«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбір мәселелерi туралы (2012.08.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Yкіметінiң 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған: 1) инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісімшарт; 2) инвестициялық преференциялар берілетін экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейінде қызметтің басым түрлерінің тізбесі; 3) технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізат және (немесе) материалдардың импорты кезінде кедендік баждар салудан босатылатын экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы сыныптарының деңгейіндегі қызметтің басым түрлерінің тізбесі; 4) Инвестицияны мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік органдардың мамандарын, консультанттар мен сарапшыларды тарту ережесі бекітілсін. 2. Осы қаулы ресми жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
ҚР Үкіметінің 2005 ж. 17 қыркүйектегі № 925 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2005.07.09. № 851 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.30.07. № 1157 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.17.06. № 600 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.06.08. № 809 Қаулысымен (бұр.ред.қара) модельдік келісімшарт өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2012.08.11. № 1416 Қаулысымен модельдік келісімшарт жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысымен бекітілген
Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған модельдік келісімшарт
Осы инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған инвестициялық келісімшарт, бұдан әрi Тараптар деп аталатын ___________________________________________________________________________ негiзiнде әрекет eтeтiн (Ереже немесе Бұйрық) _________________________________________________________________________________________________________ атынан (басшының немесе оның мiндетiн атқарушы тұлғаның аты-жөнi) ________________________________________________________________________________________ (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) (уәкiлеттi органның атауы) және ________________________________________________________________________________________ негiзінде әрекет ететiн (Жарғы немесе сенiмхат) _________________________________________________________________________________________________________ атынан (басшының немесе өзге уәкiлеттi тұлғаның аты-жөнi) ______________________________________________________________________________ жобаны iске асыруды жүзеге асыратын (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) ____________________________________________________________________________ (бұдан әрi - Инвестор) арасында жасалды. (Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының атауы) Мыналарды: 1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделген Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасы қызметтiң басым түрлерінде жаңа өндiрiстердi құру, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту және жаңарту мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бағытталғанын; 2) Уәкiлеттi органға инвестициялық келісімшарттарды жасасуға және орындалуын бақылаумен байланысты тiкелей құқықтар берiлгенiн; 3) Уәкiлетті орган және Инвестор _______________________________________________________________________________________________________________ (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық жобаның атауы) жобаны iске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндетiн реттейтiнi туралы уағдаласқандығын назарға ала отырып, уәкiлеттi орган және Инвестор төменде көрсетілгендер туралы осы инвестициялық Келісімшартты жасасты.
1. Негiзгi ұғымдар
1. Осы инвестициялық келісімшартқа қолданылатын негiзгi ұғымдар: 1) инвестицияық келісімшарт - инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған шарт; 2) кiрiстер - пайданы, дивидендтi, және басқа да сыйақыларды қоса алғанда, олар төлейтiн нысанға қарамастан инвестициялық немесе онымен байланысты қызметтен алынатын кiрiстер; 3) материалдық емес активтер - жиынтық жылдық кiрiстi алу үшiн ұзақ мерзімді кезең iшiнде (бiр жылдан астам) пайдаланатын материалдық емес объектiлер; 4) форс-мажор - инвестициялық келісімшарттың бұдан әрi орындалу барысын қиындататын немесе оған мүмкiндік бермеуге әкеп соғатын тежеусiз күш жағдайлары (әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалар және тағы басқалары); 5) үшiншi тұлға - инвестициялық келісімшарт бойынша тарап болып табылмайтын кез келген тұлға; 6) жұмыс бағдарламасы - инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың күнтiзбелiк кестесiн айқындайтын, инвестициялық келiсiмшартқа 1-қосымша; 2. Осы бөлімде жоқ ұғымдар, түсіндiрулер «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңындағы (бұдан әрi - Заң) және инвестициялық преференциялар мәселелерiн реттейтiн басқа да нормативтiк құқықтық акілердегі ұғымдарға сәйкес мәнге ие.
2. Инвестициялық келісімшарттың мән-жайы
3. Осы инвестициялық келісімшарттың мән-жайы Инвесторға ___________________________________________________ жоба шеңберiнде (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңнамасында көзделген инвестициялық преференцияларды беру болып табылады. 4. Инвесторға мынадай инвестициялық преференциялар берiледi: 1) технологиялық жабдыққа және жинақтауыштарды импорттау кезінде осы инвестициялық келісімшарттың 2-қосымшасына сәйкес ________ мерзімге кедендік баждар салудан босату; технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізаттар және (немесе) материалдарды импорттау кезінде осы инвестициялық келісімшарттың 3-қосымшасына сәйкес __________ мерзімге кедендік баждар салудан босату; 2) мемлекеттік заттай грант: ____________ түрінде ____________ құқында ______________ артынан __________________ инвестициялық келісімшартқа сәйкес инвестициялық міндеттемелерін орындаған жағдайда; 3) Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасында көзделген тәртіппен жер салығы және мүлік салығына жеңілдіктер ___________ мерзімге (келісімшартты жасасқан күннен жеті жылдан артық емес); 4) әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі төмен елді мекенде(дерде) инвестициялық стратегиялық жобаны іске асырушы Инвесторға арналған мынадай шығын түрлері бойынша өнеркәсіптік жеңілдіктер: газ; электр энергиясына; жер учаскесін сатып алуға; ғимарат, құрылым (құрылыс) сатып алуға.
3. Инвестициялық келiсімшарттың мақсаты
5. Осы инвестициялық келісімшарт _________________________________________________________________________________ (қызметтiң басым түрлерiнiң атауы) сыныбына сәйкес _________________________________________________________________________________________ жобаны (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) және инвестициялық қызметтi жүзеге асыру кезiнде инвестициялық преференцияларды беру мақсатында қолдану құқығына сәйкес Уәкiлеттi орган мен Инвестор арасындағы шарттық өзара қарым-қатынастардың заңды шеңберiн белгілейдi.
4. Инвестициялық қызмет объектiсі
6. Осы инвестициялық келісімшарт бойынша өзіне мыналарды:
Тiркелген активтерге инвестициялар
қамтитын ____________________________________________________________________________________________________ (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) жобаның _________ атауы, орналасқан жерi ______________________________ инвестициялық қызмет объектiсi болып табылады.
7. Уәкiлеттi органның: 1) өкілеттiктердi табыстау шегiнде инвесторлармен тiкелей келiссөздер жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасы атынан өкілдік етеді; 2) инвестициялық келісімшарттардың шарттарын және жасасу мен бұзуы тәртібін айқындауға, инвестициялық келісімшарт жасасуға және тiркеуге; 3) __________________________________________________________________________________________ жобаны iске асыруға (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) бақылау жүргізуге, оның iшінде осы инвестициялық келісімшарттың 20-тармағына сәйкес Инвестордан инвестициялық келісімшарттың шарттарын орындау жөнінде жүйелi есептi талап етуге, сондай-ақ ______________________________________________________ жобаға (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) қатысты өзге де ақпаратты сұратуға; 4) Уәкілеттi орган туралы ережеде және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар. 1) келiсілген ______________________________________________________________________________________________ жобаны (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) iске асыру үшiн инвестициялық келісімшарт шарттарына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы емес кез-келген әрекеттердi қабылдауға; 2) Уәкiлеттi органға белгіленген тәртiппен инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныстар енгiзуге құқы бар.
