Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығы (2017.28.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 4 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңы 6-бабының 18) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібін дамыту департаменті: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Энергетика министрінің 2014 жылғы 22 қазандағы № 68 бұйрығымен бекітілген
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспарын жасау қағидалары
1. Жалпы ережелер
ҚР Энергетика министрінің м.а. 2017.28.07. № 262 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|