|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы (2024.09.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: 2024.15.04. № 72-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі); 2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы 3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары 5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі 6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі 7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі 9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу 2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ 10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті 11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыреті 12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті 13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті 14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті 15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 16-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері 17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер 18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі 20-бап. Өтініш берушілердің құқықтары 21-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері 22-бап. Рұқсаттардың қолданысы 23-бап. Рұқсаттардың сыныптары 24-бап. Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандары 25-бап. Рұқсаттарды алуға арналған өтініштерді қараудың жалпы тәртібі 26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары 29-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары 30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері 31-бап. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым 32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту 33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу 35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату 36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары 37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер
6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ 38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері 39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері 40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдар немесе төлемдер 41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту 42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату 44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға қосымшалардағы қателерді түзету 8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ 46-бап. Хабарлама жасау тәртібі 47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау 49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі 10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ 51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР 53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда 1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға; 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды 1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 1-2) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сəйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі рұқсат беру органдарының лицензиялар немесе екінші санаттағы рұқсаттар берілгеннен кейін лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің, сондай-ақ хабарлама жіберген өтініш берушілердің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын сақтауын, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған қызметі; 2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы; 3) екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жатқызылған мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға; 4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші - екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға; 5) лицензияланатын қызмет түрі - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары); 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат; 7) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы; 9) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі - бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау; 10) лицензиялау - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені; 11) лицензияның иеліктен шығарылатындығы - басқа жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, оған лицензияны қайта ресімдеу мүмкіндігі; 12) жарамды рұқсат - берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат; 13) өтініш беруші - лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші; 2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды 13-1) өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимі - рұқсат беру органының жауапты адамының қатысуынсыз өтінішті қарау және рұқсатты беру жүргізілетін режим; 14) реттеуші мемлекеттік органдар - рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілген немесе енгізу жоспарланып жатқан нақты салада кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар; 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 15) рұқсат - рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау; 16) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 17) рұқсат беру органдары - лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар; 18) рұқсат беру тәртібі - қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу; 19) рұқсат беру рәсімі - екінші санаттағы рұқсатты беруге және оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешені; 20) рұқсат беру талаптары - өтініш берушінің және екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру тәртібі енгізілген жекелеген қызмет түрін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын, екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 20-1) рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша рұқсаттық бақылау (бұдан əрі - рұқсаттық бақылау) - рұқсат беру органдарының рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін анықтауға бағытталған қызметі; 21) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы; 22) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган - рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган; 2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 23) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау (бұдан әрі - реттеушілік әсерді талдау) - кейіннен мемлекеттік реттеу, сондай-ақ кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуі мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі; 24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату - өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту; 25) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі - лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе; 26) рұқсаттың электрондық нысаны - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат; 27) тарихи деректер - хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат; 27-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 28) хабарлама - рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат; 29) хабарлама жасау тәртібі - қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу; 30) ілеспе рұқсат - өтініш берушіге басқа рұқсатты беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті шарт болып табылатын екінші санаттағы рұқсат; 31) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады: 1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін - рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс; 2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады; 3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады; 4) рұқсат алу, хабарлама жіберу жөніндегі міндет: жеке және заңды тұлғаларға - жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алатын жеке тұлғаларға; жекеше кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жекеше кәсіпкерлік субъектілері сияқты сондай рұқсаттарды алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі; 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады; 2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды. 1) осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда көзделмеген, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға; 2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруға; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) валюталық шарттарды есептік тіркеуге, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама жасауға, шетелдік банктердегі шоттар туралы хабарлама жасауға жəне «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылатын осындай шоттарды есептік тіркеуге; 2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, хабарламаларды, ақпарат пен есептерді мемлекеттік тіркеуге; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде бағалы қағаздар эмитенттері мен қаржы ұйымдары жіберетін хабарламаларға (мәліметтерге); 5-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, осы Заңға 2-қосымшада көзделмеген рұқсаттарға; 7) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуді реттеу және реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу бөлігінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне; 2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) 7-1) Қазақстан Республикасында экспорттауға лицензия алған кезде қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өздері резиденті болып табылатын елдің не сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ретінде тіркелген басқа елдің лицензиары берген рұқсаты бар шетелдік заңды тұлғалардың сатып алуына; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 8) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді 9) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді 10) қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне; 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) 11) төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар шеңберінде белгіленетін, «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес енгізілетін рұқсаттарға жəне хабарламаларға қолданылмайды.
4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады: 1) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі; 2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі; 3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік; 5) сыбайлас жемқорлықтан азат болу; 2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды 6) заңдылық.
5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі 1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлерге объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады. 2. Біліктілік және рұқсат беру талаптары өтініш берушіге, лицензиатқа немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушіге алдағы қызмет және әрекет (операция) немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің ең аз қажетті жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс. 3. Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етуге құқығы жоқ.
6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі 1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі мемлекеттік реттеу мақсатына қол жеткізуде негіздеудің, келісудің және олардың тиімділігіне мониторинг жүргізудің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі. 2. Рұқсаттарды беру кезінде, сондай-ақ өзге жағдайларда алынатын алымдардың немесе төлемдердің мөлшері мемлекеттің рұқсат беру тәртібін әкімшілендіруге жұмсалатын шығындарын өтеу қажеттігіне байланысты айқындалуға тиіс. Реттеу шектеуші сипатта болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсаттар беру кезінде алымдарды немесе төлемдерді алу және олардың мөлшері мүлік цензі және нарыққа кіру үшін шектеу ретінде,
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі8-бап. Өзара жауаптылық9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу9-1-бап. Заңдылық 2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыреті12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті 3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ16-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі19-бап. Алып тасталды20-бап. Өтініш берушілердің құқықтары21-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері 4-тарау. РҰҚСАТТАР22-бап. Рұқсаттардың қолданысы23-бап. Рұқсаттардың сыныптары24-бап. Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандары25-бап. Рұқсаттарды алуға арналған өтініштерді қараудың жалпы тәртібі26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғалардың құжаттарды ұсыну ерекшеліктері 5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ28-бап. Лицензиялау салалары29-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері31-бап. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер 6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдар немесе төлемдер41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату 7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға қосымшалардағы қателерді түзету45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу) 8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ46-бап. Хабарлама жасау тәртібі47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру 9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі 10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау 11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР1-ҚОСЫМША2-ҚОСЫМША3-ҚОСЫМША |