9. Уәкiлеттi орган өз құзыры шегінде: 1) инвестициялық келісімшарттың шарттарына сәйкес инвестициялық преференциялар беруге; 2) Инвестордың қатысуымен инвестициялық дауларды сотқа дейiнгi тәртiппен реттеуде көмек көрсетуге міндеттеме алады. 1) Жұмыс бағдарламасына сәйкес осы инвестициялық келісімшарттың 6-тармағында көрсетілген инвестицияларды жүзеге асыруға және тіркелген активтерді пайдалануға енгізуге; 2) келісілген _____________________________________________________________________________________________ жобаны (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) iске асыру кезiнде осы инвестициялық келісімшарттың ережелерін сақтауға; 3) осы инвестициялық келісімшарттың 5-тармағында көрсетілген қызмет түрін өзгертпеуге және инвестициялық преференциялар берiлетiн келісілген __________________________________________________________________________________________________ жобаның (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) шарттарын бұзбауға; 4) қазақстандық кадрларды үздіксіз оқыту жүйесін енгізуге және олардың біліктілігін арттыру жөнінде жұмыс жүргізуге; 5) Уәкiлеттi орган талап еткен _______________________________________________________________________________________________________________ (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) жобаны iске асырылу барысы туралы ақпаратты беру және осы инвестициялық келісімшарттың 20-тармағына сәйкес есеп берудiң мерзiмiн сақтауға; 6) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде берілген мемлекеттік заттай грантты және Келісімшарттың жұмыс бағдарламасына сәйкес сатып алынған тіркелген активтерді жалға бермеуге, иеліктен айырмауға және олардың нысаналы мақсатын өзгертпеуге; 7) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде осы инвестициялық келісімшарттың шеңберінде 5-тармақта көрсетілген қызметті іске асыру үшін осы инвестициялық келісімшарттың 3-қосымшасына сәйкес технологиялық жабдыққа импортталған қосалқы бөлшектерді, шикізат пен (немесе) материалдарды қолдануға міндеттеме алады.
11. Инвестор Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес салық және бюджетке төленетiн басқа да міндеттi төлемдердi төлеуге міндеттеме алады.
12. Инвестициялық келісімшарт бойынша қандай да болмасын орындамаған міндеттемелер үшін, егер бұл орындамаушылық немесе орындау кезiнде кiдiрту тежеусiз күш (бұдан әрі - форс-мажор) жағдайынан туған болса Тараптардың ешқайсысы жауапты болмайды. 13. Тежеусiз күш жағдайына әскери қақтығыстар, табиғи апаттар, дүлей зілзалалар (өрт, iрi апаттар, коммуникациялардың бұзылуы т.б.) және осы жағдайлардағы өзге де төтенше және қайтусыз жайттар жатады. 14. Форс-мажор жағдайларынан туындаған инвестициялық келісімшарт бойынша жұмыстардың толық немесе iшiнара тоқтауы кезiнде, Жұмыс бағдарламасына өзгерістер енгізу жолымен форс-мажордың әрекетi мерзімінде бұл жұмыстардың жүргiзiлу мерзiмi ұзартылады және форс-мажор аяқталған сәттен бастап жаңартылады. 15. Форс-мажор жағдайлары туындаған жағдайда, одан зардап шеккен Тарап ол басталған күннен 15 жұмыс күнi iшінде бұл туралы форс-мажор оқиғасы басталған күндi және сипаттамасын көрсете отыра, жазбаша хабарламаны тапсыру жолымен екiншi Тарапты хабардар етедi. 16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде тараптар қалыптасқан жағдайдан шығудың шешуiн iздеу үшiн дереу келiссөздер өткiзедi және мұндай жағдайлардың зардаптарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
17. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Тараптар, келісімшарттың әрекет ету мерзiмi iшiнде оны iске асыру жөніндегi жұмысқа қатысты барлық құжаттар, ақпараттар және есептер бойынша құпиялылық шарттарын (осы инвестициялық келісімшарттың 18-тармағына сәйкес) сақтауы тиiс. 18. Екiншi Тараптың жазбаша келісімiнсiз ешбiр Тарап Келісімшарттың мазмұнына қатысты немесе ____________________________ ________________________________________________________________________________________________________________ (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) жобаны жүзеге асыруға байланысты және құпия деп есептелетін өзге де ақпаратты ашуға мына жағдайлардан басқа жағдайда құқығы жоқ: 1) егер ақпарат сот талқыламасы барысында пайдаланылса; 2) ақпарат инвестициялық келісімшарт бойынша Тараптардың бiрiне қызмет көрсететiн үшiншi тұлғаға, бұл үшiншi тұлға мұндай ақпараттың құпиялық шарттарын сақтау және оны Тараптар белгiлеген мақсаттарда және айқындалған мерзiмде ғана пайдалануға мiндеттеме алу шарты берілген жағдайда; 3) ақпарат инвестициялық келісімшарт бойынша Тарап қаржы