|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2014.23.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 24 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін. 2. Орталық атқарушы органдар заңнамада белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде бұрын қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар енгізсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 134 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. «Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 шілдедегі № 724 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 30, 294-құжат): 4-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 2. ҚР Үкіметінің 2010.20.05. № 454 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 3. «Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1107 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 39, 518-құжат): 4-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 4. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 943 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): 2-тармақтағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. ҚР Үкіметінің 2014.15.08. № 938 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 7.ҚР Үкіметінің 2007.08.12. № 1201 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 8. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 9. «Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1116 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 528-құжат): 2-тармақтағы «төрт, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі туралы ережеде: 17-тармақтың екінші абзацындағы «, оның ішінде бір бірінші орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын. 10. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 11. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 12. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат): 2-тармақтағы «бес, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың үшінші және төртінші абзацтарындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде: 15-тармақтың үшінші абзацындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 13. ҚР Үкіметінің 2007.12.10. № 944 Қаулысымен алып тасталды (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 14. ҚР Үкіметінің 2007 ж. 8 желтоқсандағы № 1201 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 15. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 16. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 42, 538-құжат): 2-тармақтағы «үш, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «екі вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын. 17. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1005 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 18. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 19. ҚР Үкіметінің 2008.24.04. № 387 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 20. ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен алынып тасталды (бұр.ред.қара) 21. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат): 7-тармақта: 1) тармақшадағы «бес, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер «үш орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; 5) тармақшадағы «, оның ішінде бір бірінші орынбасары» деген сөздер алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті туралы ережеде: 18-тармақтағы «(оның ішінде бір бірінші)» деген сөздер алынып тасталсын. 22. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1327 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 49, 628-құжат): 3-тармақтағы «екі орынбасары» деген сөздер «бір орынбасары» деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметтің сапасын бақылау комитеті туралы ережеде: 15-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «Комитет төрағасының Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.«; 17-тармақтың 1) тармақшасындағы «орынбасарларының» деген сөз «орынбасарының» деген сөзбен ауыстырылсын; 18-тармақтағы «оның орынбасарларының» деген сөздер «, оның орынбасарының» деген сөздермен ауыстырылсын. 23. «Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1460 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 51, 683-құжат): 2-тармақтағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 24. ҚР Үкіметінің 2013.08.02. № 109 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 25. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): 2-тармақта: 1) тармақшадағы «төрт» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын; 2), 4) және 5) тармақшалардағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын. 26. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат): 2-тармақтағы «алты вице-министрі, оның ішінде бір бірінші вице-министрі» деген сөздер «үш вице-министрі» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың 1) тармақшасындағы «, оның ішінде бір бірінші» деген сөздер алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |