Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы (2024.12.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2018.04.12. № 470 бұйрығымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
ҚР Энергетика министрінің 2022.22.01. № 22 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 18) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына және 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Энергетика министрінің 2018.04.12. № 470 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын қалыптастыру қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|