Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағаларды бекіту туралы (2017.07.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 390 бұйрығымен күші жойылды
«Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 3-2-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының Патент заңы» туралы 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-1-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны іске асыратын жұмыстарға және қызметтерге бағалар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаменті: 1) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) аталған бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын; 3) аталған бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін. 3. Аталған бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімоваға жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев 26 желтоқсан 2014 жыл
ҚР Әділет министрінің 2015.26.05. № 294 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.07.06. № 692 бұйрығымен (бұр.ред.қара) бағалар жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 368 бұйрығымен бекітілген
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|