«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамы туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 28 қарашадағы № 1102 Қаулысы
(2011.12.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Арна Медиа» ұлттық ақпараттық холдингі», «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі», «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамдарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 3 шілдедегі № 668 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) қосымшаға сәйкес «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамын сайлауды қамтамасыз етсін;
2) екі ай мерзімде екі тәуелсіз директордың кандидатурасы бойынша ұсыныс енгізсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 14 шілдедегі № 1068 Қаулысымен құрам өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.12.07. № 789 Қаулысымен құрам жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 28 қарашадағы
№ 1102 қаулысымен
бекітілген
«Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы директорлар кенесінің
кұрамы
Орынбаев Ербол Тұрмаханұлы | - Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің орынбасары, төраға |
Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы | - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі |
Әбдібеков Нұрмұхамбет Қанапияұлы | - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі |
Ескендіров Абай Мұқашұлы | - Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі |
Шоқпытов Андар Мәулешұлы | - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі |
Утепов Эдуард Карлович | - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы |
Шаяхметов Саят Болатұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының орынбасары |
Бектұрғанов Нұралы Сұлтанұлы | - «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Әділов Жексенбек Мәкейұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің ректоры |
Ертілесова Жаннат Жүрғалиқызы | - тәуелсіз директор, «Қазақстан Салық төлеушілері қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі басқару кеңесінің төрайымы |
Смағұлов Болат Советұлы | - тәуелсіз директор, «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |
Мансұров Зұлқайыр Аймұхаметұлы | - тәуелсіз директор, «Жалын» ғылыми-өндірістік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары |
Төлешов Амандық Қуатұлы | - тәуелсіз директор, «Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясы» қоғамдық бірлестігінің вице-президенті |
Өжкенов Болат Сұлтанұлы | - тәуелсіз директор, «Қазгеологбарлау» ұлттық акционерлік компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы |