Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң мәселелерi (2013.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 26 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 2013.31.01. № 66 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрiне екі вице-министрi болуға рұқсат берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң денсаулық сақтау саласындағы стандарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру жөнiндегі функциялары берiле отырып, Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитеті құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетi оған және фармацевтика және медицина өнеркәсiбiн реттеудi қоспағанда, қайта ұйымдастырылатын Комитеттiң функцияларын бере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Фармация комитетi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 5. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) 2004 жылғы 1 желтоқсанға дейiнгі мерзiмде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Медициналық қызметтiң сапасын бақылау комитетi туралы ереженiң жобасын әзiрлесiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн; 2) ведомстволардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 7. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2009.22.10. № 1645 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.31.01. № 66 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтердің сапасын бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігін мынадай ведомстволары бар: 1) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті; 3) Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады. 5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. 6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды. 8. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 9. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс. 10. Министрліктің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» мемлекеттік мекемесі. 11. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің құрылтай құжаты болып табылады. 12. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне Министрліктің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Министрліктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
14. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің миссиясы: мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру және іске асыру, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді салааралық үйлестіру мен мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру жолымен Қазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту. ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Міндеттері: 1) азаматтардың денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызмет көрсету сапасын бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; 3) халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 833 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.03.10. № 1046 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Функциялары: Орталық аппараттың функциялары: 1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін әзірлеу; 2) денсаулық сақтау саласындағы бірлескен халықаралық жобаларды іске асыру; 3) денсаулық сақтау, оның ішінде медицина және фармацевтика ғылымы және медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 4) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын айқындау; 5) денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру; 6) медициналық көмекті ұйымдастыру; 7) медицина және фармацевтика ғылымын дамытуды қамтамасыз ету және денсаулық сақтау саласындағы ғылыми қызметті үйлестіру; 8) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық, құқықтық актілерді және есепке алу мен есептілік құжаттамасының нысандарын әзірлеу және бекіту; 9) денсаулық сақтау саласындағы мониторингті жүзеге асыру; 10) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін үйлестіру; 11) денсаулық сақтау саласындағы электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді, ақпараттық-коммуникациялық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес қол жеткізуін ұйымдастыру; 12) ведомстволық медициналық қызметтері бар мемлекеттік органдардың ведомстволық медициналық ақпараттық жүйелерінің техникалық параметрлерін, сондай-ақ электрондық ақпараттық ресурстарының мазмұнын келісу; 13) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерін енгізу; 14) жергілікті атқарушы органдардың басшыларымен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандумдар (келісімдер) жасасу; 15) салааралық ынтымақтастықты жүзеге асыру; 16) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын әзірлеу және бекіту; 17) туыстас емес транспланттауды жүргізу мақсатында гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін өткізген жағдайда, оларды, сондай-ақ диагностикалық мақсаттарға арналған немесе биомедициналық зерттеулер жүргізу процесінде алынған жасушалардың, тіндердің, биологиялық сұйықтықтар мен сөлдердің, оның ішінде адамның тіршілік әрекеті өнімдерінің, физиологиялық және патологиялық шығарындылардың, сүртінділердің, қырындылардың, шайындылардың үлгілерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге және Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беру тәртібін айқындау; 18) іргелі және қолданбалы сипаттағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтарын қалыптастыру, денсаулық сақтау саласында ғылыми қолдауды үйлестіру, медицина ғылымының тұжырымдамасын әзірлеу; 19) консультациялық-кеңесші және сарапшылық комиссиялар құру; 20) Интернатура және резидентура туралы ережелерді бекіту; 21) интернатура, резидентураның клиникалық мамандықтарының тізбесін бекіту; 22) босандыру мекемелерінде, балалар емханаларында, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету мекемелерінде «қатер» тобындағы балаларды барынша ерте анықтау үшін скрининг ұйымдастыру және анықталған «қатер» тобындағы және мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберу тәртібін айқындау; 23) дене және (немесе) психикалық кемістіктері бар балалардың әртүрлі ауруларының түрлерін диагностикалауды, емдеуді ұйымдастыру тәртібін айқындау; 24) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен келісім бойынша бекіту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу; 25) ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 833 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 26) саламатты өмір салтын қалыптастыру және дұрыс тамақтануды үйлестіру және әдістемелік басшылық; 27) денсаулық сақтау саласындағы салалық көтермелеу жүйесін және құрметті атақтар беру тәртібін әзірлеу мен бекіту; 28) денсаулық сақтау саласындағы кадрларға қажеттілікті айқындау; 29) денсаулық сақтау саласында ведомстволық статистикалық қадағалауды қамтамасыз ету; 30) медицина және фармацевтика мамандықтары бойынша даярлауға, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру мен қайта даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру; 31) денсаулық сақтау саласында медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру; 32) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының басшыларын тағайындауға келісу; 33) ведомстволық бағыныстағы денсаулық сақтау ұйымдарының, оның ішінде медициналық және фармацевтикалық білім беру және ғылыми ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыру, басшыларды және олардың орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату; 34) Этика мәселелері жөніндегі орталық комиссияның құрамын және ережесін бекіту; 35) білім беру саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, «қатер» тобындағы балаларды ерте анықтау мәселелері бойынша жалпы практика дәрігерлерін, педиатрлар мен орта буындағы медицина қызметкерлерін даярлауды қамтамасыз ету; 36) халықтың арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктеріне талдау жүргізуді қамтамасыз ету; 37) арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету; 38) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 39) арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 40) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылды жүзеге асыру; 41) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру; 42) өз құзыреті шегінде электрондық қызметтер көрсету; 43) жеке және заңды тұлғалардың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау; 44) халық арасында денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру; 45) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми жобаларының және бағдарламалардың ғылыми-медициналық сараптамасын, ғылыми-медициналық әзірлемелерді жүзеге асыру; 46) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 47) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру саласындағы уәкілетті органдармен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл; 48) ҚР Үкіметінің 2013.26.08. № 833 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 49) медициналық айықтырғыштардағы адамдарды ұстауды бақылауды жүзеге асыру; 50) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі бақылауды жүзеге асыру; 51) мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде тұтынушылардың құқықтарын қорғауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру; 52) дәрілік заттарды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі формулярлық комиссия қызметінің ережесі мен тәртібін бекіту. Ведомстволардың функциялары: 1) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 4) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 5) ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 6) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 7) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 8) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9) өз құзыреті шегінде жобалардың мемлекеттік сараптамасына қатысу; 10) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 11) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру; 13) лицензиялауға жататын қызметтердің түрлеріне лицензия берумен байланысты қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыру және лицензиаттардың Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету; 14) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 15) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 17) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 18) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 21) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 22) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 23) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 24) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 25) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 26) ҚР Үкіметінің 2013.31.12. № 1538 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 27) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазалар қолдану; 28) медициналық қызметтер көрсету, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 29) адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, қан мен оның компоненттерін Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді лицензиялау; 30) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы (оның ішінде тіркелмегендерін) ізгілік көмек немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар (рұқсат беру құжаттарын) беруді жүзеге асыру; 31) фармакологиялық және дәрілік заттарды клиникаға дейінгі (клиникалық емес) және клиникалық зерттеулерді, сондай-ақ медициналық технологияларды клиникалық зерттеулерді жүргізуге рұқсаттар беру; 32) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу, мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу, Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың мемлекеттік тізілімін жүргізу; 33) жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге қойылатын талаптарға денсаулық сақтау субъектісінің сәйкестігін айқындау; 34) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясын әзірлеу және бекіту; 35) азаматтардың көрсетілетін медициналық көмектің деңгейі мен сапасына қанағаттанушылық дәрежесін айқындау; 36) денсаулық сақтау саласында біліктілік емтихандарын өткізуді ұйымдастыру; 37) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдар мен білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу; 38) денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын және олардың орынбасарларын (медициналық білімі бар) кәсіптік құзыреттілікке аттестаттауды жүргізу; 39) денсаулық сақтау саласында мамандарды, соның ішінде сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық және сарапшыларды кәсіптік құзыреттілікке аттестаттау; 40) денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеуді ұйымдастыру және жүргізу; 41) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне тәуелсіз сараптама жүргізуі үшін жеке тұлғаларды аккредиттеу; 43) ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 44) ҚР Үкіметінің 2013.30.11. № 1297 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 45) медициналық қызметтерді, профилактика, диагностика, емдеу мен медициналық оңалту әдістері мен құралдарын, дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, тамаққа қосылатын биологиялық белсенді қоспаларды жарнамалауға рұқсат беру; 46) дәрілік заттардың және мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары көрсететін медициналық қызметтердің бағаларын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру; 47) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметін, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы стандарттарды, медициналық және фармацевтикалық қызметпен айналысу жөніндегі лицензиялау ережелерінің сақталуын, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы хабарлама тәртібін бақылау; 48) профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және медициналық оңалтудың жаңа әдістерінің енгізілуін бақылау; 49) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы есірткі құралдары, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына мемлекеттік бақылау; 50) медициналық қызметтердің, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жарнамасын бақылау; 51) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз ету бойынша Бірыңғай дистрибьютордан сатып алынатын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімін айқындау; 52) халықаралық және шетелдік фармакопеялардың стандарттарын, фармакопеялық мақалаларды (монографияларды) және шетел мемлекеттерінің дәрілік заттарына, медициналық мақсаттағы бұйымдарына және медициналық техникасына арналған стандарттау жөніндегі басқа да нормативтік құжаттарды тану; 53) медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде дәрілік заттардың ұтымды тағайындалуын бақылау; 54) денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық техниканың тиімді пайдаланылуын бақылау; 55) дәстүрлі медицина халық медицинасы (емшілік) қызметтерін көрсету субъектілерінің қызметін бақылау; 56) әкімшілендірілетін бюджеттік бағдарламалар бойынша медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі - ТМККК) көрсету бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу; 57) ТМККК шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру және шығыстарды жоспарлау әдістемесін айқындау; 58) медициналық қызметтердің тиімділігін, толықтығын және стандарттарға сәйкестігін көрсететін индикаторларды пайдалана отырып, ТМККК шеңберінде медициналық қызмет көрсететін денсаулық сақтау субъектілері қызметінің тиімділігін бағалауға бірыңғай тәсілдерді әзірлеу; 59) республикалық бюджет қаражатынан ТМККК көрсету бойынша қызметті ұсынушыларды таңдауды ұйымдастыру; 60) республикалық бюджет қаражатының есебінен ТМККК көлемін көрсету жөніндегі шығындарды өтеуді жүзеге асыру; 61) ТМККК шеңберінде медициналық қызметтердің сапасына сыртқы сараптаманы жүзеге асыру; 62) ұйымның медициналық көмекті тиімді басқаруын және ТМККК көрсету кезінде ресурстарды пайдалануын бағалау және мониторингі; 63) ТМККК шеңберінде жұмыстың түпкілікті нәтижесіне қол жеткізуге бағдарланған медициналық ұйымдар қызметкерлерінің уәждемесінің жүйесін бағалауды жүргізу; 64) Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде ТМККК қамтамасыз ету мен кеңейтуге нысаналы ағымдағы трансферттерді қоса алғанда іске асырылатын бағдарламалар мен бағыттардың енгізілуі мен орындалуын бақылауды, үйлестіруді және мониторингін жүзеге асыру. 1) өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; 2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; 3) қолданыстағы заңнамалық актілерде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
3. Министрліктің қызметін ұйымдастыру
18. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне басшылықты Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Министр жүзеге асырады. 19. Министрді Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. 1) денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырады; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді қамтамасыз етеді; 3) өз орынбасарларының өкілеттіліктерін айқындайды; 4) ведомствоның құзыретін және өзге мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібін айқындайды; 5) Министрліктің құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды; 6) Қазақстан Республикасының Парламентінде, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 7) Министрліктің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын бекітеді; |