Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы (2012.28.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 19 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы № 1270 Қаулысымен бекітілген
Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленген. 2. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдары көрсететін білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3. Меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің; арнайы және мамандандырылған білім берудің; балаларға арналған қосымша білім берудің; спорт бойынша балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша білім берудің; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің; жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің (медициналық және фармацевтикалық білім беруді қоспағанда) оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды білім беру саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. Медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Мемлекеттік аттестаттау мынадай негізгі кезеңдерден тұрады: 1) білім беру саласындағы немесе денсаулық сақтау саласындағы (медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарында мемлекеттік аттестаттауды жүргізу кезінде) уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті органдар), өз құзыреті шегінде білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау кестелерін күнтізбелік жылға бекіту; 2) тиісті уәкілетті органның өзін-өзі бағалау материалдарын (білім беру ұйымының білім сапасын ішкі бағалау) талдауы, аттестаттау комиссиясын құру, мемлекеттік аттестаттауды өткізу, мемлекеттік аттестаттаудың қорытындылары туралы тұжырымдама жасау; 3) уәкілетті органдардың білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешімдерін қабылдау. 5. ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен алып тасталды (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6. Білім беру ұйымдарының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын орындауын бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау тұтастай білім беру ұйымы бойынша жүзеге асырылады. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін мемлекеттік аттестаттау мамандықтар (кәсіптер) бөлінісінде де жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2012.28.02. № 265 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 30 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 7. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысандарына қарамастан, уәкілетті органдар жоспарлы түрде бес жылда бір рет өткізеді. Бірінші мемлекеттік аттестаттау жаңадан құрылған: 1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында мамандардың алғашқы бітіру жылынан кешіктірмей; 2) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында төрт жылдан кейін; 3) мектепке дейінгі ұйымдарда және қосымша білім беру ұйымдарында үш жылдан кейін өткізіледі. 8. Мемлекеттік аттестаттау кестелерін уәкілетті органдар бекітеді. Өткізу мерзімі туралы ақпарат білім беру ұйымдарына мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін үш ай бұрын жеткізіледі. 9. Мемлекеттік аттестаттаудан өтуі тиіс білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін бір ай мерзімнен кешіктірмей уәкілетті органдарға өзін-өзі бағалау материалдарын ұсынады. 10. Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды жеті жұмыс күнінен аспайтын мерзімде аттестаттау комиссиялары өткізеді. Аттестаттау комиссияларының құрамын өз құзыреті шегінде уәкілетті органдар бекітеді. 11. Аттестаттау комиссиясының құрамына: тиісті уәкілетті органдардың; егер мемлекеттік аттестаттау мемлекеттік білім беру ұйымдарында өткізілген жағдайда қарамағында білім беру ұйымдары бар мемлекеттік органдардың; білім беру ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің (қауымдастықтарының) өкілдері, Қазақстан Республикасының жетекші педагог қызметкерлері енеді. Тиісті уәкілетті органның қызметкері аттестаттау комиссиясының төрағасы болып тағайындалады. 12. Білім беру ұйымы ұсынған өзін-өзі бағалау материалдарының, аттестаттау комиссиясының қорытындысының негізінде уәкілетті органдар он күнтізбелік күн ішінде тиісті уәкілетті органның бұйрықтарымен (қаулыларымен) ресімделетін білім беру ұйымын аттестаттау немесе аттестаттамау туралы шешім қабылдайды. 13. Аттестатталған немесе аттестатталмаған білім беру ұйымдары туралы ақпарат тиісті уәкілетті органның ресми сайтында орналастырылады, сондай-ақ ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 14.«"Аттестатталмасын" деген шешім білім беру ұйымы лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруға және ұйымның басшысын Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартуға әкеліп соғады. 15. Шетелдік білім беру ұйымдары мен халықаралық білім беру ұйымдарының филиалдарын мемлекеттік аттестаттау, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше белгіленбесе, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. 16. Уәкілетті органдардың шешімдеріне білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.
Үкіметінің 2007 жылғы»24 желтоқсандағы № 1270 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 405-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 16 сәуірдегі № 439 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 12, 115-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына толықтыру мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 қарашадағы № 1182 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 39, 401-құжат). 4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 наурыздағы № 216 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 11, 104-құжат). 5.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 3 қыркүйектегі № 1305 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 ақпандағы № 150 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 6, 75-құжат).
|