үкіметінің 03.07.02 ж. № 717 ; 2005.22.06 № 615 қаулыларымен 7 тармақ өзгерді 7. Тiзбесi осы Тәртiптiң 4-тармағында көрсетiлген объектiлердiң атауларын тiркеудi, оларға ғылыми сараптама жүргiзудi, практикалық шаралардың iске асырылуын бақылауды, атауларды реттеудiң әдiснамасын әзiрлеудi, тұрғындар арасындағы түсiндiру жұмыстарын, түрлi анықтамалықтар, сөздiктер, ономастиканың өзектi проблемалары бойынша әдiстемелiк талдамалар шығаруды, ғылыми-практикалық конференциялар мен кеңестер өткiзудi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жүзеге асырады.
|