қаражаттарын алатын банкке немесе басқа қаржылық ұйымға берiлсе, мұндай банк немесе басқа қаржылық ұйым бұл ақпараттың құпиялық шарттарын сақтауға мiндеттеме алған жағдайда; 4) кез-келген, оның iшiнде Инвестордың оның ішiнде Қазақстан Республикасынан тысқары шетелдiк банктерде ашылған кез-келген шарттарына қатысты банкілік құпия болып табылатын, ақпаратқа ене алатын салық немесе өзге де Қазақстан Республикасының мемлекеттік Уәкiлеттi органы берген жағдайда; 5) егер, Уәкiлеттi орган жасасқан инвестициялық келісімшарт бойынша ________________________________________________ жобаны (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) iске асыруға қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдердi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласа. Бұл ретте Уәкiлетті орган инвестициялардың сомасы мен іске асырылатын өңірлердің және _______________________________________________________ жобаның (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) атауы туралы ақпаратты ғана жариялауға құқылы.
10. Инвестициялық келісімшарт жағдайларының сақталуын бақылау
19. Инвестициялық келісімшарт талаптарының сақталуын бақылауды Уәкілетті орган мынадай нысандарда: 1) камералдық бақылау - Уәкілетті орган осы инвестициялық келісімшарттың 20-тармағына сәйкес ұсынылған есептерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау; 2) инвестициялық қызмет объектiсiне бара отырып, оның iшiнде жұмыс бағдарламасын және инвестициялық келiсiмшарт талаптарын орындау жөнiндегi құжаттарды қарастыру арқылы жүзеге асырады. 20. Инвестициялық келiсiмшарт жасасқаннан кейiн Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Уәкiлеттi орган белгілейтін нысан бойынша тіркелген активтердің пайдалануға берілуін, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектерінің, шикізаттың және (немесе) материалдардың жеткізілуі мен пайдаланылуын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жұмыс бағдарламасында көзделген шығындар баптары бойынша таратып жазып, инвестициялық келісімшарттың орындалуы туралы жартыжылдық есептерді жиырма бесінші шілдеден және жиырма бесінші қаңтардан кешіктірмей береді. 21. Жұмыс бағдарламасына өзгерістер тараптардың келісімі бойынша жылына бір рет енгізіле алады. 22. Инвестициялық қызмет объектілеріне бара отырып тексеру: 1) жұмыс бағдарламасы аяқталған жағдайда, инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін үш ай бұрын өтелетін алты ай кезеңінде; 2) кедендік баждар салудан босатылатын технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар импорты жүзеге асырылған жылдан кейінгі жылдан бастап, технологиялық жабдықтың қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар импорты жағдайында кедендік баждар салудан босату түрінде инвестициялық преференциялар қызметі аяқталғаннан кейінгі жылға дейін, жыл сайын жүргізіледі. 23. Тексеру нәтижелерi бойынша Уәкiлеттi органның өкiлi мен Инвестордың басшысы Уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасының орындалуының ағымдағы ахуалы актісіне қол қояды. 24. Инвестициялық келiсiмшарттың жұмыс бағдарламасы орындалмаған немесе дұрыс орындалмаған жағдайда уәкiлеттi орган Инвесторға бұзушылықтарды көрсете отырып, жазбаша түрде хабарлама жiбередi және бұзушылықтарды жою үшiн екі ай мерзiм белгiлейдi. 25. Егер Уәкілетті орган жүргізген тексеру нәтижелері бойынша инвестициялық жобаны іске асыру үшін әкелінген және кедендік баждар төлеуден босатылған технологиялық жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізат және (немесе) материалдар пайдалануға берілмегені не пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, инвестициялық келісімшарт бойынша ұсынылған инвестициялық преференциялар салдарынан кедендік баждардың сомасын төлемеген Инвестор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өсімпұлды есептей отырып, пайдаланылмаған жабдық, оның жинақтауыштары, қосалқы бөлшектері, шикізаттар және (немесе) материалдар бөлігінде оларды төлейді. 26. Инвестициялық келiсiмшарттың бұзылуы туралы ақпарат мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғауды қамтамасыз ету мақсатында мыналарға: 1) тиiстi шаралар қабылдау үшiн салық қызметі органдарына, кеден органдарына және қажет болған жағдайда өзге де мемлекеттiк органдарға; 2) оларға сәйкес мемлекеттiк заттай грант берiлген инвестициялық келiсiмшарттар бойынша салық қызметі органдарына, кеден органдарына, мемлекеттiк мүлiктi және (немесе) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті органдарға, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдарға жiберiледi.
