Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы (2013.11.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қоса берiлiп отырған ғылыми сараптама жүргiзу ережесi бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Заң жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеушi уәкiлеттi мемлекеттік органдар көрсетiлген Ереженiң талаптарына сәйкес барлық заң жобасы және заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн. ҚР Үкіметінің 2007.20.03. № 217 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 2-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-1. Әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін. ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен 2-2-тармақпен толықтырылды 2-2. Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеуші уәкілетті мемлекеттік органдар ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, оларды көрсетілген Ереже талаптарына сәйкес ғылыми экономикалық сараптама жүргізуге жіберуді қамтамасыз етсін. 3. Орталық атқарушы және өзге де мүдделi мемлекеттік органдар белгiленген тәртiппен: 2002 жылы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігімен бірлесiп 2002 жылға арналған республикалық бюджетте «Заң жобалау жұмыстары» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзудi қамтамасыз етсiн; мемлекеттік тiлде заң жобаларын дайындаудың жай-күйiн жақсартсын және тиiстi мәселелерге тiкелей жетекшiлiк ететiн лауазымды адамдардың жауапкершiлiгiн арттыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде жоғары тұрған кесiмдердiң орындалуы үшiн қабылдануы тиiс қолда бар ведомстволық нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жасасын және талдау нәтижелерi бойынша олардың уақытында қабылдануын қамтамасыз етсiн. 4. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар 2002 жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде бұл органдардың тиiстi бекітілген штат саны лимитiнiң шегiнде әрi оларды ұстауға көзделген әкiмшiлiк шығындардың есебiнен заңгерлiк қызметтердi толық жинақтауды және заңгерлiк бөлiмшелер құрылмаған органдарда оларды құруды жүргiзудi жүзеге асырсын әрі жұмыстың нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі: 2002 жылдың үшiншi тоқсанында орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың заңгерлiк қызмет қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын бiлуiн тестiлеудi жүргiзсiн және тестiлеу нәтижелерi туралы тиiстi мемлекеттік органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсiн. 6. Премьер-Министрдiң 2001 жылғы 2 шiлдедегi № 51 өкімінде көрсетiлген мемлекеттік органдар: дайындау мерзiмi аяқталған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2002 жылдың 1 шiлдесiне дейiн енгiзсiн; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң лауазымды адамдарының шешiмдерiмен бақылаудан алынған тармақтар бойынша көрсетiлген өкiмге белгiленген тәртiппен тиiстi өзгерістер енгiзсiн. 7. Осы қаулының iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2011.05.04. № 359 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген
Ғылыми сараптама жүргізу ережесі
Осы Ереже «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөніндегі қызметінің тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында әзірленді.
1. Заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын заң жобалары тұжырымдамаларының және нормативтік құқықтық актілер жобаларының мазмұнына қарай, тиісті бейіндегі ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындары (бұдан әрі - Ғылыми ұйымдар) жүргізеді. Заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасын қаралатын заң жобаларының мазмұнына қарай, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар да (бұдан әрі - Сарапшылар) жүргізуі мүмкін. 2. Заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2011.27.5. № 590 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Нормативтік құқықтық актілер реттейтін құқықтық қатынастарға қарай осы актілердің жобалары бойынша ғылыми (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Заңнамалық актілердің жобалары. Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін құқықытық қатынастарға қарай ғылыми сараптама, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама, қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуге міндетті. Сондай-ақ мына нормативтік құқықтық актілердің: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулыларының; 2. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының және Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының; 3. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің жобалары міндетті түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға жатады. Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейді. Іске асырылуы қоршаған ортаға теріс әсер етуге әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары міндетті экологиялық сараптамаға жатады. 4. Заң жобаларының тұжырымдамаларына, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру уәкілетті мемлекеттік органдарға (бұдан әрі - Сараптаманы ұйымдастырушылар) жүктеледі. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ғылыми құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, криминологиялық сараптамалар және сараптамалардың басқа түрлері бойынша, заң жобалары тұжырымдамаларының ғылыми құқықтық сараптамасы бойынша; Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі - ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобаларын, сондай-ақ халықаралық шарттарды ратификациялауды көздейтін заңнамалық актілердің жобаларын енгізу жағдайларын қоспағанда, заң жобаларына ғылыми экономикалық сараптама бойынша Сараптаманы ұйымдастырушылар болып табылады.
2. Ғылыми сараптаманың міндеттері мен түрлері
ҚР Үкіметінің 2011.27.5. № 590 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6. Ғылыми сараптама: 1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, заңдылығын, Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының жобада сақталуын бағалау; 2) нормативтік құқыктық актінің ықтимал тиімділігін айқындау; 3) жобаның нормативтік құқықтық акті ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарын анықтау; 4) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы тұрғысынан бағалау үшін жүргізіледі. 7. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының негізгі міндеттері: 1) құқықтық реттеудің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормалары мен олқылықтарын анықтау; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаудың ықтималдығы бөлігінде нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың салдарын бағалау; 3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға тосқауыл қоятын нормативтік құқықтық актілер жобаларының нормаларын ұсынымдар түрінде әзірлеу болып табылады. ҚР Үкіметінің 2011.27.5. № 590 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 7-1. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптаманың негізгі мақсаты заң жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкестігін анықтау болып табылады. 8. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, заң жобаларының тұжырымдамалары бойынша кешенді немесе дербес ғылыми сараптамалар жүргізілуі мүмкін. Кешенді ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің түрлі салалары негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі. Дербес ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын, заң жобасының тұжырымдамасын білімнің бір саласы негізінде зерттеу қажет болған жағдайларда жүргізіледі.
3. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары
ҚР Үкіметінің 2011.27.5. № 590 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 9. Қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына және заң жобаларының тұжырымдамаларына ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыларды, Ғылыми ұйымдарды іріктеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 10. Ғылыми сараптама жүргізудің тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Сараптаманы ұйымдастырушы мен Сарапшы не Ғылыми ұйым арасында жасаған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады. ҚР Үкіметінің 2011.27.5. № 590 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 11. Ғылыми сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі: заң жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне (бұдан әрі — Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті) сәйкес мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін; Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін. Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігімен келіскенге дейін жүргізіледі. Ғылыми экономикалық сараптама бойынша құжат айналымының тәртібін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі айқындайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңға тәуелді нормативтік құқықтық акті жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында жүргізіледі: мүдделі мемлекеттік органдармен келіскенге дейін; мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін. Мемлекеттік тіркеуге жататын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Қазақстан Республикасы әділет органдарына енгізгенге дейін жүргізіледі. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптамаға жіберуді әзірлеуші мемлекеттік орган жүзеге асырады. Заң жобасына қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндердің тең түпнұсқалығы бөлігінде ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай кезеңдерінде жүргізіледі: мемлекеттік органдармен келісілгеннен кейін ол Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілгенге дейін; Бұл кезеңде ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі он бес жұмыс күнінен аспауы тиіс; Президент Әкімшілігінің ескертулерін жойғаннан кейін, Үкімет оны Парламенттің қарауына енгізгенге дейін жүргізіледі. Бұл кезеңде ғылыми лингвистикалық сараптаманы жүргізу мерзімі уш жұмыс күнінен аспауы тиіс. Бұл ретте әзірлеуші мемлекеттік органдар заң жобасын Президент Әкімшілігімен келіскеннен кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін «Қазақстан Республикасының Заң шығару институты» мемлекеттік мекемесіне заң жобасының соңғы нұсқасын ұсыну қажет. 12. Заң жобасын әзірлеудің әрбір сатысында ғылыми сараптама мәтінінің заң жобасының мәтініне сәйкестігіне әзірлеуші мемлекеттік органдар жауапты болады. 13. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, заң жобаларының тұжырымдамаларын ғылыми сараптама жүргізуге жіберуді Әділет министрлігі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, заң жобаларының тұжырымдамаларына құқықтық сараптама жүргізу кезінде де жүзеге асыра алады. 14. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасы бойынша материалдарды Сараптаманы ұйымдастырушыға, оның ішінде электронды тасығышта да жібереді. Сараптаманы ұйымдастырушы заң жобасы бойынша материалдарды ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін тартылатын Ғылыми ұйымға, Сарапшыға жібереді. Заң жобасы бойынша материалдардың толық тізбесі берілмеген жағдайда Сараптаманы ұйымдастырушы оны қарамай, үш күн мерзімде әзірлеуші мемлекеттік органға қайтарады. 15. Бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшының қорытындысы жеткілікті негізделмеген не оның дұрыстығы күмән туғызған жағдайларда қайталама ғылыми сараптама жүргізіледі. Нормативтік құқықтық актінің жобасына, заң жобасын пысықтау нәтижесінде оның тұжырымдамасына түжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізгенге дейін қосымша ғылыми сараптама жүргізіледі. 16. Ғылыми сараптама жүргізу мынадай кезеңдерді қамтиды: 1) нормативтік құқықтық актінің жобасы оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді айқындау және сипаттау; 2) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді айқындау; 3) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешудің нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын талдау.
4. Ғылыми сараптама жүргізу үшін ұсынылатын материалдар
17. Әзірлеуші мемлекеттік орган ғылыми сараптама жүргізетін Ғылыми ұйымға, Сарапшыға нормативтік құқықтық акт жобасының көшірмесімен бірге мынадай материалардың көшірмелерін ұсынады (қағаз және электронды тасығыштарда): нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (мемлекеттік және орыс тілдерінде); қолданыстағы заңнамаға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізілген жағдайда, енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырма кесте (мемлекеттік және орыс тілдерінде); осы Ереженің қосымшасына сәйкес нысан бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган басшысы әр парағына алдын ала қол қойған және қол қойған қабылданатын заң жобасының қолданылуының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (мемлекеттік және орыс тілдерінде); зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректер. Осы тармақта көзделген материалардың ұсынылмауы ғылыми сараптаманы жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады. Сарапшының не Сараптаманы ұйымдастырушының сұратуы бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасында және тұжырымдамада қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды екі жұмыс күн ішінде ұсынуға тиіс.
5. Ғылыми сараптама жүргізу мерзімдері
18. Ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға ұсынған күннен бастап он бес күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс. 19. Ғылыми экономикалық сараптама мерзімі заң жобасы бойынша тиісті материалдар ұсынылған күннен бастап жиырма бес күнтізбелік күнді құрайды. Қосымша және қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын және оларға материалдарды Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға ұсынған күннен бастап бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс. Қажет болған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімі Сараптаманы ұйымдастырушымен уағдаластық бойынша ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға мемлекеттік немесе орыс тіліне аудару үшін қосымша үш жұмыс күні беріледі. 20. Ғылыми ұйымының немесе Сарапшының ұсыныстары бойынша әзірлеуші мемлекеттік орган нормативтік құқықтық актінің жобасын немесе заң жобасының тұжырымдамасын пысықтаған жағдайда ғылыми сараптаманы жүргізу мерзімдері жаңартылған нормативтік құқықтық актінің жобасы немесе заң жобасының тұжырымдамасы ұсынылған күнінен бастап белгіленеді.
6. Ғылыми сараптаманы жүзеге асырушы Ғылыми ұйым, Сарапшы
21. Ғылыми сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актінің жобасын және заң жобасының тұжырымдамасын дайындауға тікелей қатыспаған Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар тартылады. 22. Ғылыми ұйымдар, Сарапшылар ретінде басқа да мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы, заң жобасының тұжырымдамасы ғылыми сараптау үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін. 23. Сарапшының жоғары білімі және (немесе) ғылыми дәрежесі болуға тиіс, ғылыми сараптаманың белгілі бір түрі саласында арнайы білімі, тәжірбиесі болуы қажет. ғылыми сараптама жүргізу үшін қажетті, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша барлық ақпаратты, материалдарды алады; орындаған жұмысы үшін сыйақы алады; Сараптаманы ұйымдастырушымен келісім бойынша тек өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер жобаларынан туындайтын өзге мәселелер бойынша да қорытындылар береді; әзірлеуші мемлекеттік органдардың статистикалық деректерін пайдалана алады. Егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган мен әзірлеуші мемлекеттік органның статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс; егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін. нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ Сараптаманы ұйымдастырушы оның алдына қойған мәселелер бойынша уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді; ғылыми сараптама жүргізу барысында өзінің кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде жояды; Сараптаманы ұйымдастырушыға межеленген нәтижелерді алу мүмкін болмайтынын анықтағаны немесе одан әрі ғылыми сараптама жүргізудің орынсыздығы туралы бір күн мерзімде хабарлайды; Сараптаманы ұйымдастырушыға ғылыми сараптама жүргізу барысында шеккен шығыстары туралы есеп береді; ғылыми сараптама жүргізу нысанасына қатысты мәліметтердің, оның орындалу барысының және ғылыми нәтижелерінің жасырын болуын қамтамасыз етеді; шартта белгіленген өзге де міндеттерді алады.
26. Жүргізілген ғылыми сараптама нәтижелері бойынша ғылыми сараптама жүргізудің нысанасы бойынша Ғылыми ұйымның немесе Сарапшылардың уәжді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылуға тиіс сараптамалық қорытынды жасалады. 27. Егер әзірлеуші мемлекеттік органда сараптамалық қорытынды тұжырымдарына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиісті түсіндірмелер беруі үшін Ғылыми ұйымға немесе Сарапшыға не Сараптаманы ұйымдастырушы белгілеген мерзімде Сараптаманы ұйымдастырушыға қайталама ғылыми сараптама жүргізу бойынша сұраумен және өз негіздемесімен жүгіне алады. 28. Нормативтік құқықтық акт жобасына берілген ғылыми сараптаманың қорытындысында мынадай деректер көрсетілуге тиіс: 1) жалпы ережелер: ғылыми сараптама жүргізген ұйым тартқан ұйым және/немесе адам; ғылыми сараптама жүргізілген ғылым саласы; әзірлеуші мемлекеттік орган; ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары; нормативтік құқықтық акт жобасының атауы; нормативтік құқықтық акт жобасының мақсаты; нормативтік құқықтық акт жобасының құрылымы; 2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді сипаттау, оның ішінде: нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың негізділігі мен уақтылылығын бағалау; 3) нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалы мәселелерді шешудің барлық белгілі және тиімді, соның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік тәжірибеде қолданылған тәсілдерін, тетіктерін, жолдарын сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатыныстардың аралас салаларын және нормативтік құқықтық актіні қабылдау салдарлары түрінде оларға әсер етуді сипаттау; 4) қойылған проблемалы мәселелерді шешуге нормативтік құқықтық актінің жобасында ұсынылатын тәсілдерді, тетіктерді, жолдарды, проблемалы жағдайларды шешуге ұсынылған қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарларын, соның ішінде ғылыми сараптаманың (құқықтық, криминологиялық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы) алдына қойылған мәселелерге жауаптарды талдау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасына қойылған мәселелер: нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына, жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін тексеру; нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдаудың әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-техникалық және өзге де салдарларын бағалау; нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау үшін жағдайлардың пайда болуын айқындау; нормативтік құқықтық акт жобасының қабылдануына байланысты гендерлік теңдік құқығына қысым жасайтын себептер мен жағдайлардың болуын айқындау; нормативтік құқықтық актінің жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау; |