Қазақстан Республикасы Президентінің (2013.30.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 7 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес қаулы етемін: 1. Республикалық бюджет жобасын әзірлеу ережелері бекітілсін. 2. «Республикалық бюджет жобасын және төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 363 Жарлығының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Астана, Ақорда, 2009 жылғы тамыздың 26-сы.
№ 861
ҚР Президентiнiң 2013.30.05. № 575 Жарлығымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 26 тамыздағы № 861 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
1. Осы Республикалық бюджет жобасын әзiрлеудің осы қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес әзiрлендi және республикалық бюджет жобасын әзiрлеу тәртiбiн айқындайды. 2. Республикалық бюджет жобасын әзiрлеу процесі мынадай кезеңдердi: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеуді және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мақұлдауын; 2) орталық мемлекеттiк органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын, бюджеттiк өтiнiмдердi әзiрлеуді және оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауын; 3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзiрлеудi қамтиды.
2. Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму болжамының жобасын әзiрлеу
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|