27. Тараптар инвестициялық келісімшарттың кез-келген ережелерiнің орындалуымен немесе түсіндiрулерiмен байланысты туындайтын барлық даулар мен келiспеушiлiктердi өзара келiссөздер жолымен шешу үшiн бар күштi салады. 28. Тараптар кез келген Тараптың екiншi Тарапқа жазбаша өтiнiм алған күннен бастап екi ай iшінде келісімге қол жеткiзбеген жағдайда даулардың шешiлуi Қазақстан Республикасының сот органдарында, сондай-ақ Тараптардың келісімiмен айқындалатын басқа инстанцияларда жүргiзiледi. 29. Тараптар пайда болған даулар мен келiспеушiліктер толықтай шешiлгенше инвестициялық келісімшартта белгiленген міндеттемелердi орындаудан босатылмайды.
12. Инвестициялық келісімшарттың тұрақтылығына кепілдемелер
30. Уәкілеттi орган мен Инвестор арасындағы жасасқан инвестициялық Келісімшарттың шарттары Заңда көзделген немесе Тараптардың келісімi бойынша инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлетiн жағдайларды қоспағанда, осы инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанша өзгерiссiз қалады.
31. Инвестициялық келісімшарт негiзiнде қол қойылған инвестициялық келісімшарт және басқа да келісімдер үшiн Қазақстан Республикасының құқығы қолданылады.
14. Инвестициялық келісімшарттың әрекет ету мерзiмi және күшiне eнуі
32. Инвестициялық келісімшарттың қолданылу мерзімі инвестициялық преференциялардың қолданылу мерзімімен айқындалады. Жұмыс бағдарламасы бойынша жұмыстарды аяқтау мерзімі келісімшарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін тоғыз айдан кешіктірмей аяқталуға тиіс. 33. Осы инвестициялық келiсімшарт Уәкiлеттi органда тiркелген сәттен бастап күшiне енедi. 34. Инвестициялық келісімшартың қолданылуы инвестициялық келісімшарттың 16-бөлімінде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, ____ жылдың ___ (айы) ___ соңғы күнiнiң өтуi бойынша тоқтатылады.
15. Инвестициялық келісімшартқа енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырулар
35. Тараптар өзара келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инвестициялық келісімшартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.
16. Инвестициялық келісімшартты бұзу жағдайлары
36. Инвестициялық келiсiмшарттың қолданылуы: 1) тараптардың келiсiмi бойынша; 2) бiр жақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн. 1) өтiнiш берушi табыс еткен мәлiметтердiң бұрмаланғаны және (немесе) жасырылғаны анықталған және инвестициялық преференциялар беру жөнiндегi шешiмге ықпал еткен жағдайда; 2) Инвестор инвестициялық келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде; 3) инвестициялық келісімшарттың 20-тармағына сәйкес Инвестор табыс еткен есептiлiктегi мәлiметтердiң бұрмаланғаны немесе жасырылғаны анықталған жағдайда инвесторға жазбаша түрде хабарлаған кезден бастап екі ай өткен соң инвестициялық келiсiмшартты бiржақты тәртiппен бұзуға құқылы. Бұл жағдайларда Инвестор инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын не өнеркәсіптік субсидияларды төлейдi. 38. Инвестордың бастамасы бойынша инвестициялық келiсiмшарт бiржақты тәртiппен мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде, Инвестор инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өсiмпұлды есептей отырып төлейдi. 39. Инвестициялық келiсiмшарт тараптардың келiсiмi бойынша мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Инвестор инвестициялық келiсiмшарт бойынша берiлген инвестициялық преференциялар салдарынан төленбеген салықтар мен кеден баждарының сомасын төлейдi. 40. Инвестициялық келiсiмшарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Инвестор өзiне мемлекеттiк заттай грант ретiнде берiлген мүлiктi заттай не инвестициялық келiсiмшарттың талаптарына сәйкес оның берiлген күнгi бастапқы құнын қайтарады. 41. Мемлекеттiк заттай грантты қайтаруды Инвестор Уәкiлеттi орган инвестициялық келiсiмшартты мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы шешiм қабылдағаннан кейiн күнтізбелік отыз күн iшiнде жүзеге асырады.
17. Инвестициялық келісімшарт тілі
42. Инвестициялық келісімшарт мәтiнi, осы инвестициялық келісімшартқа қоса берілетiн өзгерістер, қосымшалар, қосымша құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерiнде жасақталады. Барлық даналар егер, инвестициялық келісімшартта өзге жағдайлар көзделмеген болса, тепе-тең дәл болып табылады және бiрдей заңды күшке ие. 43. Тараптар _____ тілі қатынас тілі ретiнде қолданылатындығына уағдаласады. Инвестициялық келісімшарт күшiне енген күнiнен бастап ________________________________________________________________________________________________ жобаны iске асыруға (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) қатысты ақпарат _______ тілінде жасалады.
44. Заңды тұлға - Инвестордың қайта ұйымдасуы Қазақстан Республикасының заңнамасына, уәкiлеттi органның жазбаша келісімiне сәйкес жүзеге асырылады. 45. Хабарламалар мен есептер тiкелей қолға немесе төменде көрсетiлген мекенжайға хабарламамен поштамен жібереледі. Уәкілетті орган: ________________________________________________________________ (атауы, заңды мекен-жайы, телефондары) Уәкілетті органның басшысы ____________________________________________________ (аты-жөні) Инвестор: ____________________________________________________________________ (атауы, заңды және нақты мекенжайы, телефондары, электрондық поштасы) Инвестор басшысы ____________________________________________________________ (аты-жөнi) 46. Инвестициялық келісімшарт бойынша мекенжайлар өзгерген кезде Тараптардың әрқайсысы екі апта мерзімде екiншi Тарапқа жазбаша хабарлама беруi тиiс. 47. Қосымшалардың ережелерi мен инвестициялық келісімшарт арасында қандай да бiр ауытқушылық болған кезде, инвестициялық келісімшарт негізге алынатын мәнге ие. 48. Осы инвестициялық келісімшартқа _______ жылы __________ Қазақстан Республикасы Астана қаласында Тараптардың Уәкiлеттi өкілдерi қол қойған.
20__ жылғы _____ ______________ № _____________________________
Инвестициялық преференцияларды көздейтiн инвестицияларды жүзеге асыруға арналған 1-қосымша
_____________________________________________________________ жобасы (инвестициялық немесе инвестициялық стратегиялық) бойынша жұмыс бағдарламасы Инвестордың атауы: __________________________________________________
1-бөлім: Тіркелген активтерге инвестициялар, мың теңге
2 бөлім: Технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектер, шикізаттар мен материалдар импорты, саны
|