Қазақстан Республикасының (2014.29.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 16 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)
Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы: ҚР 2014 жылғы 3 шілдедегі № 227-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) ҚР 2014 жылғы 4 шілдедегі № 233-V Заңын қараңыз (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасында сот-сараптама қызметін жүзеге асыру жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейді. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу, Азаматтық іс жүргізу кодекстерімен және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен белгіленеді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) арнаулы ғылыми білім - сот-сараптамалық зерттеулердің әдістемелерінде іске асырылған, мазмұны ғылыми білімді құрайтын арнаулы білім саласы; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) сарапшының қорытындысы - Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат; 3) сот-сараптама қызметі - сот сараптамасы органдары мен сот сарапшыларының сот сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметі; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4) тармақша жаңа редакцияда 4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензия - Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жеке тұлғаға сот-сараптама қызметiмен айналысуға беретiн рұқсат; 5) сот-сараптамалық зерттеу әдістемесі - сот сараптамасының белгілі бір тегінің, түрінің нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын әдістер жүйесі; 6) сот-сараптамалық зерттеу әдісі - сот сараптамасының нысанасына жататын мән-жайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерделеу кезінде қолданылатын қисындық және (немесе) құрал-саймандық операциялар (тәсілдер, әдістер) жүйесі; 7) сот сараптамасы - шешілуі үшін маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында арнаулы ғылыми білім негізінде жүргізілетін қылмыстық, азаматтық істердің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің материалдарын зерттеу; 8) сот сараптамасының нысанасы - сот сараптамасын жүргізу жолымен анықталатын қылмыстық, азаматтық істерді не әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді шешу үшін маңызы бар мән-жайлар; 9) сот сараптамасы объектілері - заттай дәлелдемелер, құжаттар, адамның денесі мен психикалық жай-күйі, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сондай-ақ сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарында қамтылған сот сараптамасының нысанасына жататын мәліметтер; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10) сот сараптамасы органдары - Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот-сараптама қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк заңды тұлғалар; 11) сот сараптамасы органының басшысы - сот сараптамасы органының сот-сараптама қызметіне басшылықты жүзеге асыратын адам (сот сараптамасы органының бірінші басшысы, сот сараптамасы органы аумақтық бөлімшесінің басшысы); 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12) сот сарапшысы - осы Заңның талаптарына сәйкес келетiн, қылмыстық процестi жүргiзушi орган (адам), сот не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берiлген орган (лауазымды адам), прокурор, нотариус Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен сот сараптамасын жүргiзудi тапсырған адам; 13) сот сарапшысы мамандығы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу саласындағы сот сарапшысының ғылыми құзыреттілігі; 14) үлгілер - сот-сараптамалық зерттеу жүргізу және сарапшының қорытынды беруі үшін қажетті, тірі адамның, мәйіттің, жануардың, заттың, нәрсенің қасиеттерін бейнелейтін материалдық дүние объектілері.
2-бап. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметi туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының сот-сараптама қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу және Азаматтық іс жүргізу кодекстерінен, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Сот-сараптама қызметінің мазмұны Сот-сараптама қызметінің мазмұны: 1) қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізуді; 2) сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулерді; 3) сот сараптамасын ғылыми-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етуді; 4) сот сарапшыларын іріктеуді, кәсіптік даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтиды.
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Сот-сараптама қызметiнiң мiндеті Сот-сараптама қызметінің міндеті қылмыстық, азаматтық істер бойынша, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді арнаулы ғылыми білімді қолдану нәтижелерімен қамтамасыз ету болып табылады.
5-бап. Сот-сараптама қызметінің принциптері Сот-сараптама қызметі: 2) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау; 3) сот сарапшысының тәуелсіздігі; 4) сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді пайдалануға жол беру; 5) сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігі; 6) сот сарапшысының кәсіптік әдебін сақтау принциптеріне негізделеді.
6-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезіндегі заңдылық Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасы Конституциясының және осы қызметтің құқықтық негізін құрайтын өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптары дәл орындалған жағдайда жүзеге асырылады.
7-бап. Сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау 1. Сот-сараптама қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптері мен нормаларына сәйкес адамның және азаматтың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері, заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделері сақталған жағдайда жүзеге асырылады. 2. Адамның құқықтары мен бостандықтарын уақытша шектеуді талап ететін сот-сараптамалық зерттеулер тек қана заңда белгіленген негіздерде және тәртіппен жүргізіледі. 3. Сот сараптамасы органының немесе сот сарапшысының әрекеттері (әрекетсіздігі) адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін не заңды тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге әкеп соқты деп санаған адам көрсетілген әрекеттерге (әрекетсіздікке) заңда белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.
8-бап. Сот сарапшысының тәуелсіздігi 1. Сот сарапшысы сот сараптамасын жүргізу кезінде іс жүргізу тұрғысынан дербес, сот сараптамасын тағайындаған органнан (адамнан), сот сараптамасы органының басшысынан және басқа да адамдардан тәуелсіз болады. 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Сот сарапшысы жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерiн негiзге ала отырып, қорытынды бередi. Бұл ретте ол Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалып, жол берiлетiн зерттеу құралдары мен әдiстерiн таңдауда дербес болады. 3. Сот сарапшысына құқыққа сыйымсыз ықпал етуге және оның заңды қызметіне кедергі келтіруге жол берілмейді және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
9-бап. Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу құралдары мен әдістерін пайдалануға жол беру Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде ғылыми-техникалық құралдар мен әдістерді қолдануға, егер олар: 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының заңдарында тiкелей көзделсе немесе олардың нормалары мен қағидаттарына қайшы келмесе; 2) ғылыми жағынан дәлелді болса; 3) іс бойынша іс жүргізудің тиімділігін қамтамасыз ететін болса; 4) қауіпсіз болса жол беріледі.
10-бап. Сот-сараптамалық зерттеулердің жан-жақтылығы, толықтығы және объективтілігi 1. Сот сарапшысы сот-сараптамасын жүргізу кезінде өзінің арнаулы ғылыми біліміне негізделген, объектілерді жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шараларды қолдануға міндетті. 2. Сот сарапшысының қорытындысы жалпы жұрт қабылдаған ғылыми және практикалық деректер негізінде жасалған қорытындылардың негізділігі мен дәйектілігін тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделуге тиіс.
11-бап. Сот сарапшысының кәсіптік әдебін сақтау Сот-сараптамалық зерттеулерді жүргізу кезінде сот сарапшысының кәсіптік әдебінің нормалары сақталуға тиіс.
2-тарау. Сот-сараптама қызметінің субъектілері
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 12-бап. Сот сарапшысына қойылатын кәсiптiк және бiлiктiлiк талаптары 1. Сот сарапшысының арнаулы ғылыми бiлiмi болуға тиiс. 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiне; 2) сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын жеке тұлғаларға; 3) осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайларда бiржолғы тәртiппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкiн. 3. Бiржолғы тәртiппен сараптама жүргiзу: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілеген сот сараптамалары түрлерінің тізбесінде көзделмеген сот сараптамасы тағайындалған; 2) қылмыстық, азаматтық процеске қатысушының, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның), әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргізуге қатысушының сот сараптамасы органдарының қызметкерi болып табылмайтын не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын адамды сарапшы ретiнде тарту туралы дәлелдi өтiнiшхаты қанағаттандырылған; 3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлерi болып табылатын, сондай-ақ сот-сараптама қызметiн лицензия негiзiнде жүзеге асыратын тиiстi мамандықтағы барлық сот сарапшыларының бас тартуы қанағаттандырылған не сот сараптамасы органы тұтастай сот сараптамасын жүргiзуден дәлелдi түрде шеттетiлген; 4) осы Заңның 49-бабына сәйкес шет мемлекеттiң сот сарапшысы тартылған жағдайларда тапсырылуы мүмкiн. 4. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында және 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында аталған адамдардың жоғары білімі болуға тиіс. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы баптың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адамдардың сот сараптамасының белгiлi бiр түрiн жүргiзу құқығына бiлiктiлiк куәлiгiмен расталатын сот сарапшысы бiлiктiлiгiнің болуы, оларды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң комиссиялары аттестаттаған болуы және олардың Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлуі тиiс. 6. Осы баптың 1, 4 және 5-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес келетiн Қазақстан Республикасының азаматы сот сараптамасы органдарында сот сарапшысы лауазымына орналаса алады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 7. Сот сараптамасы органдарына алғаш рет жұмысқа кiретiн адамдар бiлiктiлiк емтиханын тапсырумен аяқталатын арнайы кәсiптiк даярлықтан өтедi. Арнайы кәсiптiк даярлық қағидаларын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi. 8. Сот тәртiбiмен әрекет қабiлетi шектеулi немесе әрекетке қабiлетсiз деп танылған не өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам сот сарапшысы бола алмайды. Тиiстi заңдық факт болған күннен бастап үш жыл бойына: 1) соттылығы заңда белгiленген тәртiппен өтелген немесе алынған; 2) қасақана қылмыс жасағаны үшiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; 3) мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан, сот сараптамасы органдарынан терiс себептермен шығарылған; 4) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айырылған; 5) сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясының қолданысы осы Заңның 16-бабының 3-тармағында көзделген негiздер бойынша тоқтатылған адам сот сарапшысы бола алмайды.
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 13-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 13-бап. Сот сарапшысы біліктілігін беру 1. Сот сарапшысы біліктілігін беру оның біліктілік емтиханын тапсырып, сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігінің берілуі арқылы жүзеге асырылады. Сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптаманың белгілі бір түрін өндіру құқығына біліктілік беру жөніндегі нұсқаулықты қараңыз 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Біліктілік емтихандарын қабылдауды және сот сараптамасының белгілі бір түрін жүргізу құқығына сот сарапшысының біліктілік куәлігін беруді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің біліктілік комиссиялары жүзеге асырады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3. Біліктілік комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысы біліктілігін беру үшін біліктілік емтихандарын қабылдау тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 14-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 14-бап. Сот сарапшысын аттестаттау 1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшыларының, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кәсіптік даярлығы деңгейін айқындау мақсатында, олар бес жылда бір рет Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аттестаттау комиссиялары жүргізетін аттестаттаудан өтеді. Сот сарапшысының кәсіптік даярлығының тиісті деңгейіне негізді күмән туындаған кезде ол кезектен тыс аттестаттаудан өткізіледі. 2. Аттестаттау комиссиялары қызметінің қағидалары мен олардың құрамын, сондай-ақ сот сарапшысын аттестаттаудан, оның ішінде кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 15-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары 1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия жеке тұлғаларға беріледі. 2. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензия бас лицензия болып табылады. 3. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияны берудің, беруден бас тартудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Сот-сараптама қызметін лицензиялау жөніндегі комиссия қызметінің қағидалары мен оның құрамын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 16-бап. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және қайта жалғастыру 1. Сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұрудың, қайта жалғастырудың, тоқтатудың және одан айырудың тәртібі, негіздері мен шарттары Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында белгіленеді. 2. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысы: 1) ол мемлекеттік қызметте болған; 2) ол Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, өз қызметін бюджет қаражаты есебінен ақы төленетін тұрақты немесе босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқарған; 3) сот сараптамасы органдарында сарапшы лауазымында жұмыс істеген; 4) мерзімді әскери қызметті өткерген кезеңде тоқтатыла тұрады. 3. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаның сот-сараптама қызметімен айналысуына арналған лицензияның қолданысын тоқтатуды: адам соттың заңды күшіне енген шешімі бойынша әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі, қайтыс болған не хабарсыз кеткен деп танылған; адам Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқан; адам қасақана қылмыс жасағаны үшін ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған; соттың адамға қатысты айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі немесе денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасында көзделген жалпы негіздерден басқа, жеке тұлғаны сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиядан айыру: 1) адам сот-сараптама қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын өрескел не бірнеше рет бұзған; 2) оны аттестаттау нәтижелерімен расталған кәсіптік даярлығы деңгейінің жеткіліксіздігі салдарынан адамның сот сарапшысы міндеттерін атқаруы мүмкін болмаған; 3) адам аттестаттаудан өтуден жалтарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің талап қоюы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады. Көрсетілген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру туралы талап арызды дайындау жөніндегі ұсыныспен лицензиялаушы органның басшысына жүгiнедi. Сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиядан айыру оның қолданысын тоқтатуға әкеп соғады. 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, лицензияның қолданысы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы сот-сараптама қызметiн лицензиялау жөнiндегi комиссия ұсынған материалдардың негізінде лицензиялаушы орган басшысының бұйрығымен тоқтатыла тұрады, қайта жалғастырылады және тоқтатылады. Лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған, қайта жалғастырылған немесе тоқтатылған жеке тұлға қабылданған шешім туралы үш тәулік ішінде хабардар етіледі және тиісті мәліметтер бес тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне енгізіледі.
17-бап. Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімi 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметiмен айналысуға арналған лицензиясы бар жеке тұлғалар туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiледi, оның мақсаттары мен қалыптастыру және пайдалану қағидаларын Әділет министрлігі айқындайды. 2. Осы Заңның 12-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық процесті жүргізуші орган, сот, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан орган (лауазымды адам) оны жүргізуді Қазақстан Республикасы Сот сарапшыларының мемлекеттік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізілген сот сарапшысына тапсырады.
18-бап. Сот сарапшысының құқықтары 1) сот сараптамасының нысанасына қатысты іс материалдарымен танысуға; 2) қорытынды беру үшін қажетті қосымша материалдарды өзіне беру туралы өтінішті мәлімдеуге; 3) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) рұқсатымен іс жүргізу әрекеттерін жүргізуге және сот отырыстарына қатысуға және оларға қатысушы адамдарға сот сараптамасының нысанасына қатысты сұрақтар қоюға; 4) өзі қатысқан іс жүргізу әрекетінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен айғақтарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты оларға енгізілуге жататын ескертулер жасауға; 5) сараптаманы тағайындаған органның келісімі бойынша сот-сараптамалық зерттеу барысында анықталған, іс үшін маңызы бар, сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда, ұйғарымда қамтылған мәселелердің шегінен тыс мән-жайлар бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беруге; 6) ана тілінде немесе өзі білетін тілде қорытынды ұсынуға және айғақтар беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға, одан бас тартуды мәлімдеуге; 7) сот сараптамасын жүргізу кезінде қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) және істі жүргізуге қатысатын өзге де адамдардың өзінің құқықтарына нұқсан келтіретін әрекеттеріне шағым жасауға; 8) сот сараптасын жүргізу кезінде келтірілген шығындарға өтем және егер сот сараптамасын жүргізу өзінің лауазымдық міндеттерінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар. Сот сарапшысының заңмен көзделген өзге құқықтары да болады. 1) қылмыстық процесті жүргізуші органды, сотты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органды (лауазымды адамды) хабардар етпестен, сот сараптамасын жүргізуге байланысты мәселелер бойынша процеске қатысушылармен келіссөздер жүргізуге; 2) зерттеу үшін материалдарды дербес жинауға; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) егер сот сараптамасын тағайындаған органның (адамның) оған арнайы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соғуы мүмкін зерттеулер жүргізуге; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) сот сараптамасын тағайындаған органды (адамды) қоспағанда, сот сараптамасының нәтижелері туралы кімге де болсын хабарлауға құқылы емес.
19-бап. Сот сарапшысының міндеттері Сот сарапшысы: 1) қылмыстық процесті жүргізуші органның, соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуінде жатқан органның (лауазымды адамның) шақыруы бойынша келуге; 2) өзіне ұсынылған объектілерге жан-жақты, толық және объективті зерттеу жүргізуге, өзінің алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген жазбаша қорытынды беруге; 3) заңмен көзделген жағдайларда, қорытынды беруден бас тартуға, қорытынды берудің мүмкін еместігі туралы дәлелді жазбаша хабарлама жасауға және оны сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) жіберуге; 4) жүргізілген зерттеуге және берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша айғақтар беруге; 5) зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз етуге; 2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және сот сараптамасын жүргiзуге байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi, оның ішінде мемлекеттік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтердi жария етпеуге; 7) сот сараптамасын тағайындаған органға (адамға) сот сараптамасын жүргізу кезіндегі шығыстардың сметасын және келтірілген шығыстар туралы есепті табыс етуге міндетті.
2013.02.07. № 113-V ҚР Заңымен 20-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 20-бап. Сот сараптамасы органдары Сот сараптамасы органдарына: 2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) |